5 results
Search Results
Now showing 1 - 5 of 5
Item Open Access МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Валибаева Н.Мақалада мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Мәтінді көп өлшемді зерттеу, оны прагматикалық талдау автор мен оқырманның өзара әрекеттесуін ашады. Прагматикалық мәтіндерді қолдана отырып, тілді оқытудың тиімділігі мен оң тәжірибесі әртүрлі зерттеулерде дәлелденген. Ол адресаттың берген ойын жан-жақты талдап, толық қабылдап іске асыруға мүмкіндік береді. Прагматикалық талдау әдісі көркем шығармаларға да, баспасөз мақалаларына да толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мәтінді прагматикалық тұрғыдан талдай алатын оқушы оны құрастыруға да қабілетті болады. Яғни бұл оның шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік беріп, оны жан-жақты дамытуға да пайдасы мол. Бұл мақалада мәтінді прагматикалық талдаудың маңыздылығын толықтай ашып және оларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер беріледі. Бұл талдау әдісін мектеп оқушыларына үйрете отырып, олармен мектеп бағдарламасында берілген көркем мәтіндермен жұмыс істеу, оқушылардың өздеріне дайын прагматикалық мәтін құрастыра алуды үйрету – бұл жұмыстың негізгі мақсаты.Item Open Access М.О. ӘУЕЗОВ ПРОЗАСЫН ПОЭТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2015) Еркінбай ҰланҚазақ көркем сөзінің кеңістігінде М.Әуезов прозасының орны тайға таңба басқандай айқын. Ал осы таңбаны танып, шынайы бағасын беру Әуезов прозасының көркемдік бітімін кешенді зерттеуді талап етеді. Бұл алғашқы және негізгі қадам. Мұнда біз поэтиканы - көркемдік бітім ұғымымен, ал теориялық поэтиканы - мәтінді кешенді түрде өнер ретінде пайымдау ұғымымен мағыналас етіп алып отырмыз. Әуезов прозасының сөз өнері контекстіндегі көркемдік бітімін саралау аса ауқымды мәселе. Көркемдік бітім - кез келген шығарманың мағыналық һәм тілдік, құрылымдық категорияларын қатар қамтитын термин. Дәйекті көркем сөзге, оқиғаны өнерге өрістететін де осы термин.Item Open Access МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2020) Қайнарбай Н.Мақалада салу есептерінің деңгейлері: талдау, зерттеу, салу, дәлелдеу бөлімдері толығымен ашылып, талданады. Салу есептері оқушылардың ойлау қабілетін, математикалық ойлауын қалыптастырып, дамытады. Есеп шығару барысында әрбір кезеңді бөліп, қандай маңызға ие екенін көрсеттік. Салу есептері 7-8 сынып оқушыларына соңғы тоқсанда оқылады. Бірақ оқушыларға түсінікті тиімді, білімін толықтыруға жеңіл әдіс – тәсіл таңдалмауы, геометрия пәніне арналған оқулықтардағы тапсырмалардың аталған тақырыпқа аз берілуі. Мектеп математика мұғалімдерінен жіне 7-8 оқушыларынан салу есептеріне байланысты әңгіме-сауалнама алу алынды. Сауалнама нәтижесінде қорытынды жасалып, мысал-есеп алып әр бөлімді бөліп, есеп шығару барысында маңызын көрсеттік. Сауалнамадан оқушылардың салу есептерінің шығару жолдарының бөліктерін білмейтінін байқасақ болады. Салу есептерін шешудегі мақсат: берілген құралдар арқылы керекті фигураны салу. Мұғалімдердің пікірінше салу есептеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқулықта қосымша есептер болу керек, деңгейлері күрделі болған соң, оқу жоспарына қосымша сабақтар қосылу керек және салу есептеріне байланысты үйірме ашылу керек деп есептейтінін көрсек болады.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Айтқазина Т.Аңдатпа Мақалада мақалада қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын қолданудың тиімділігі талқыланады. Қазақ тілін оқытуда мұғалімнің білім мен дағдылар қалыптастырып, жас буынның ой-өрісін дамытып, функционалды сауатты оқушыларды тәрбиелеп шығаруда және қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын барынша тиімді пайдаланудың әдістік қолданыстары мен ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Блум таксономиясының білім беру процессіндегі, соның ішінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері ұсынылады.Item Open Access Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары(2022) Шүкей Г.Н.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау арқылы оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау үш тараушадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 74 бет, 5 кесте, 3 сызба бар, зерттеу барысында 54 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде қазақ әдебиеті пәнінде көркем шығарманы талдаудың теориялық аспектілері қарастырылады. Прозалық шығармаларды оқытудың зерттелу өрісі диссертациялық жұмыстың теориялық базасы ретінде қарастырылып, тақырыптың зерттелу дәрежесі айқындалды. Зерттеу жұмысының өзектілігін айқындауда. Басты рөл атқаратын жаңартылған білім беру мазмұнынындағы бағдарламада прозалық шығармалардың орны, оны оқыту жолында бекітілген мақсат пен Міндеттер анықталды. Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық маңызын құраушы элемент болып есептелетін мектептегі көркем шығармаларды талдаудың ұстанымдары қарастырылды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде прозалық шығармалардың сюжеттік желісі мен композициясын талдау арқылы сыни көзқарасты қалыптастыру әдістемесі қарастырылды. Бұл тұста сыни көзқарас қалыптастыру әдіс-тәсілдері, педагогикалық технологиялардың базистік ерекшеліктерін, жаңашыл новаторлық технологиялардың талаптарын, ұстанымдарын біріктіріп оқыту жүйесін орнату мүмкіндіктері қаралды. Білім беру жүйесіндегі көркем шығарманы талдау маңыздылығы сипаттала отырып, сыни көзқарас қалыптастырушы дидактикалық тапсырмалар, тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды. Шығарманың тағандары болып есептелетін жалпы шығарманың құрылысы, шығармадағы тартыс мәселесін талдаудағы баланың өзіндік ойы мен пікірін дамытуды жүзеге асырушы талдау жүйелерін құру" мәселесі шешіледі. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығуар анықталды. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде диссертациялық жұмыстың тақырыбы бойынша зерттеу нәтижелері жүзеге асырылды. Ұсынылған тапсырмалардың оқушылардың білімін нақты, дәл бағалау үшін қолданудың маңызы айқындалды.