ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2022

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

СДУ хабаршысы - 2022

Abstract

Аңдатпа. Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ балалар әдебиеті туындаларының идеялық даму ерекшеліктері анықталады. Тарихиәлеуметтік және батыс өркениетінің факторлары әсерінен балалар шығармашылығы және ондағы қаһармандар образының қаншалықты өзгеріске ұшырағандығы талданады. Сондай-ақ, өткен ғасырлардағы балалар әдебиеті мен заманауи шығармалардың идея тұрғысынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Тәуелсіздік тұсындағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатар елеулі туындыларына шолу жасалынып, идеялық мазмұны қарастырылады. Оның ішінде тәуелсіздіктн алғашқы жылдары мен сонғы онжылдықтың кейіпкерлерінің ойлауы, дамуы, армандауы мен қиялдарын да бір сарындас деп айтуға болмайды. Осылайша, 30 жылдың ішінде балалар қаһармандары бейнесі де заман ағынымен тез өзгерістерге ұшырап отырғандығы көрініс табады. Қорытындылай келе, сонғы 30-жылдықта қалыптасқан қазақ балалар әдебиетінің жалпы көрінісі адамгерші? эстетикалық құндылықтарды дәріптей отыра. өзінің заманауилығымен, батылдығымен, еркіндігімен, жылдамдығымен сипатталған.

Description

Keywords

қазақ әдебиеті, балалар әдебиеті, ХХІ ғасыр әдебиеті, балалар, жасөспірімдер, ертегі, СДУ хабаршысы - 2022, №1

Citation

А.Т. Давталиева , Б.Д. Жұмақаева / ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ / СДУ хабаршысы - 2022