Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ПЬЕСАЛАРЫНДАҒЫ ДИАЛОГТІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Д. Қыстаубаева; Б.М. Сұлтанова
    Аңдатпа. Тілдің қалыптасуы күрделі құбылыс. Тіл дыбыстарға еліктеу немесе ым-ишара арқылы күннен-күнге даму сатыларынан өтіп пайда болған. Жалпы тілдің қалыптасу процесін «глоттогенез» деп атайды. Тіл қарым – қатынас құралы болса, ал қарым-қатынас мəселесі диалогқа келіп тіреледі. Қарым-қатынас жөнінде А.Хараш мынадай пікір білдіреді: «Басқа адаммен қарым-қатынас жасау дегеніміз – бұл оның өміріне ену, оның қоғамдық болмысына …оның санасына кірісу, оның психологиялық белсенділігінің шеңберіне тартылу болып табылады».
  • ItemOpen Access
    YOUTUBE ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ СҰХБАТ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ТИМУР БАЛЫМБЕТОВ ПЕН ЮРИЙ ДУДЬ АРНАЛАРЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ІЗДЕНІС
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ақық М.; Байымбетов Б.
    Аңдатпа. Мақалада YouTube платформасындағы сұхбат жанрының орны және оған аудитория тарапынан жоғары сұранысқа назар аударылды. Зерттеу аясында бейнехостингте жоғары қаралым жинап, кәсіби сұхбаттарымен көрермен ықыласын аударған «вДудь» және «Timur Balymbetov» арналарының өнімдеріне салыстырмалы талдау жасалып, сондай-ақ ғалымдар пікірін сүйене отырып, YouTube сұхбатына тән ерекшеліктер анықталды. Сонымен қатар, кәсіби журналистердің YouTube платформасына кету себептері, өнімдерінің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденіс мәселесі де зерттеу жұмысының өзегіне айналды. Сұхбат жанрының мазмұндық тұрғыдан түрленуіне визуалдық элементтердің ықпалына да ғылыми тұрғыдан тұжырым жасалды.
  • ItemOpen Access
    С. Мұратбековтің "Күсен-Күсеке" әңгімесінің орыс тіліне аударылуы
    (Suleyman Demirel University, 2009) Адаева Ермек
    Бұл мақалада С. Мұратбековтің "Күсен-Күсеке" әңгімесінің орыс тіліне аударылу мәселесі қарастырылады. Шығармадағы басты кейіпкерлердің мінез-құлқы, тіл ерекшелігі мен ұлттық колоритінің аудармада қаншалықты сақталғаны зерттеледі. Г. Садовников аудармасында түпнұсқаның негізгі мазмұны мен авторлық стильдің көбін жеткізе алғанымен, кейбір репликалар мен сипаттамаларда қосымша сөздер енгізілгені, кейіпкерлердің сөз мәнері мен эмоциялық реңкі толық берілмегені байқалады. Мақалада түпнұсқа мен аударма арасындағы диалогтар мен баяндау ерекшеліктері салыстырмалы түрде талданады. Сонымен қатар, шығарманың көркемдік және мәдени ерекшеліктерін аудармада сақтау маңыздылығы, ұлттық сөздердің аударылуы мен көркем ойды жеткізу мәселесі талқыланады.
  • ItemOpen Access
    СӨЗДІҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) С.А. Сыргабекова
    Аңдатпа. Мемлекеттік білім саясаты мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ұлтымыздың зерделі әлеуетін қалыптастыруды бағытқа алған мектептің негізгі өзегі- мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігі. "Сабақ - толығымен алғанда, оқу-тәрбие процесінің элементі, оның ұйымдастырылған формасы. Екінші жағынан, сабақта іс-әрекеттердің бір түрі болатын оқыту ісі көрініс табады," - дейді П.Лернер пікірі. Ал қазіргі түсінік бойынша, сабақ - тек білім беру процесінің негізгі ұйымдастыру формасы ғана емес, ұжымдағы оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың да негізгі формасы болып табылады. Сабақтың түрі өтетін тақырыпқа, сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, қабілет ерекшелігіне, сабақтың мақсатына қарай белгіленеді. Егер сабақ бірсарында өтетін болса, оқушының оқуға деген қөзқарасы өзгереді. Ойлау белсенділігі төмендейді, ынтасы, пәнге деген қызығушылық тежеледі.