4 results
Search Results
Now showing 1 - 4 of 4
Item Open Access Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері(2022) Муслманбекова Н.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 27 кесте, 10 сурет, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде субмәдениет ұғымына отандық және шетелдік ғалымдардың анықтамасының негізінде түсініктеме беріледі. Субмәдениеттің шығу себебі, пайда болуы және жастарға тигізер әсері айтылады. Статистикалық зерттеу нәтижелері мен 6-І! сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде ҚР субмәдени топтар анықталады. Субмәдениеттің оқушылардың тілдік тұлғасына әсері қарастырылып, мәектеп оқушысының тілдік моделі жасалды. Оқушылардың сөз мәдениетін қарастырудағы субмәдениеттің рөлі анықталады. Оқушылардың арасындағы танымал «ОРОР», «геймерлер» және «аниме» субмәдени топтарына анықтама беріліп, сол субмәдениеттің өкілдерінің тілдік тұлғасы талданады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде таңдалып алынған үш субмәдени топтың сөздік қоры жасалады. Оқушылардың тілдік тұлғасына субмәдениеттің кері әсерімен күресудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылады. Шетел ғалымдарының субмәдениеттің алдын алу және оқушылардың тілдік тұлғасын көтеру бойынша жүгізген зерттеу жұмыстары негізге алынады. Әдістің тиімділігін дәлелдеу барысында жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижесі жасалады. Нысанға алынған фокус топтағы оқушылардың нәтижелері жазылып, әдіске кері байланыс беріледі. «Сөйле» тіл клубының аясында жасалған жұмыстар және олардың тигізген пайдасы талданады. Оқушылардың сөз мәдениетін көтеру және субмәдениеттің кері әсерлерінің алдын алу мақсатында «Сөз шебері» факультатив сабағы жасалып, сабақты тиімді өткізу мақсатында бірінші сабақтың үлгісі беріледі. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде субмәдениетпен күресу мақсатында тек қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ғана емес, барлық пән күресу керегі аталып өтеді. Оқушылардың тілдік тұлғасын қарапайым деңгейден орта деңгейге көтеру аталып өтеді. Ұсынылған әдістердің тиімдігі, салдарымен емес, себеппен күресудің маңызы айталады.Item Open Access СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Дүйсебекова М.Ж.; Муслманбекова М.Н.Аңдатпа Мақалада субмәдениет және тілдік тұлға ұғымдарына анықтама беріледі. Тілдік тұлға – сол елдің тілі мен мәдениетін тұтынушы адам екені айтады. Н. Уәлидің «Тіл экологиясы» мақаласында бөлген тілдік тұлғаның 4 түрі көрсетіледі. Алайда қазіргі жастардың тілдік тұлғасы ең төменгі деңгейден аспай тұрғаны негізгі мәселе ретінде көтеріледі. Тілдік тұлғаға әсер етуші факторларды «микро» және «макро» деңгейдегі факторлардеп көрсетіп, әсер етуші фактордың бірі ретінде – субмәдениетті аталады. Мақалады субмәдениеттің тілдік тұлғаны қалыптастыруда қалай кері әсерін беріп жатқаны, мәдениет пен қатар жастар тіліне әсері мысалмен беріледі. Субмәдени топтардың бірінің тілдік тұлғасы ашылып, қалай әсер еткені мен әсер етуші траекториясын мақалада мысалмен анықтап көрсетеді.Item Open Access ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ БОЛАШАҚ ТІЛШІ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ(СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Ж.М. ДуйсебековаАңдатпа. Тілшілердің қолына «сөз» атты ұлы құрал берілгендіктен, оларды төртінші билікке теңестіреміз. Тілшілер – белгілі бір қоғамның ойын, өзіндік ұстанымын қалыптастыруға қауқары жететін мамандық иегерлері. Сондықтан да олардың сөйленген әрбір сөзі, жасаған әрбір сөзі жіті қадағаланып отыруы тиіс. Әсіресе, тілшілер айтатын ойын дұрыс әрі сауатты жеткізе білуге машықтануы керек. Ол үшін болашақ тілшілерді дайындап отырған әрбір жоғары оқу орны өзінің алдына білікті маман даярлап шығару міндетін қойғаны абзал. Мақалада болашақ тілшілердің шешендік қабілетін дамытуға бағыттала отырып жүргізілген жаттығулардың нәтижелері берілген. Тәжірибе нәтижесі Сулейман Демирель Университетінің «Журналистика» мамандығының 2-курс студенттерінің негізінде алынды. Жүргізілген жаттығу жұмысы болашақ тілші тұлғасының қалыптасуына оң ықпалын тигізетіні анықталды.Item Open Access МЕДИАКЕҢІСТІКТЕГІ СӨЗЖҰМСАМНЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Suleyman Demirel University, 2014) Тілегенова АрайлымМақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы адресант пен адресат арасындағы байланыс, газет мәтінін түзуде қолданылатын түрлі прагматикалық мәселелер қарастырылады. Сөз мәдениеті – әдеби тілдің ауызша түріне тән нормаларын игеру, тілдік амалтәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді бірнеше рет қайталау, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын орынсыз араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялық, орфографиялық, синонимдік т. б. арнаулы сөздіктерді пайдалана білудің манызы зор