2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Дүйсебекова М.Ж.; Муслманбекова М.Н.Аңдатпа Мақалада субмәдениет және тілдік тұлға ұғымдарына анықтама беріледі. Тілдік тұлға – сол елдің тілі мен мәдениетін тұтынушы адам екені айтады. Н. Уәлидің «Тіл экологиясы» мақаласында бөлген тілдік тұлғаның 4 түрі көрсетіледі. Алайда қазіргі жастардың тілдік тұлғасы ең төменгі деңгейден аспай тұрғаны негізгі мәселе ретінде көтеріледі. Тілдік тұлғаға әсер етуші факторларды «микро» және «макро» деңгейдегі факторлардеп көрсетіп, әсер етуші фактордың бірі ретінде – субмәдениетті аталады. Мақалады субмәдениеттің тілдік тұлғаны қалыптастыруда қалай кері әсерін беріп жатқаны, мәдениет пен қатар жастар тіліне әсері мысалмен беріледі. Субмәдени топтардың бірінің тілдік тұлғасы ашылып, қалай әсер еткені мен әсер етуші траекториясын мақалада мысалмен анықтап көрсетеді.Item Open Access ӘЛЕУМЕТТІК ТОП РЕТІНДЕ ЖАСТАР: ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ БАҒДАРЛАРЫ(Suleyman Demirel University, 2016) Мусабеков М.Н.Мақала да қаралған мәселелер легі белгіленген принципке негізделген әлеуметтік идеал тұрғысынан алғанда, адамның бірден ересек болып, сонымен қатар осы қоғамға қажетті қасиеттерінің және қабілеттерінің жиынтығымен туылғандығы тиімді. Бірақ, табиғи заңдылық шеңберінде бұндай параметрлер жоқ. Тұлға туылады, өседі және осы қоғамның тұрғысынан, қоғамның толыққанды мүшесі болмас бұрын уақыттың белгілі бір кезеңінен өтеді. Сондықтан да жас стратификациясының мәні – биологиялық және әлеуметтік мәдени дамудың әртүрлі деңгейлеріндегі жеке адамдар қандай да бір әлеуметтік міндеттерді орындау қабілеті мен дайындығы жағынан ерекшеленуінде екендігі сөзсіз. Осы қатынаста жеке адамдардың биологиялық және әлеуметтік жетілу мерзімі – әлеуметтік кәмелеттік жасқа толу уақытымен, іс жүзінде немесе құқықтық неке жасының белгіленген дәстүрімен (алғашқы қауымдық құрылыста және дәстүрлі қоғамда) немесе заңымен (батыс қоғамдарында) анықталады. Осы байланыста, бір жағынан, табиғи (биологиялық) ерекшеліктердің негізінде, бір қырынан алғанда, әртүрлі жас топтарының әлеуметтік регламенттелген ұйғарымының негізінде мінез-құлқының және әрекеттерінің (әлеуметтануда әлеуметтік рөлдер деп аталады) белгілі бір қызметтері мен қабілеттері ұсынылады. Сонымен қатар, мәселе физиологиялық жастық туралы ғана емес, бұл тұста жыныстық-жастық, топтық және олардың өзіндік биоәлеуметтік ерекшеліктері мен дүниеауи таным-түсініктері де ескерілуі қажет тұстар қаралған.