СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2015

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Қазіргі кезде лингнвистикада тілдік құбылыстарды жүйелі-құрылымдық тұрғыдан қарастыруды семантика, синтактика және прагматиканың категорияларына негіздеп, коммуникативтік тұрғыдан қарастыра отырып зерттеу алмастырып келеді. Коммуникативтік тұрғыдан зерттеуге сәйкес кез келген тілдік бірлік оның мазмұнының басқа тіл бірліктерімен өзара байланыстылығы, "сөйлеуші" мен "тыңдаушы" тараптардың сөйлеу актісіне қатысуы жағынан талданады. Мұны лингвистикалық зерттеулердегі жаңа бағыт деп санауға болады. Өйткені мұнда тілдік бірліктерді коммуникация үдерісіндегі сипаты, коммуниканттың тілдік қолданыстардағы рөлі, тіл қызметіндегі адам факторының орны сияқты мәселелер осы зерттеулердің өзегін құрайды. Лингвистикалық зерттеулердің мұндай бағытта жүргізілуі синтаксистегі бірқатар мәселелерді шешуде маңызды сипатқа ие болып келеді. Мақалада қазақ тіліндегі коммуникативтік талапқа сай ұйымдасқан сөйлемнің түрлері талданды.

Description

Keywords

Парцелляция, синтаксистік бірліктер, толымсыз сөйлемдер, прагматика, функционалды-коммуникативтік аспект

Citation

СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ, Жолшаева М.С., ф.ғ.д., доцент, 2015