2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access CУИЦИД ТАҚЫРЫБЫНЫҢ МЕДИАДАҒЫ КӨРІНІСІНІҢ ЭТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: ORDA.KZ, TENGRINEWS ПОРТАЛДАРЫ ЖӘНЕ КТК ТЕЛЕАРНАСЫ МЫСАЛЫНДА(2024) Ерес Н.А.Зерттеу жұмысы суицид тақырыбының медиадағы көрінісінің этикалық аспектілерін Orda.kz, Tengrinews порталдары және KTK телеарнасының контенттерін талдау негізінде жүргізілді. Сапалық контент-анализ әдісін қолданған зерттеу еңбектің негізгі мақсаты - суицид тақырыбының әлемдік деңгейдегі жазылу тәжірибесі мен теорияларына сүйене отырып, Қазақстан медиасында, соның ішінде қазақ тілді жаңалықтардағы суицид тақырыбының этикалық тұрғыдан жазылуына талдау жасау. Сонымен қоса, зерттеу нысаны ретінде алынған медиалардың фото, видео контенттеріне де визуал анализ әдісі қолданылды. Зерттеу барысында «Вертер» эффектісі мен «Папагено» эффектісі бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалардан кейін де халық арасында суицидтің көбею немесе азаю көрсеткіштері болатынын көрсетті. Бұқаралық ақпараттағы “өз-өзіне қол жұмсау” жаңалықтары сенсация, рейтинг және трагедияны көрсету үшін емес, аудиторияның өмірге жауапкершілігін және "көпшіліктің білу құқығымен" теңестірілуі керек ақпараттарды ұсыну маңызды екенін алға тартады.Item Open Access БАЛАЛАР ЖЫЛЫНДА БАҚ БАЛАЛАР СУИЦИДІН ҚАЛАЙЖАЗДЫ? ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН ГАЗЕТІНІҢ МЫСАЛЫНДА(SDU Journal of Media Studies, 2023) Наргиза ЕресМақала мазмұны медианың балалар жылында суицид тақырыбын қалай жазғанын зерттейді. Әсіресе балалар суицидіне қатысты мақалалардың мәні қаншалықты этикаға сай екенін анықтауды мақсат етеді. Зерттеу объектісі ретінде мемлекеттік басылым Егемен Қазақстан газеті таңдалды.Сапалық зерттеу әдісін қолданған мақаламызда суицид тақырыбының әлемдік деңгейдегі жазылу тәжірибесі мен теорияларына сүйенеміз. Күн тәртібі теориясының шеңберінде материалдарға талдаужасаймыз, сонымен қатар, Вертер эффектісі, Папагено эффектісі сынды суицидпен қатар айтылатын ұғымдарға шолу жасаймыз. Қазақстан медиасында, соның ішінде жаңалықтардағы суицид тақырыбының этикалық тұрғыдан жазылу барысына талдау жасаймыз. Сонымен қатар таңдалған ақпарат құралының 2022 жылдағы балалар суицидіне қатысты бір жылдық мақалаларын топтастыра отырып, контент анализ көмегімен суицид тақырыбын жазуда ақпарат құралдары қандай этикаға қайшы сөз тіркестерін қолданатынын анықтадық.Бұқаралық ақпарат құралдарындағы “өз-өзіне қол жұмсау” жаңалықтары сенсация, рейтинг және трагедияны көрсету үшін емес, аудиторияның өмірге жауапкершілігін және "көпшіліктің білу құқығымен" теңестірілуі керек ақпараттарды ұсыну маңызды екенін алға тартады.