Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    «ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Х.А. Ордабекова; Г.Ж. Байғабылова
    Аңдатпа. Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы антропоцентрлік жүйеге тән бағыттарды қамти алады. Сондықтан кез келген тілді үйренуде көркем мәтін лингвистикасының ықпалы зор. Біздің мақаламызда «тілдік тұлға» мәселесі М. Жұмабаев шығармаларын талдау негізінде қарастырылды. Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясының үшдеңгейлік үлгісі бойынша аталған ақындардың шығармаларын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлерге бөліп қарастыру мәселесіне ден қойылды. Сондай-ақ, көркем шығармадағы «ғаламның тілдік бейнесінің» концептілік құрылымын нақты мысалдармен анықтауға баса назар аударылды. Тұлға деген тура мағынасында «дене», «адам денесі», «қорғаныш», «тірек», «бейне» деген мағыналарда қолданылады. Шығарманы жазған адам, қалай болғанмен де, негізінен мәтін арқылы танылады. Тұлғаны (мәтін түзушіні) тілден (мәтін тілінен) іздеу қазіргі антропоцентризм бағытына деген замана бетбұрысымен қиысады. Ал мәтін тілі сол заманның тарихи-мәдени жағдайларымен тығыз байланыста алынуы шарт. Осы орайда авторлардың тілдік тұлғасын сипаттайтын ерекше контекске назар аударылды, тұлғаның шындық болмысты танып білу айнасы ретіндегі «дүниенің тілдік бейнесі» көркем мәтіннің мазмұнына сәйкес танымдық құрылымдар негізінде концептілік жүйеде түсіндірілді, екі ақынды тілдік тұлға ретінде дамытатын прагматикалық бірліктер, мақсаттар анықталды.
  • ItemOpen Access
    Түркі журналистикасын зерттеу мәселелері
    (Suleyman Demirel University, 2010) Аязби Бейсенқұлов
    Мақалада түркі журналистикасын зерттеу қажеттілігі, оның рухани, мәдени және ақпараттық интеграциядағы орны жан-жақты талданады. Автор қазіргі жаһандану жағдайында ұлттық ақпараттық кеңістіктің әлсіреу қаупін атап өтіп, түркі әлемін жақындастырудағы БАҚ-тың топтастырушы күшін ерекше көрсетеді. Түркі тілдес елдер арасындағы ортақ рухани негіз — тіл, мәдениет және тарих журналистика саласында да ортақ ғылыми бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік беретіні дәлелденеді. Түркияда, Әзербайжанда, Қырғызстанда, Татарстанда журналистика ғылымының дамуы мысалға алынып, олардың тәжірибелерін жүйелеудің өзектілігі талқыланады. Автор PhD бағдарламалары, халықаралық профессорлық лекциялар, түркі ғалымдарының қатысу деңгейі, сондай-ақ журналистиканы оқытуда ұлттық ерекшеліктерді ескеру қажеттігін сын тұрғысынан қарастырады. Түркі журналистикасының ғылыми негізін қалыптастыру үшін ортақ орталықтар, ғылыми журналдар, пәндер енгізу және тәжірибе алмасу қажет екені тұжырымдалады.