2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «СҮЮ» КОНЦЕПЦИЯСЫ(СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ә.С. Сатанова; М.С. ОразбекАңдатпа. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ әдебиеті тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан жаңа ізденістерге барып, сапалық тұрғыдан біршама ілгері дамыды. Әлем әдебиеттерінде өз-өзіне қарсы, іштей қайшылыққа толы психологиялық жақтан өзгеше образдар әлемін бейнелеу 19-ғасырдан бастап орын ала бастағаны мәлім. Әсіресе, 20-ғасырдың басында Европа әдебиеттерінде модернистік әдебиетте көп кездесе бастады. Себебі, қоғамдық дағдарыс адамның рухани дағдарысына әкелді. Дегенмен, махаббаттың шесіз екендігі қаламгерлер шығармаларында кең көрініс болды. Студент Сатанова Әсел ғылыми мақаласының нысанасы ретінде жазушы –Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы «Сүю» концепциясы зерттеледі. Мағжан шығармалары лиризмге толы. Сүйіспеншілік тек анаға, Отанға, бауырға жарға өлшеусіз болатыны сияқты, алыстағы бауырға да ортақ екенін кең көрсетеді. Мағжан шығармаларындағы бұл концепцияны айқындау мақсатында зерттелген бұл мақала өзектілігі мен тың тақырып ретінде әлі де зерттеуді қажет етуге тиісті дүние болып есептеледі.Item Open Access Лирикалық прозаны танудағы кейбір теориялық аспектілер(Suleyman Demirel University, 2009) Айтуғанова С.Ш.Мақалада лирикалық прозаның әдебиеттегі орны, оның эпос пен лириканың сабақтастығынан туған көркемдік құбылыс ретіндегі ерекшеліктері қарастырылады. Лирикалық проза кейіпкердің ішкі әлемін, сезімін, толғанысын бейнелеуде маңызды рөл атқарады, ол эпостың құрылымдық элементтерімен үндесіп, сонымен қатар өзіндік композициялық және эмоционалды ерекшеліктерге ие. Зерттеушілердің пікірлері бойынша, лирикалық прозада сюжет басты назарда болмай, сөздің әуені мен кейіпкердің көңіл-күйі алдыңғы қатарға шығады. Мақалада лиризмнің әдебиеттегі дамуы, оның тарихи-әлеуметтік және психологиялық аспектілері, қазақ әдебиетіндегі алғашқы лирикалық прозалық шығармалар мысалдары арқылы талданады. Сонымен қатар, лиризм мен психологизмнің өзара байланысы, автор тұлғасының көрінуі, композиция мен стильдің ерекшеліктері қарастырылады.