Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Валибаева Н.
    Мақалада мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Мәтінді көп өлшемді зерттеу, оны прагматикалық талдау автор мен оқырманның өзара әрекеттесуін ашады. Прагматикалық мәтіндерді қолдана отырып, тілді оқытудың тиімділігі мен оң тәжірибесі әртүрлі зерттеулерде дәлелденген. Ол адресаттың берген ойын жан-жақты талдап, толық қабылдап іске асыруға мүмкіндік береді. Прагматикалық талдау әдісі көркем шығармаларға да, баспасөз мақалаларына да толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мәтінді прагматикалық тұрғыдан талдай алатын оқушы оны құрастыруға да қабілетті болады. Яғни бұл оның шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік беріп, оны жан-жақты дамытуға да пайдасы мол. Бұл мақалада мәтінді прагматикалық талдаудың маңыздылығын толықтай ашып және оларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер беріледі. Бұл талдау әдісін мектеп оқушыларына үйрете отырып, олармен мектеп бағдарламасында берілген көркем мәтіндермен жұмыс істеу, оқушылардың өздеріне дайын прагматикалық мәтін құрастыра алуды үйрету – бұл жұмыстың негізгі мақсаты.
  • ItemOpen Access
    ЖАҢАЛЫҚТАР МӘТІНДЕРІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ГЕНДЕРЛІК АСПЕКТІДЕ
    (Suleyman Demirel University, 2016) Жолшаева М.С, Қамза Ж.Б.
    Қазіргі уақытта газет басылымдары мен радиотелевидениялық бағдарламалар бұл ақпараттық материалдар. Ақпараттық жанр басқалардан айырмашылығы - тез және қысқа материалдар. Бұл және репортаждық жанрғада қатысы бар. Корреспондент репортажында ақпаратты еш өзгеріссіз жеткізуге тырысады. Бұл жанрда біз корреспонденттің көзқарасын, эмоцияларын және көңіл күйін көре аламыз. Әрқайсысының өзіндік лингвистикалық айырмашылықтары бар. Біздің мақсат ер және әйел адамдардың жаңалық тексттеріндегі тілдік айырмашылықтарын табу. Бұл мақсатпен негізгі объект болып бірнеше ұлттық арналардың жаңалық бағдарламалары алынды.
  • ItemOpen Access
    СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
    (Suleyman Demirel University, 2015) Жолшаева М.С.
    Қазіргі кезде лингнвистикада тілдік құбылыстарды жүйелі-құрылымдық тұрғыдан қарастыруды семантика, синтактика және прагматиканың категорияларына негіздеп, коммуникативтік тұрғыдан қарастыра отырып зерттеу алмастырып келеді. Коммуникативтік тұрғыдан зерттеуге сәйкес кез келген тілдік бірлік оның мазмұнының басқа тіл бірліктерімен өзара байланыстылығы, "сөйлеуші" мен "тыңдаушы" тараптардың сөйлеу актісіне қатысуы жағынан талданады. Мұны лингвистикалық зерттеулердегі жаңа бағыт деп санауға болады. Өйткені мұнда тілдік бірліктерді коммуникация үдерісіндегі сипаты, коммуниканттың тілдік қолданыстардағы рөлі, тіл қызметіндегі адам факторының орны сияқты мәселелер осы зерттеулердің өзегін құрайды. Лингвистикалық зерттеулердің мұндай бағытта жүргізілуі синтаксистегі бірқатар мәселелерді шешуде маңызды сипатқа ие болып келеді. Мақалада қазақ тіліндегі коммуникативтік талапқа сай ұйымдасқан сөйлемнің түрлері талданды.
  • ItemOpen Access
    СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ
    (Suleyman Demirel University, 2015) Жолшаева М.С.
    Қазіргі кезде лингвистикада тілдік құбылыстарды жүйелі-құрылымдық тұрғыдан қарастыруды семантика, синтактика және прагматиканың катеорияларына негіздеп, коммуникативтік тұрғыдан қарастыра отырып зерттеу алмастырып келеді. Коммуникативтік тұрғыдан зерттеуге сәйкес кез келген тілдік бірлік оның мазмұнының басқа тіл бірліктерімен өзара байланыстылығы, «сөйлеуші» мен «тыңдаушы» тараптардың сөйлеу актісіне қатысуы жағынан талданады. Мұны лингвистикалық зерттеулердегі жаңа бағыт деп санауға болады. Өйткені мұнда тілдік бірліктерді коммуникация үдерісіндегі сипаты, коммуниканттың тілдік қолданыстардағы рөлі, тіл қызметіндегі адам факторының орны сияқты мәселелер осы зерттеулердің өзегін құрайды. Лингвистикалық зерттеулердің мұндай бағытта жүргізілуі синтаксистегі бірқатар мәселелерді шешуде маңызды сипатқа ие болып келеді. Мақалада қазақ тіліндегі коммуникативтік талапқа сай ұйымдасқан сөйлемнің түрлері талданды.