Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    Орыс символизмі және М. Жұмабаев
    (Suleyman Demirel University, 2008) Абиыр А
    Бұл мақалада еуропалық және орыс символизмінің қалыптасу ерекшеліктері мен негізгі эстетикалық ұстанымдары қарастырылып, олардың Мағжан Жұмабаев поэзиясына тигізген ықпалы талданады. Символизмнің XIX ғасыр соңында Францияда бастау алып, кейін бүкіл Еуропаға тарағаны, ал Ресейде В. Соловьев, Д. Мережковский, В. Брюсов, А. Блок, К. Бальмонт шығармашылықтарымен өркендегені атап өтеді. Символистердің басты тақырыптары – өлім, мәңгілік, тылсым, жаңа рухани кеңістік пен сұлулықты іздеу екені көрсетіледі. Мақалада Мағжан Жұмабаевтың Мәскеуде оқуы, орыс символистерімен шығармашылық байланысы оның поэзиясында жаңа рәміздік ойлау жүйесінің қалыптасуына әсер еткені талданады. Мағжанның «Күн», «От», «Өлім» секілді символдары Блок пен Бальмонт поэзиясымен үндес екені дәлелденеді. Жұмабаевтың қазақ поэзиясын еуропалық деңгейге көтерген жаңашыл ақын ретіндегі орны айқындалады.
  • ItemOpen Access
    М. РУМИ МЕН Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОРТАҚ СИМВОЛДАР
    (Suleyman Demirel University, 2017) А. Абиыр
    Қазақ әдебиеттануында символ мәселесі ХХ ғасырдың бас кезінде зерттеле бастады. Бұл А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінен бастау алып, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Е.Ысмайылов, З.Ахметовтың зерттеу еңбектерінде орын алды. Л.Ж.Мұсалының «Символ – бернелеу және оның көркемдік қызметі М.Жұмабай мен Б.Күлей поэзиясы негізінде» атты ғылыми монографиясында символдың шығу тегінен, тарихынан бастап, көркемдік ерекшелігіне дейін зерттелген көлемді еңбегі қазіргі қазақ әдебиеттануында маңызды орын алады. Көркем әдебиеттегі символдың пайда болуы символизм кезеңімен байланысты. "Символизм терминін поэтикалық бағыттың атауы ретінде ең алғаш рет Ж.Мореас өзінің "Кантилены" (1886) деген жинағының алғы сөзінде қолданған және өзі жариялаған "Символизм Манифесінде" негіздеп берді" дейді Л.Ж.Мұсалы. [54, 11]. Б.Майтанов: «Cимволизм әдеби ағым ретінде Еуропада ХІХ ғасырдың аяғы, Ресейде ХХ ғасырдың басында пайда болғаны мәлім.