Search Results

Now showing 1 - 10 of 33
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ТІЛІ: ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКА
    (Suleyman Demirel University, 2016) Жолшаева Майра Сатыбалдықызы
    Қазақ тіл білімінде функционалды грамматика мақсатты түрде өткен ғасырдың соңғы жылдары зерттеле бастағанмен, осы грамматиканың шеңберінде қарастырылатын мәселелер ХХ ғасырдың басында-ақ айтыла бастаған болатын. Оған А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерінде кездесетін грамматикалық тұлғалардың семантикасы, қызметі туралы айтылған ғылыми пайымдаулар дәлел бола алады. Сонымен қатар, өткен ғасырдың соңынан бастап қазақ тілтанымында грамматика функционалды аспектіден мақсатты түрде қарастырылып, бірнеше ғылыми монографиялар жарық көрді. Оқу құралында қазақ тілтанымындағы функционалды грамматиканың зерттелу жайына арнайы орын берілді. Оқу құралында функционалды грамматиканың грамматиканың зерттеу нысаны, әдіс-тәсілдері және негізгі ұғымдарына түсінік беріліп, қажет тұсында дәстүрлі грамматикамен салыстырыла қарастырылған. Жекелеген семантикалық категориялардың сипаттамасы жасалған. Еңбек студенттерге арналған.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ЖАЗУЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ
    («Елтаным» баспасы, 2013) Күдеринова Қ.Б.
    Жазу мәдениетінің жетіліп, жазба нормалардың қалыптануы, қазақ тілінің ресми ісқағаздарында жаппай қолданылып келе жатқан қазіргі кезең болашақ тіл маманына жазуымыздың тарихынан, қолданыстағы емле нормаларының уәжділігінен білімі болуды міндеттейді. Егемендік жылдарынан бастап казак тілі, әдебиеті, тарихы, мәдениетімен қоса қазақ жазуына да жаңа көзқарас, тарихына жаңаша бағам пайда бола бастады. Оқу кұралда қазақ мәдени өмірінде колданылған әліпби түрлері, емле ерекшеліктері жазу теориясына қатысты білімдермен түсіндіріледі. Дәріс мәтіндері әртүрлі дереккөздерін сөйлете отырып, түсінікті тілмен баяндалады, семинарға қажетті материалдармен қамтамасыз етіледі. Студенттер мен магистранттарға арналған.
  • ItemOpen Access
    Қазақ тіліндегі етістіктер және аспектуалды семантика
    (Suleyman Demirel University, 2011) Жолшаева М.С.
    Монографияда етістіктің қимылдың өту сипаты категориясы жүйелі-құрылымдық және функционалды-семантикалық тұрғыдан кешенді қарастырылу арқылы қазақ тіліндегі аспектуалды семантиканың қалыптасу заңдылықтары анықталған және аталған категорияның тілдік мәртебесі нақтыланған. Тілдік құбылыстардың табиғатын толық тану оның қолданымдық сипатымен де байланысты. Еңбекте аспектуалды семантика мәселесі функционалды грамматика ұстанымдары тұрғысынан да қарастырылып, тілдік бірліктердің аспектуалды семантика жасауға қатысы және олардың семантикалық өрістегі орны мен өзіндік ерекшеліктері анықталып, қолданыстағы қызметтері сараланған. Еңбек ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ізденушілерге, филология факультеттерінің докторанттары мен магистранттарына, студенттеріне арналған.
  • ItemOpen Access
    Əдеби сын тарихы
    ("Таңбалы" баспасы, 2011) ЫСҚАҚҰЛЫ Д.
    Қоғамдық өмірдің жеттіге түсуі ондағы сын мен өзара сынның дамуына тікелей қатысты болса, көркем əдебиеттің көркеюі де оның сынымен тығыз байланысты. Қазақ əдеби сынының тарихы есте жоқ ескі замандардағы халықтың рухани қажеттілігінен бастау алып, қоғамның дамуымен бірге дамып, жетіліп, əдебиеттің, оның ғылымының, баспасөздің тоғысқан түйінінде əдеби өмірді зерттеп, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, бағалап, оқырманның көркем əдебиетті дұрыс түсінуіне көмектесіп, келе жатқан əдеби-ғылыми-публицистикалық сипаттағы шығармашылықтың, қоғамдық сананың бір саласы ретінде ұзақ жолдардан өтті. «Əдеби сын тарихы» – жоғарғы оқу орындарында жүргізілетін базалық пəннің теориялық əрі іс-тəжірибелік негіздемесі болып табылады. Оқу құралында қазақ əдеби сын өнерінің қалыптасуынан бастап, ХХІ ғасырдағы ұлттық əдеби сын проблемалары толықтай қамтылған. Кітапта баспасөздегі сын жəне əдебиеттің қоғамдық, əлеуметтік, саяси, теориялық мəселелері кеңінен талқыланады. Кітап жоғары оқу орындарының студенттеріне, магистрлеріне, докторанттарына, əдебиеттанушы ғалымдарға, сондай-ақ əдебиет сүйер көпшілік қауымға арналған.
