6 results
Search Results
Now showing 1 - 6 of 6
Item Open Access КОМПЬЮТЕРЛІК ЛИНГВОДИДАКТИКА: ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАЗАЛЫҚ ҰҒЫМДАРЫ(SDU University, 2023) Шарипбекова Д.Т.Аңдатпа. Мақалада тілді оқыту үрдісіне компьютерлік технологияны ендірудің қазіргі қалпын зерттеу көзделеді. Қолданбалы тіл білімінде жаңа бағыттың – компьютерлік лингвистиканың пайда болғанын теориялық тұрғыда айқындаумен қатар, жасанды интеллекет жүйесін, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігін алға тартады. Тарихи жүйе ретінде қалыптасқан табиғи тілдер адамдардың өзара қарым- қатынасына қызмет етсе, жасанды тіл де адам-машина, машина-машина, машина-адам қарым-қатынасы үшін жасалғандығын дәлелдегісі келеді. Лингвистика ғылымынсыз жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, күрделі адам- машина кешені қызметінің тиімділігін арттыру мүмкін емес екендігі әдістемелік тәжірибелер негізінде анықталған.Item Open Access Сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдері(2022) Сырғабекова С.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Создің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынағын оқыаудың әдіс-тәсілдері» Диссертация жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертация жұмысының көлемі: 78 бет, 7 сурет, 19 кесте, 12 сызба зерттеу барысында 50 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасына жалпы сипаттама» деп атап, сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын ажырату оның жасалу әдіс-тәсілдерін оқытудың лингвистикалық, дидактикалық негіздерін сараптадық. Ауыспалы және лексикалық мағына туралы түсініктеме бере отыра, тиімді әдістермен сабақ өтуде аталған аспектілер негізінде теориялық түсініктемелер жасалды. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдарының еңбектері шолу жасап, теориялық бөлімді жүйелі тұжырымдадық. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдары: А.Айғабылов «Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті», И.Ұйықбаев «Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері», Виноградов В.В. «Лексикология и лексикография», Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева «Жаңаша оқыту - заман талабыСағындықұлы Б. «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология». І-бөлім, Таубаева ШІ, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. «Педагогика», Берикханова А.Е. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе». т.б. еңбектер қарастырылып, жүйелі тұжырымдар жасалды. Қазіргі мектеп бағдарламасында сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдерін оқытудың тиімді жолдары, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде сабақ барысында көптеген заманауи оқыту әдістерін қолдану, оқушылардың лексикалық талдау жасау қабілеттері, ситуациялық жағдаяттарды талқылаудағы шығармашылықтанымдық артықшылықтар мен нәтижелері ұсынылды. Ұсынылған әдістәсілдердің тиімділігін анықтау үшін практикалық сабақтар мен әртүрлі ой сергектер, психологиялық ахуал тудырушы тапсырмалар беріліп, нәтижелері талданды. 22 Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар оқушының жаңа деңгейге көтерілуіне, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, тақырыпты жетік меңгеруіне, жалпы лексикологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы жазылған.Item Open Access Негізгі мектеп математикасын оқыту барысында оқушылардың білім алуға деген мотивациясы(2020 International Young Scholars, 2020) Сайлаубаева А.Б.Андатпа: Қазақстанның білім беру жүйесі бойынша оқушы 11 немесе 12 жыл мектепте оқиды. Соның ішіндегі ең маңызды және ұзақтығы бойынша негізгі мектеп дей айталамыз, өйткені негізгі мектеп- білім жүйесінің басты буыны болып табылады. Математика негізінен оқушылар үшін күрделі сабақтардың бірі болып табылады, сонымен қатар негізгі мектептің 7 сыныбында математика: алгебра және геометрия болып бөліне бастайды, яғни бұл оқушылардың математика сабағын оқудағы мотивациясын не түсіру, не жоғарталу факторы болу мүмкін. Сондықтан осы уақытта оқушыға мотивация бере алу өте маңызды. Бұл мақалада мотивация сөзі жайлы, мотивацияның туа бітетін немесе жандандыруға болатын қасиет пе, мотивацияның түрлері, мотивацияның оқу барысындағы рөлі, оқу барысында оқушыларды қалай ынталандыруға және ынтасын көтеруге болатыны жайлы айтылады.Item Open Access ОРТА МЕКТЕПТЕ ПЛАНИМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) А.Х. Орынбасарова; А.Е. НуралиеваАңдатпа. Бұл еңбекте орта мектепте планиметрияны оқытудың әдістемелік мәселелері, ғылыми методологиялық негіздері қарастырылады. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз – оқытуға арналған материалдың мазмұнын таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы; оқытуға автоматтандырылған оқыту бағдарламаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпараттық орта жасау және барлық танымдық процестердің өзара байланысып, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара білу болып табылады. Орта мектепте планиметрияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар тобына жататындықтан педагогикамен тығыз байланыста бола отырып, оның ұғымдарын, принциптері мен ережелерін басшылыққа алады. Яғни, педагогиканың білім беру және оқыту теориясы – дидактиканың жетістіктері планиметрияны оқыту әдістемесінің дамуына немесе планиметрияны оқытудың әдістемелік мәселелерінің зерттеу нәтижелері педагогикалық теорияны нақтылауға, жетілдіруге игі әсерін тигізеді.Item Open Access АЙТЫС АРҚЫЛЫ ЖАС БУЫННЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАУ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б.Д. Керімбекова; А.Ж. ИбрагимовАңдатпа. Мақалада қазіргі айтыс өнерінің тәрбиелік мәні қозғалады. Айтысты жастарға оқытудың тиімділігі және ұлттық өнердің дәріптелеуі сөз болды. Айтыс туралы ғалымдардың тұжырымдарына талдау жасалды. Ақындардың қоғамдағы рөлі, олардың шығармашылығының маңызы қарастырылды.Item Open Access Педагогикадағы жаңа технологиялар: теориялық негіздері мен даму бағыттарына жалпы шолу(Suleyman Demirel University, 2012) Т. УалиеваМақалада қазіргі заманғы педагогикадағы жаңа технологиялардың мәні, мазмұны және білім беру жүйесіндегі орнына жалпы шолу жасалады. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және ақпараттық өзгерістердің білім беру саласына ықпалы қарастырылып, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін реформалау үдерісінің негізгі кезеңдері мен нормативтік-құқықтық негіздері талданады. Автор педагогикалық технология ұғымының ғылыми-педагогикалық мазмұнын ашып, дәстүрлі оқыту жүйесі мен заманауи, жеке тұлғаға бағдарланған технологиялардың ерекшеліктерін салыстыра сипаттайды. Сонымен қатар педагогикалық технологиялардың құрылымы, типтері және оларды оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың тиімділігі көрсетіледі. Мақалада жаңа педагогикалық технологияларды енгізудің негізгі мақсаты – білім алушыны оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде қалыптастыру, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту және үздіксіз білім алуға бейімдеу екені негізделеді.