Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    КОМПЬЮТЕРЛІК ЛИНГВОДИДАКТИКА: ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ БАЗАЛЫҚ ҰҒЫМДАРЫ
    (SDU University, 2023) Шарипбекова Д.Т.
    Аңдатпа. Мақалада тілді оқыту үрдісіне компьютерлік технологияны ендірудің қазіргі қалпын зерттеу көзделеді. Қолданбалы тіл білімінде жаңа бағыттың – компьютерлік лингвистиканың пайда болғанын теориялық тұрғыда айқындаумен қатар, жасанды интеллекет жүйесін, жасанды тілдер үлгілерін құру қажеттілігін алға тартады. Тарихи жүйе ретінде қалыптасқан табиғи тілдер адамдардың өзара қарым- қатынасына қызмет етсе, жасанды тіл де адам-машина, машина-машина, машина-адам қарым-қатынасы үшін жасалғандығын дәлелдегісі келеді. Лингвистика ғылымынсыз жасанды тілді жетілдіру, сонымен бірге адамның компьютермен табиғи тілде қарым-қатынас жүйесін жасау, күрделі адам- машина кешені қызметінің тиімділігін арттыру мүмкін емес екендігі әдістемелік тәжірибелер негізінде анықталған.
  • ItemOpen Access
    БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ МӘТІН АРҚЫЛЫ МӘДЕНИТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Әбілда Ұлбала
    Аңдатпа. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Заман талабына сай білім беру жүйесі де өз алдына мақсат қойды. Ол өз ойы бар, барлық құзыреттіліктерді меңгерген, сауатты, психологиялық негіздерге сай білім алған, дүниетанымы кең, еркін ойлы тұлға дайындау. Соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, таным көкжиегін дамыту мақсатында «мәденитанымдық құзыреттілік» ұғымы жиі қолданылуда. Мәдениеттанымдық құзыреттілігі қалыптасқан, жетілген тұлға әрдайым сұранысқа ие. Оқыту процесінде оқушының қабылдауына, зейініне, танымына, түсінуіне мән берілу қажет. Мәденитанымдық мәтіндер арқылы баланы оқытудың мәні өте зор. Мәтін арқылы оқушылардың мәденитанымдық құзыреттілігі қалыптасатыны мақалада дәлелденіп отыр. Оқушылардың мәтін арқылы мәденитанымдық құзыреттілігін арттырудың психологиялық негіздері мақалада тереңірек қарастырылады
  • ItemOpen Access
    ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А.Т. Әбілда
    Аңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.