4 results
Search Results
Now showing 1 - 4 of 4
Item Open Access ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ - ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ АЛҒЫ ШАРТЫ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б. Хасен; T. БазарқұлАңдатпа. Мақаладада PISA және TIMSS зерттеулеріне сүйене отырып, Қазақстандағы орта білім беру жүйесіндегі функционалдық сауаттылықтың даму деңгейіне талдау жасалған. Функционалдық сауаттылық ұғымын ашып, оның түрлеріне тоқталған. Функционалдық сауаттылықпен байланысты құзыреттерайтылып, функционалдық оқу ұғымының ерекшелігін көрсеткен. Функционалдық оқу дағдыларын өз бойына қалыптастырған оқушыға тән сипаттар жинақталып берілген. Функционалдық оқу дағдыларының оқу сауаттылығына әсері талданған. Сауаттылықты қалыптастырудың әлемдік тәжірибелерін тілге тиек ете отырып, Қазақстан орта білім беру жүйесіндегі оқу сауаттылығын қалыптастыруың өзекті мәселелері атап көрсетілген. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқитын мектептерде мемлекеттіктілді үйрету сапасын көтерудің басты шарты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру деп танылған. Оны бірнеше ұстанымға негіздеп, нақты тұжырымдар ұсынылған.Item Open Access ФИЗИКА ПӘНІН КӘСІБИ БАҒЫТТА ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ(Suleyman Demirel University, 2016) Калиева А.А.Жаңа заманға бейімделу үшін мектептер мен академиялардағы дағдылар мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мұғалімдердің кәсіби деңгейі көтеріледі деп болжауда. Біз академия студенттерінің кәсіби қабілеттерінің төмендеу себебін біліп, оқыту әдістері мен білім беру процесін стандартты деңгейге қалай шығаруға болатынын анықтауымыз қажет. Қоғамда туындап жатқан əлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сəйкес білім беру мақсаты мен мазмұны, міндеттері əлемдік деңгейге сəйкес келетін біліммен қаруланған оқушылар дайындауды қажет етеді. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасаты, өресі биік, өз Отанын сүйетін азамат етіп тəрбиелеудегі басты тұлға – ұстаз. Қазіргі таңда жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана реалды жаңару жолына шыға аламыз. Мектептегі барлық пəндер бойынша оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ болып қалыптасқан. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал дидактикалық мақсат – мұғалімнің алға қойған жоспарын көрсетеді.Қазіргі жаңа интерактивті əдістердің алға қойған мақсаты бірінші орынға оқушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамыту болып табылады.Item Open Access АЛАШ, ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ә. Өзбекбай; Ж.О. МәмбетовАңдатпа. Біз бұл мақаламызда Алаш зиялыларының ұлттық идеясына, оның маңызына тоқталдық. Оның зерттелуі, бүгінгі таңдағы маңызын атап көрсеттік. Бұл жұмысты жазу барысында Алаш зиялыларының еңбектері мен мақалаларын, басқа да авторлардың осы тақырыпқа қатысты зерттеулері мен еңбектерін қолдандық. Оқу-ағарту жолындағы және ұлтты оятудағы азаматтарымыздың өмірі айтылған бірқатар деректерді пайдаландық.Item Open Access РАЗВИТИЕ НАВЫКОВ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ УЧАЩИХСЯ В ОСНОВНОЙ ШКОЛЕ С ПОМОЩЬЮ STEM ОБРАЗОВАНИЯ(Қазақстан ғылымының дамуы мен келешегі жастар көзімен - 2018, 2018) Муқанова М.А.Қазір технологияның дамыған ғасыры, жаңа инновациялар мен роботтардың, жасанды интеллект зерттеліп жатқан ғасыр. Бұл уақытта балаларды дəстүрлі білім беру немесе репродуктивтік білім беру арқылы оқыту мүмкін емес, ол оңтайсыз болып табылады. Қазіргі педагогика негізі баланы оқыту емес, оны дұрыс оқуға үйрету болып табылады. Балалардың сабаққа деген қызығушылығын ояту керек, қызығушылық танытқан оқушы, сабақ тақырыбын біле сала, ол тақырыпқа байланысты ақпараттың бəрін ізденуі, қызығуы арқасында бəрін оқығысы келетін болады. Үздік мұғалім, үйрететін адам емес, ол мотиватор болуы керек. STEM бойынша білім берудің негізінде, оқушыларды қосымша ынталандыратын, жаратылыстану-математика пəндерінің интеграциясы жатыр. Заман талабына сай, оқушы бойындағы функционалдық сауаттылық қабілеттерін дамыту, келтірілген əдіс бойынша жүзе асырылады.