ФИЗИКА ПӘНІН КӘСІБИ БАҒЫТТА ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2016

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Жаңа заманға бейімделу үшін мектептер мен академиялардағы дағдылар мен оқыту әдістерін жетілдіру қажет. Мұғалімдердің кәсіби деңгейі көтеріледі деп болжауда. Біз академия студенттерінің кәсіби қабілеттерінің төмендеу себебін біліп, оқыту әдістері мен білім беру процесін стандартты деңгейге қалай шығаруға болатынын анықтауымыз қажет. Қоғамда туындап жатқан əлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сəйкес білім беру мақсаты мен мазмұны, міндеттері əлемдік деңгейге сəйкес келетін біліммен қаруланған оқушылар дайындауды қажет етеді. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл парасаты, өресі биік, өз Отанын сүйетін азамат етіп тəрбиелеудегі басты тұлға – ұстаз. Қазіргі таңда жемісті еңбегімізбен шығармашылық ізденісіміз арқылы ғана реалды жаңару жолына шыға аламыз. Мектептегі барлық пəндер бойынша оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ болып қалыптасқан. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал дидактикалық мақсат – мұғалімнің алға қойған жоспарын көрсетеді.Қазіргі жаңа интерактивті əдістердің алға қойған мақсаты бірінші орынға оқушының білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамыту болып табылады.

Description

Keywords

әдістер, білім, жақсартылған

Citation

ФИЗИКА ПӘНІН КӘСІБИ БАҒЫТТА ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ, Калиева А.А., аға оқытушы.