2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Жазба тіл мен ауызша тілдің өзара кодталу сатылары(Suleyman Demirel University, 2008) Күдеринова Қ.Б.Мақалада жазба тіл мен ауызша тілдің екі түрлі код жүйесі ретінде өзара байланысы қарастырылады. Қазақ тілінде жазба тіл мен ауызша тіл арасындағы шекара толық ажыратылмаған, бұл оқыту мен коммуникацияда қиындықтар тудырады. Автор екі тілдің құрылымын — жазылым мен оқылым, айтылым мен естілім құрағы ретінде қарастырып, олардың параллель жүйелер екенін көрсетеді. Жазба тілдің графикасы мен орфографиясы, ауызша тілдің дыбыстық және интонациялық ерекшеліктері бір-біріне толық сәйкес келмейді. Кодтау және қайта кодтау процесі арқылы ой мен түсінікті сыртқа шығару мүмкіндігі шектеулі, сондықтан жазуды меңгеру тек әріптерді тану емес, ауызша сөйлеу мәнерін жазба мәтінге лайық бейімдеу арқылы жүзеге асады. Мақала тілдік сана мен коммуникацияның күрделі табиғатын зерттеуге арналған.Item Open Access ТЕЛЕЖАРНАМАДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК СТЕРЕОТИПТЕР: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Есенгельдиева Ш.; Әлжан А.Аңдатпа. Мақалада тележарнамадағы гендерлік стереотиптерді қолдану және оның аудиторияға әсері зерттеледі. Жарнама өндірісінде жиі қолданылатын гендерлік стереотип түрлері анықталып, олардың артықшылықтары мен кемшін тұстары сараланады. Осы мақсатта бірнеше елдің гендерлік стереотиптерді қолданудағы тәжірибесі назарға алынып, ондағы әйелдер бейнесі талқыға салынады. Сонымен қоса стереотиптерді насихат құралы ретінде пайдалану, бұқаралық санаға әсері мен қауіпті тұстары да зерттеудің негізгі өзегіне айналды. Бүгінде жарнамаға деген аудитория көзқарасы өзгерген. Бұрын тұтынушылар жарнамадағы стереотиптерге қарсылық білдірмей қабылдаса, қазір мұндай көзқарас жат. Сол себепті маркетологтар «сәтсіз коммуникация – брендке қарсы жұмыс істеп кетуі ықтимал» деген пікірге басымдық беруде. Ғылыми жұмыста жарнамадағы жаңа стереотипті үдерістер мәдениет пен қоғамның өзегіндегі құндылықтар жүйесіндегі терең ішкі өзгерістерді көрсететіндігі анықталды.