М. РУМИ МЕН Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОРТАҚ СИМВОЛДАР
Loading...
Date
2017
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Қазақ әдебиеттануында символ мәселесі ХХ ғасырдың
бас кезінде зерттеле бастады. Бұл А.Байтұрсынұлының «Әдебиет
танытқыш» еңбегінен бастау алып, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов,
Е.Ысмайылов, З.Ахметовтың зерттеу еңбектерінде орын алды.
Л.Ж.Мұсалының «Символ – бернелеу және оның көркемдік қызметі
М.Жұмабай мен Б.Күлей поэзиясы негізінде» атты ғылыми
монографиясында символдың шығу тегінен, тарихынан бастап, көркемдік
ерекшелігіне дейін зерттелген көлемді еңбегі қазіргі қазақ
әдебиеттануында маңызды орын алады.
Көркем әдебиеттегі символдың пайда болуы символизм кезеңімен
байланысты. "Символизм терминін поэтикалық бағыттың атауы ретінде
ең алғаш рет Ж.Мореас өзінің "Кантилены" (1886) деген жинағының алғы
сөзінде қолданған және өзі жариялаған "Символизм Манифесінде"
негіздеп берді" дейді Л.Ж.Мұсалы. [54, 11]. Б.Майтанов: «Cимволизм
әдеби ағым ретінде Еуропада ХІХ ғасырдың аяғы, Ресейде ХХ ғасырдың
басында пайда болғаны мәлім.
Description
Keywords
Шығарма, символ, символизм, термин
Citation
М. РУМИ МЕН Ш. ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОРТАҚ СИМВОЛДАР / А. Абиыр / СДУ хабаршысы - 2017