3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) А.Т. Давталиева; Б.Д. ЖұмақаеваАңдатпа. Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ балалар әдебиеті туындаларының идеялық даму ерекшеліктері анықталады. Тарихиәлеуметтік және батыс өркениетінің факторлары әсерінен балалар шығармашылығы және ондағы қаһармандар образының қаншалықты өзгеріске ұшырағандығы талданады. Сондай-ақ, өткен ғасырлардағы балалар әдебиеті мен заманауи шығармалардың идея тұрғысынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Тәуелсіздік тұсындағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатар елеулі туындыларына шолу жасалынып, идеялық мазмұны қарастырылады. Оның ішінде тәуелсіздіктн алғашқы жылдары мен сонғы онжылдықтың кейіпкерлерінің ойлауы, дамуы, армандауы мен қиялдарын да бір сарындас деп айтуға болмайды. Осылайша, 30 жылдың ішінде балалар қаһармандары бейнесі де заман ағынымен тез өзгерістерге ұшырап отырғандығы көрініс табады. Қорытындылай келе, сонғы 30-жылдықта қалыптасқан қазақ балалар әдебиетінің жалпы көрінісі адамгерші? эстетикалық құндылықтарды дәріптей отыра. өзінің заманауилығымен, батылдығымен, еркіндігімен, жылдамдығымен сипатталған.Item Open Access ШЫҒЫСТЫҚ СЮЖЕТТЕРГЕ ҚҰРЫЛҒАН ҚАЗАҚ ДАСТАНДАРЫ(Suleyman Demirel University, 2014) Бекмағамбетқызы ҚұралайШығыс туындыларынын қарастыра отырып, аңыздардың, әңгімелердің, ертегілердің және де дастандардың әртүрлері мен нұсқалары көруге болады. Мақалада аңыздар мен эпикалық поэмаларды жинап, өлеңдер жазған ақындар туралы ақпараттар берілген. Бұл зерттеу ақындар мектебіне және де олардың мақсаты мен міндеттеріне анализ жасап, түсінуге мүмкіндік береді.Item Open Access Түрік ертегілеріндегі еліктеу(Suleyman Demirel University, 2010) Кенжалин ҚуанышбекМақалада түрік ертегілеріндегі эстетикалық және психологиялық аспектілер талданады. Автор ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттерін тыңдаушының қайталауы мен еліктеу процесін зерттейді. Ертегінің соңындағы түсініктемелер ертегі айтушы мен тыңдаушы арасындағы байланыс пен біртұтастықты көрсетеді. Мақалада балалардың ертегіге эмоционалды және қиялдық қатысуы, ертегідегі оқиғалар арқылы психотерапиялық әсер алу мүмкіндігі қарастырылады. Сонымен қатар, ертегілердегі әзіл-қалжың, әділдік пен жазалау мотивтері, «басқа біреудің ой санасында өмір сүру» тәжірибесі мысалдар арқылы түсіндіріледі. Калила мен Димна ертегілері дәстүрлі мұсылмандық және үнді мәдени элементтерімен үндестіріліп талданады. Автордың пайымдауынша, ертегілердің үлгі-өнеге, ғибрат беру қабілеті олардың эстетикалық және тәрбиелік құндылығын арттырады. Мақала әдебиеттану мен фольклор зерттеулері үшін маңызды болып, тыңдаушы мен ертегі арасындағы байланыс теориясына үлес қосады.