7 results
Search Results
Now showing 1 - 7 of 7
Item Open Access Ұйым персоналының қызмет нәтижесін талдау және бағалау(SDU University, 2025) Сапарбек Кобеш; Нағашбек Елдос; Сағатұлы Мурат; Маулимов Ерлан; Туракулов УмитЗерттеудің өзектілігі – дәстүрлі, сирек және көбіне формальды бағалау рәсімдерінің орнына қызметкерлердің тиімділігін құндылыққа негізделген және үздіксіз кері байланысқа сүйенген заманауи тәсілдермен бағалау қажеттілігінен туындайды. Адами капитал бәсекелестіктің негізгі факторы болғандықтан, бағалау жүйесін жаңғырту ұйымның ұзақмерзімді нәтижелілігі мен кадр тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Зерттеудің мақсаты – қызмет нәтижесін бағалау жүйесін құндылыққа негізделген заманауи әдістер арқылы жетілдіру жолдарын айқындау. Ғылыми жаңалық – құндылықтарға негізделген бағалау қағидаттарын Қазақстан контекстіне бейімдеп, дәстүрлі көрсеткіштермен интеграцияланған жүйелік модель ұсыну; білім беру саласындағы эмпирикалық деректермен негіздеу. Теориялық және тәжірибелік маңыздылық – модель түрлі ұйымдарда бейімдеуге жарамды «жол картасын» береді; нәтижелер кадр тұрақтылығын, engagement деңгейін және ұйым мәдениетін нығайтуға бағытталған басқарушылық шешімдерге негіз болады. Шектеулер – уақыт пен іріктеме көлемі, субъективті жауаптар ықпалы, бюджеттік шектеулер.Item Open Access ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫ ОҚЫРМАНДЫҚ МОТИВАЦИЯСЫН КҮШЕЙТУ ЖОЛДАРЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) А.А.ИзенбаевАңдатпа. Біздің мақалада оқуға және зерттеуге арналған екі жұмыс түрі ұсынылған. Біріншісі - оқуға немесе оқуға арналған құнды шығармалар. Екіншісі - сыныптан тыс оқуға арналған тізім түрінде берілген шығармалар. Алайда мұғалімде оқушыларды мұнымен шектеп қана қоймай, тәрбиелік мәні бар жаңа шығармаларды таңдап, ұсынуға деген ұмтылыс бар. Сондықтан мектеп оқушыларының көркемдік талғамын және оқу дағдыларын дамыту үшін пән мұғалімі күнделікті сабақтарда сыныптан тыс оқуға көңіл бөліп, үнемі басшылық жасап, оны жүзеге асырудың жолдарын ойластырып, бұл үшін кең өріс құруы керек. Мақалада оқушылардың оқу деңгейінің біртіндеп жоғарылауы, оқылымның жүйелі дамуы, қарапайымнан күрделіге өту, оқушылардың әдеби және мәдени білімдерін жүйелеу және одан әрі терендету, оқу дағдыларын дамыту көзделген.Item Unknown Негізгі мектеп математикасын оқыту барысында оқушылардың білім алуға деген мотивациясы(2020 International Young Scholars, 2020) Сайлаубаева А.Б.Андатпа: Қазақстанның білім беру жүйесі бойынша оқушы 11 немесе 12 жыл мектепте оқиды. Соның ішіндегі ең маңызды және ұзақтығы бойынша негізгі мектеп дей айталамыз, өйткені негізгі мектеп- білім жүйесінің басты буыны болып табылады. Математика негізінен оқушылар үшін күрделі сабақтардың бірі болып табылады, сонымен қатар негізгі мектептің 7 сыныбында математика: алгебра және геометрия болып бөліне бастайды, яғни бұл оқушылардың математика сабағын оқудағы мотивациясын не түсіру, не жоғарталу факторы болу мүмкін. Сондықтан осы уақытта оқушыға мотивация бере алу өте маңызды. Бұл мақалада мотивация сөзі жайлы, мотивацияның туа бітетін немесе жандандыруға болатын қасиет пе, мотивацияның түрлері, мотивацияның оқу барысындағы рөлі, оқу барысында оқушыларды қалай ынталандыруға және ынтасын көтеруге болатыны жайлы айтылады.Item Open Access ВЛИЯНИЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЯ МЕТОДА ПЕРЕВЕРНУТОГО КЛАССА В СРЕДНЕЙ ШКОЛЕ(SDU University, 2025) Жанел Шайхы; Мейиржан Нұрланұлы; Самат МаксутовВ течение многих лет система школьного образования представляла собой лекционно-разъяснительную форму преподавания, при которой ответственность учителя ограничивалась обязанностями информатора и оратора. Но по мере развития нашего общества менялись и цели и стандарты системы образования. Время требует включения активных методов обучения и творческих педагогических вмешательств в школьную систему, чтобы способствовать развитию когнитивных навыков и навыков мышления более высокого порядка,и тем самым защитить учеников от