3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access Қазіргі қазақ поэмаларындағы ізденістер(Suleyman Demirel University, 2011) Керімбекова БМақалада қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Серік Ақсұңқарұлының шығармашылығындағы көркемдік ізденістер, соның ішінде «Жарылғаптан қорқамын» поэмасының жанрлық, стильдік және эстетикалық ерекшеліктері қарастырылады. Автор поэманы «поэма-ирония» деп сипаттай отырып, дәстүрлі поэма түрінен өзгеше поэтикалық үлгі ұсынады. Зерттеу барысында поэманың сюжеті, лирикалық кейіпкердің рөлі, ішкі монолог пен еске алу тәсілі, иронияның көркемдік қызметі мен поэтикалық астары талданады. Ақынның өмірбаяндық элементтер арқылы жалпы адамзаттық сезімдерді жеткізуі қазіргі қазақ поэмасындағы жаңашылдық бағыттың көрінісі ретінде бағаланады.Item Open Access Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері(2022) Шомақ М.Б.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Лирикалық шығармаларды оқыту арқылы көркем образды таныту әдістері» Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 82 бет, 20 кесте, 16 тапсырма, 3 сызба бар, зерттеу барысында 52 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: лирикалық шығарма, лирикалық кейіпкер, мәнерлеп оқу, педагогикалық ұстаным. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығармаларды оқытудың зерттелу деңгейі, психологиялық. негіздері мен педагогикалық ұстанымдары қарастырылып, зерттелді. Жаңартылған білім мазмұнында оқу бағдарламасында берілген бірқатар лирикалық шығармалар қарастырылды. Лирикалық шығармаларды оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оған қойылатын талаптар көрсетілді. 6-сыныпта берілген лирикалық шығармаларға талдаулар жасалды. Сондай-ақ лирикалық шығармаларды 5-8 сыныптарда оқытуда көңіл бөлуді қажет ететін бірқатар мәселелер қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында лирикалық шығармалардың қамтылуы, лирикалық шығармалардағы көркем образдарды оқыту әдістері қарастырылды. Лирикалық шығармаларды оқытуға бағытталған эксперимент жүргізілді және ол зерттеу жұмысымызда кесте, сызба түрінде берілді. Жаңартылған білім мазмұнында оқу бағдарламасына енген лирикалық шығармалардың бірнешеуі талданды. Лирикалық шығармаларды оқытуға арналған тапсырмалар жасалып, кесте түрінде берілді. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың мақсатына сәйкес төмендегідей міндеттер атқарылды: -жалпы білім беретін мектептерде лирикалық шығармаларды оқытудың зерттелу деңгейі айқындалды; -лирикалық шығармаларды оқытудың психологиялық негіздері анықталды; -орта мектепте лирикалық шығармаларды оқытудың педагогикалық ұстанымдары нақтыланды; -жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында лирикалық шығармалардың қамтылуы сараланды; -лирикалық шығармалардағы көркем образдарды оқыту әдістері ұсынылды және лирикалық шығармаларды оқытуға бағытталған эксперимент нәтижелері талданды.Item Open Access Поэзиядағы лирикалық сабақтастық(Suleyman Demirel University, 2012) Қ. ҚалиеваМақалада қазақ поэзиясындағы лирикалық сабақтастық мәселесі Қасым Аманжолов пен Мұқағали Мақатаев шығармашылығы негізінде қарастырылады. Автор екі ақын поэзиясындағы рухани үндестік, тақырыптық және идеялық жалғастық, азаматтық пафос пен философиялық тереңдік мәселелерін талдайды. Қасым Аманжолов поэзиясының ұлттық поэзиядағы дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырудағы орны, оның Мұқағали Мақатаев поэтикасының қалыптасуына ықпалы айқындалады. Ақындар шығармаларындағы өмір мен өлім, мәңгілік, адам тағдыры, әділдік пен адалдық мәселелері лирикалық кейіпкер болмысы арқылы ашылады. Зерттеу барысында екі ақын поэзиясындағы көркемдік ерекшеліктер, стильдік ұқсастықтар мен айырмашылықтар салыстырмалы түрде талданып, қазақ лирикасындағы рухани сабақтастықтың мәні айқындалады.