2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) А.Т. Давталиева; Б.Д. ЖұмақаеваАңдатпа. Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ балалар әдебиеті туындаларының идеялық даму ерекшеліктері анықталады. Тарихиәлеуметтік және батыс өркениетінің факторлары әсерінен балалар шығармашылығы және ондағы қаһармандар образының қаншалықты өзгеріске ұшырағандығы талданады. Сондай-ақ, өткен ғасырлардағы балалар әдебиеті мен заманауи шығармалардың идея тұрғысынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Тәуелсіздік тұсындағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатар елеулі туындыларына шолу жасалынып, идеялық мазмұны қарастырылады. Оның ішінде тәуелсіздіктн алғашқы жылдары мен сонғы онжылдықтың кейіпкерлерінің ойлауы, дамуы, армандауы мен қиялдарын да бір сарындас деп айтуға болмайды. Осылайша, 30 жылдың ішінде балалар қаһармандары бейнесі де заман ағынымен тез өзгерістерге ұшырап отырғандығы көрініс табады. Қорытындылай келе, сонғы 30-жылдықта қалыптасқан қазақ балалар әдебиетінің жалпы көрінісі адамгерші? эстетикалық құндылықтарды дәріптей отыра. өзінің заманауилығымен, батылдығымен, еркіндігімен, жылдамдығымен сипатталған.Item Open Access XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЙНЕСІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Жұмақаева Б; Давталиева Аружан ТанербергенқызыАңдатпа Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің шығармаларындағы жасөспірімдер образының қалыптасу, даму және өзгеру ерекшеліктері анықталады. Тарихи, әлеуметтік, психологиялық факторлардың ықпалынан жасөспірімдер бейнесінің автор шығармаларында қалай көрініс тапқандығы сараланады. Аталған кезеңнің айшықты туындыларына тоқталып, кейбір образдарға талдау жасалынады. ХХ ғасыр тұсында қазақ әдебиеті жанрлық прогресстерімен ерекшеленеді. Жаңа ғасырдың басталуымен балалар әдебиеті жаңа серпін алып, проза, поэзия, драматургия жанрларында қарыштап дами бастады. ХХ ғасыр қазақ әдебиетінде балалар мен жасөспірімдер образын өз шығармасына арқау ету арқылы, автордың тарихи-әлеуметтік проблемаларды оқырманына жанама жеткізуі де осы заман әдебиетінің ерекшелігіне айналды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз жасаған жасөспірімдер образдарының ықпалы, жас ұрпаққа тәрбиелік күші бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.