Search Results

Now showing 1 - 6 of 6
  • ItemOpen Access
    Әдеби шығарманың құрылымдық сипаты
    (Suleyman Demirel University, 2009) Еркінбаев Ұлан
    Мақалада Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі әдеби шығарманың құрылымдық элементтері қарастырылады. Әдебиет түсінігі кең мағынада «сөз өнерінен жасалған нәрсе» ретінде түсіндіріліп, шығарманың сыртқы және ішкі құрылымдық белгілері: тақырыбы, жоспары, мазмұны және түрі талданады. Тақырып авторлық пікірге сәйкес анықталып, шығарманың негізгі идеясын білдіреді. Жоспар шығарманың логикалық реттелуін көрсетсе, мазмұн тек құрылымдық қызметімен сипатталады. Ғалым әдебиетті тек мәтін ретінде емес, сөз өнерінің тарихи жолымен қалыптасқан рухани құндылық ретінде қарастырады.
  • ItemOpen Access
    Қатысым қағидаларының ұлттық көрінісі
    (Suleyman Demirel University, 2012) Мұхамади Қ.Т
    Қазақ халқы – сөйлеуге, тіл арқылы ұғынысуға, түсінісуге және сол арқылы тыңдаушысына ықпал етуге ерекше көңіл бөлген, сөз өнерін аса жоғары бағалаған халық. Қазақ тілінің ең басты ерекшелігі де, қасиеті де осында болса керек. Қазақ халқы тіл өнерін «Өнер алды – қызыл тіл» деп өнер атаулының алдына шығаруы да тегін емес. Өйткені қазақ «Тіл – көңілдің айнасы» деп біледі. Халық даналығында да бұл ұғым жиі көрініс табады: «Қызыл тіл – жанның мәйегі, абырой – ердің қуаты», «Көңіл көзін сөз ашар, сөйлемесе кір басар», «Тіл – ақылдың көрінісі, бірліктің кілті», «Тіл – ақылдың өлшемі» – деп ұғады. Қарастырылып отырған «қатысым» сөзі сөздік қордағы «қатыс», «қатысу» сөздерінің негізінде алынған. Қазақ «бір-бірімізбен араласпай қалдық, байланыспай қалдық, арамызда қарым-қатынас үзілді» деген ұғымды білдіргісі келгенде «қатыспай қалдық» дейді. Демек, «қатыс» – біріншіден, қазақтың байырғы сөзі, екіншіден, «байланыс, қатынас» сөзінің баламасы. Ал оған жалғанған «-ым» жұрнағы арқылы жасалған «қатысым» сөзі адамдардың тіл арқылы бір-бірімен түсінісу, пікірлесу, ой алмасу кезіндегі жалпы қойылатын талаптар мен заңдылықтарды білдіреді.
  • ItemOpen Access
    Қазақ халық ауыз әдебиетінің ерекшеліктері мен қалыптасу кезеңдері
    (Suleyman Demirel University, 2012) Нұрпейсова Ж.Ә
    Қазақ халқының ауыз әдебиеті – халқымыздың сан ғасыр бойы жасаған рухани әрі мәдени-тұрмыстық мұрасы. Зерттеуіміздің мақсаты – фольклордың пайда болуы туралы пікірлерді қарастыру, фольклордың жанрлары мен түрлері жөнінде мағлұмат беру, қазақ фольклорының қалыптасу кезеңдерімен таныстыру, сондай-ақ қазақ фольклорының зерттелу тарихы мен фольклортану ғылымының өткен ғасырларда қалыптаса бастауы жайында мәлімет ұсыну. Ауыз әдебиеті – халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар «ауыз әдебиеті» деп атаған. Сонымен қатар ғылым мен мәдениетте «халық шығармашылығы», «халық поэзиясы» деген атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.
  • ItemOpen Access
    «Әдебиет танытқыштың» бүгінгі әлем әдебиеттану ғылымындағы орны
    (Suleyman Demirel University, 2014) Ұ.ЕРКІНБАЙ
    Бүгінде қайта жаңғырған ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялыларының еңбектері қазақы танымдық кеңістік пен ұлттар тарихы жӛніндегі әлемдік мәдени контекстке де үлкен үлес қосып отыр. Мұның бір ғана мысалы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының 1926 жылы Қызылорда қаласында баспа бетін көрген «Әдебиет танытқышын» айтуға болады. «Әдебиет танытқыш» бүгінде қазақ әдебиеттану ғылымының классикалық мұрасына айналды
  • ItemOpen Access
    Қажым Жұмалиев – әдебиеттанушы ғалым және жазушы
    (Suleyman Demirel University, 2008) Темірхан Сақаұлы
    Бұл мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілі, ғалым, ақын, жазушы, ұстаз Қажым Жұмалиевтің ғылыми және шығармашылық мұрасы жан-жақты талданады. Автор Қ. Жұмалиевтің фольклор поэтикасы, әдебиет тарихы, әдеби сын және әдебиет теориясы бағыттарындағы еңбектерінің қазақ әдебиеттануының қалыптасуындағы маңызын айқындайды. Ғалымның «Қазақ әдебиеті тарихы», «Әдебиет теориясы», «Стиль – өнер ерекшелігі» сияқты еңбектері қазақ фольклоры мен көркем шығармаларды тарихи-теориялық тұрғыдан зерделеудің жаңа бағыттарын қалыптастырғаны көрсетіледі. Сондай-ақ Қ. Жұмалиевтің қазақ эпосын, батырлық жырларды, тарихи поэмаларды зерттеу арқылы ұлттық сөз өнерінің көркемдік жүйесін дамытудағы рөлі талданады. Мақалада оның әдеби стиль мен авторлық даралық жөніндегі көзқарастары мен әлем әдебиетінің классикалық дәстүрлерімен сабақтастығы айқындалады.
  • ItemOpen Access
    Ұлттық сөз өнеріндегі тындаушы және орындаушы категориялары
    (Suleyman Demirel University, 2013) Адиева П
    Жыр бастамас бұрын халық пен жырау арасында диалог болады деген сөз. Халык кандай жырды тыңдағысы келетінін де кейде айтып қалады. Өз руының батырларын, жасаған ерліктері туралы да жыр тыңдағысы келсе, жыршы немесе, жырауға өтініш білдіреді. Бұның бәрі рухани салтанаттЫЛЫҚТЫ туғызу барысындағы дәнекер орындаушының дайындығы. Тыңдаушысының айызын қандырып көңіл-күй салтанатын ояту үшін ол нағыз халықтың көңілінен шығатын жырларды таңдайды. Өздері айтатын жырлардың ерекше қасиетін жақсы білетін жыраулар ең алдымен тыңдаушысын сол жырларды жалықпай қызыға тыңдауға дайындап біраз кызыктырып, кұнықтырып алады. Содан кейін барып жырау ұзак желілі жырын бастап оны үзбей, бузбай ұзақ таңға жырлауына болады. Жыршы мен жыраудың арасындағы негізгі байланыстың тууына, әрине, жыр себепші болады. Жырдың ұрпақтан ұрпаққа ұмытылмай жетуі, осы "диалогты туғызушы тұлға" орындаушы екендігін, оған осылай шартты ұғым беретінін нақты ғылыми тұжырымдармен дәлелденді. Мақалада осы үш эстетикалық категория (жыршы-тыңдарман-орындаушы) арасындағы шығармашылык байланысты біршама зерттей келіп, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендіктері анықталады.