  • ItemOpen Access
    Қазақ этнолингвистикасы
    (Suleyman Demirel University, 2011) БАЙТЕЛИЕВА Ж.Д.
    Этнолингвистика - этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу максатынан туындаған тіл білімінің антрололингвистикалық бағыттағы саласы. Ұсынылып отырған оқу құралында этнолингвистика ғылымынын қалыптасу, даму тарихы, этнолингвистикалык мектептер, сол мекгептердід өкілдері мен олардың негізгі енбектеріне тоқгалады. Оқу қүралында автор этнолингвистика гыльшының қазақ тіл білшіндегі негізін қалаушы академик Ә.Қайдардың. сондай-ақ, М.Копыленко, Е.Жанпейісов, Н.Уәли, Ж.Манкеева т.б. ғалымдардың теориялық тужырымдарын берген. Оқу құралы жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттері мен магистранттарына, оқытушыларына, жалпы көпшілік қауымға арналган.
  • ItemOpen Access
    Тіл біліміне кіріспе
    (Suleyman Demirel University, 2016) Ордабекова Х.А.
    Оқу құралы студенттерге тіл білімінің нысаны мен оның қарастыратын мәселелері, тілдің таңбалық және құрылымдық-жүйелік аспектілері туралы білім беру, қазіргі әлемдік лингвистикада қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттар туралы түсінік қалыптастыруды мақсат етеді. Оқу құралы филология факультетінің студенттеріне арналған.
  • ItemOpen Access
    ТҮРІК ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ƏДЕБИЕТ ТАРИХЫ
    (Suleyman Demirel University, 2014) ИСЛАМ ЖЕМЕНЕЙ
    Қолдарыңыздағы еңбек, белгілі ғалым, профессор Ис- лам Жеменейдің сан жылдық ғылыми ізденісінің жемісі. Оқулықтар «Афрасиаб тарих қойнауынан сыр шертеді», «Түркінің Ежелгі дəуір əдебиеті маңызы мен зерттелуі», «Түркінің руна жазбалары», « Түркінің жаңа өрлеу кезеңіне кіріспе», «Жүсіп Баласағұн», «Қожа Аһмет Йəсауи», «Маһмұт Кашғари», «Атаи», «Лүтфи», «Сəкаки», «Жүніс Əмре», «Зəһиреддин Мұхаммед Бабыр», «Əлішер Науаи», «Мырза Мұхаммед Хайдар Дулат» сынды тақырыптар арнайы зерделенген. Түрік халықтарының ежелгі əрі ортағасырдағы исламдық əдебиетінің əлем əдебиетіндегі орны айқындалған. Кітап филологтар мен əдебиет тарихын зерттеушілерге, жас ізденушілер мен білімгерлерге, жалпы гуманитарлық сала мамандары мен көпшілік оқырман қауымға арналған.
  • ItemOpen Access
    Қазақ тілінің сөзжасамы
    (Suleyman Demirel University, 2016) Мұхамади Құралай Төлегенқызы
    Оқу құралында қазақ тілінің сөзжасам саласына қатысты оқу үдерісіне лайықталған теориялық және практикалық мәселелер толық қамтылды. Сөзжасамның негізгі теориялық мәселелері лингвистиканың әлемдік деңгейдегі тәжірибесі мен қазақ ғалымдарының пікір-көзқарастарымен тоғыстырыла берілді. Оқу құралы қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы жаңа ғылыми бағыттардың негізінде инновациялық оқыту технологиясына сәйкес жазылады. Еңбек ғылыми қызметкерлер мен ізденушілерге, филология факультеттерінің докторанттары мен магистранттарына, студенттерге және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған.
  • ItemOpen Access
    Экология жəне тұрақты даму.
    (Suleyman Demirel University, 2014) Бекенова Г.С.
    Оқу құралында «Экология жəне тұрақты даму» пəнінің типтік бағдарламасында көрсетілген тақырыптар негізінде экология ғылымының қарастыратын мəселелері мен міндеттерінен бастап, биосферадағы тұрақсыздықтың пайда болуына əсер ететін антропогендік факторлар, əлеуметтік экологиялық проблемалар, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен Қазақстан Республикасында тұрақты даму концепциясын іске асыру барысында атқарылған іс-шаралар жөнінде бірқатар теориялық мəліметтер берілген. Сонымен қатар, өтілген тақырыптарды талқылып бекіту үшін пысықтау сұрақтары, тесттік тапсырмалар мен глоссарийлер ұсынылған. Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
  • ItemOpen Access
    Кәсіби қазақ тілі
    (Suleyman Demirel University, 2012) Абнасырова Р.Ж.
    Бұл оқу құралы қазақ тілінен білім берудің қазіргі талаптарына сәйкес жасалған. «Кәсіби қазақ тілі» атты оқулық жоғары оқу орындары есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелер мамандықтарының орта және жалғастырушы топтарына арналған. Сонымен бірге, мұғалімдер мен мектеп оқушыларына және қазақ тіліне, есептеу техникасына қызығушылық танытатын кӛпшілік оқырман қауым үшін де пайдалы.