2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МӘСЕЛЕСІ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Ш.Л. ЕрхожинаАңдатпа. Мақалада студенттердің оқу-танымдық мәселесі және оны қалыптастыру құзыреттілігі сөз болады. «Таным», «оқу-танымдық ісәрекет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мәнін ашудан бастап, олардың бір-бірімен өзара байланысы анықталды. Білімгердің танымдық белсенділігін айқындайтын белгілер, дамыту тиімділігін көрсететін жетекші факторлар,оқу-танымдық құзыреттілік талаптарықарастырылды. Ғалымдардың тұжырымдарын саралай келе, студенттердің оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесіндегі қамтылатын білім, білік, дағдылар нақты айқындалды. Авторлардың пікірінше, оқу-танымдық құзыреттілік қалыптастыру негізінде студент белгілі білім негізін игеру барысында ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерін; саланың ғылыми әдістерінің шегарасын; зерттеудің ғылыми білімінің жүйесін; іргелі және қолданбалы зерттеудің негізгі бағыттары мен перспективаларын білуі қажет. Білімалушы өзіндік талдаулар жасай алатын, қорытынды жасай білетін, ойлау дербестігі, логикалық, жүйелі ойлауын дамытқан құзыретті тұлға ретінде қалыптасады.Item Open Access ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Лесбекова Ұ.М.Аңдатпа. Мақалада қазіргі білім берудің жаңа технологияларын қолдану мен білімалушылардың тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі сөз болады. Білім беру талаптарының мазмұнының өзгергені және оны орындаудағы педагог қауымының міндеттері де талданады. Оқушылар мен студенттердің білім сапасын жақсартуда маңызды деген интербелсенді әдістер туралы ғалымдар пікірлері мен тұжырымдарына талдау жасалады. Жаңа технологияларға деген заманауи көзқарас негізінде сараптама жүргізілді. Жалпы педагогтардың өз білімін жетілдіруі мен кәсіби маман болудағы өз тәжірибелеріне ендіруге болатын, тиімділігі бар интербелсенді әдістерге шолу жасалды.