немотивированного, инертного поведения. В данной работе исследуется влияние перевернутой методики обучения на мотивацию учащихся старшей школы по математике. Основная цель этой статьи - продемонстрировать эффективность перевернутого класса в улучшении показателей академической успеваемости учащихся, связанных, в частности, с мотивацией. Мы провели статистический анализ после отбора для эксперимента выборки из 26 старшеклассников. Взяв пре-тест и посттест, состоящий из 33 вопросов, от участников эксперимента, и проанализировав данные с помощью t-критерия, мы обнаружили, что уровень мотивации у девятиклассников значительно повысился. Эта статья убедительно демонстрирует, что стратегии, используемые в перевернутом классе, оказывают положительное влияние на отношение и мотивацию учащихся к предмету.Item Open Access АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ҚАРАСӨЗДЕРІ(Global Trends and Values in Education, 2020) Касимова А.Д.Түйіндеме. Абайдың рухани мұрасы: өлеңдері мен қарасөздері жайлы зерделеген өз ойларым мен зерттеушілік-ізденімдік тұжырымдарым талқыға салынды. Ақын қара сөздерінің адамгершілік, еңбек, білім алу, т.б. толғамды түйіндері мен философиялық көзқарастарына талдаулар жасалды. Қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындай көрсетіп, адам бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп, осыдан жиреніңдер деп өсиет еткен бабамыздың еркін ойлары мен өлеңдерінің зерттеулерде көп айтыла бермейтін аспектілерін талдауға қадамдар жасалды. Зерттеуші ғалымдардың Абай шығармалары туралы пікірлері салыстырыла зерделеніп, сілтемеге алына отырып, өзіндік пікірлермен синтезделіп отырды. Жас зерттеуші ретінде жұмысымызда ақынның талданған әрбір өлеңінің жаңа қырларын ашуға және өзіндік пайымдаулар тұрғысынан келуге, тұжырымдар бекітуге мол талпыныс жасалды.Item Open Access МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ БІЛІМ АЛУҒА ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) A. Сайлаубаева; И. Сайдалиева; K. Салиева; A. ЗайтжановаАңдатпа. Жалпы орта білім беретін мектептерде математика сабақтарын жүргізе жүріп біз байқаған мәселелердің бірі және бірегейі оқушылардың математика сабақтарында білімдерінің төмен болуы. Неге? Қалайша? Кім кінәлі? Немесе, не кінәлі? Әлде, математика пәндерінің мазмұны оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінен жоғары ма? Бір, екі ..... он, мүмкін жүз сұрақ... Біз, төменде осы сұрақтардың бәріне болмаса да бірнешеуіне, мүмкін ең негізгілеріне жауап іздеп көреміз. Және де осы мәселелер бойынша өз нұсқамызды ұсынамыз. Оқушылар бастарынан кешіріп отырған осы жағдайлардың қалай алдын алуға болады? Немесе, оқушылардың басындағы осы жағдайларды қалай жоюға болады? Біздің ойымызша мұнда екі жағдай бар: оқушыларда сыни ойлау қалыптастыру мен оларда математикадан функциональдық сауаттылық қалыптастыру. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының ғалымдарына, әдіскерлеріне сол сияқты, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.Item Open Access АБАЙДЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫ: ӨЛЕҢДЕРІ МЕН ҚАРАСӨЗДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2020) Касимова А.Д.Абайдың рухани мұрасы: өлеңдері мен қарасөздері жайлы зерделеген өз ойларым мен зерттеушілік-ізденімдік тұжырымдарым талқыға салынды. Ақын қара сөздерінің адамгершілік, еңбек, білім алу, т.б. толғамды түйіндері мен философиялық көзқарастарына талдаулар жасалды. Қазақ елінің өміріндегі кемшіл тұстарды айқындай көрсетіп, адам бойындағы жаман қасиеттерді жіпке тізіп, осыдан жиреніңдер деп өсиет еткен бабамыздың еркін ойлары мен өлеңдерінің зерттеулерде көп айтыла бермейтін аспектілерін талдауға қадамдар жасалды. Зерттеуші ғалымдардың Абай шығармалары туралы пікірлері салыстырыла зерделеніп, сілтемеге алына отырып, өзіндік пікірлермен синтезделіп отырды. Жас зерттеуші ретінде жұмысымызда ақынның талданған әрбір өлеңінің жаңа қырларын ашуға және өзіндік пайымдаулар тұрғысынан келуге, тұжырымдар бекітуге мол талпыныс жасалды.