Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Валибаева Н.
    Мақалада мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Мәтінді көп өлшемді зерттеу, оны прагматикалық талдау автор мен оқырманның өзара әрекеттесуін ашады. Прагматикалық мәтіндерді қолдана отырып, тілді оқытудың тиімділігі мен оң тәжірибесі әртүрлі зерттеулерде дәлелденген. Ол адресаттың берген ойын жан-жақты талдап, толық қабылдап іске асыруға мүмкіндік береді. Прагматикалық талдау әдісі көркем шығармаларға да, баспасөз мақалаларына да толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мәтінді прагматикалық тұрғыдан талдай алатын оқушы оны құрастыруға да қабілетті болады. Яғни бұл оның шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік беріп, оны жан-жақты дамытуға да пайдасы мол. Бұл мақалада мәтінді прагматикалық талдаудың маңыздылығын толықтай ашып және оларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер беріледі. Бұл талдау әдісін мектеп оқушыларына үйрете отырып, олармен мектеп бағдарламасында берілген көркем мәтіндермен жұмыс істеу, оқушылардың өздеріне дайын прагматикалық мәтін құрастыра алуды үйрету – бұл жұмыстың негізгі мақсаты.
  • ItemOpen Access
    «ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Х.А. Ордабекова; Г.Ж. Байғабылова
    Аңдатпа. Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы антропоцентрлік жүйеге тән бағыттарды қамти алады. Сондықтан кез келген тілді үйренуде көркем мәтін лингвистикасының ықпалы зор. Біздің мақаламызда «тілдік тұлға» мәселесі М. Жұмабаев шығармаларын талдау негізінде қарастырылды. Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясының үшдеңгейлік үлгісі бойынша аталған ақындардың шығармаларын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлерге бөліп қарастыру мәселесіне ден қойылды. Сондай-ақ, көркем шығармадағы «ғаламның тілдік бейнесінің» концептілік құрылымын нақты мысалдармен анықтауға баса назар аударылды. Тұлға деген тура мағынасында «дене», «адам денесі», «қорғаныш», «тірек», «бейне» деген мағыналарда қолданылады. Шығарманы жазған адам, қалай болғанмен де, негізінен мәтін арқылы танылады. Тұлғаны (мәтін түзушіні) тілден (мәтін тілінен) іздеу қазіргі антропоцентризм бағытына деген замана бетбұрысымен қиысады. Ал мәтін тілі сол заманның тарихи-мәдени жағдайларымен тығыз байланыста алынуы шарт. Осы орайда авторлардың тілдік тұлғасын сипаттайтын ерекше контекске назар аударылды, тұлғаның шындық болмысты танып білу айнасы ретіндегі «дүниенің тілдік бейнесі» көркем мәтіннің мазмұнына сәйкес танымдық құрылымдар негізінде концептілік жүйеде түсіндірілді, екі ақынды тілдік тұлға ретінде дамытатын прагматикалық бірліктер, мақсаттар анықталды.
  • ItemOpen Access
    Мәтіннің лексика-фразеологиялық болмысы
    (Suleyman Demirel University, 2007) Утанова Айзада
    Мақалада көркем мәтіндегі лексика-фразеологиялық жүйенің стильдік қызметі мен жазушының даралық тілдік шеберлігі талданады. Тұрақты тіркестер мен этнографиялық лексемалардың ұлттық болмысты танытудағы, көркем бейнелеу мен идеялық мазмұнды тереңдетудегі рөлі айқындалады. Зерттеуде М.Әуезов шығармалары мысалға алынып, жазушының сөз таңдау, мағыналас сөздерді қосарлап қолдану, этнографизмдер мен түстік символиканы стильдік мақсатта пайдалану ерекшеліктері сараланған. Әсіресе «Қорғансыздың күні» мен «Қаралы сұлу» шығармаларындағы түстер жүйесінің (қызыл, қара) семантикалық мәні мен көркемдік қызметі талданады. Жазушы тіліндегі фразеологизмдер мен этнографиялық элементтер қазақ халқының дүниетанымы мен ұлттық мәдениетінің тілдік айнасы ретінде бағаланады.
  • ItemOpen Access
    ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ҚАБЫЛДАУ МЕН ТҮСІНУДІҢ БІР ЖОЛЫ
    (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы, 2019) Отарбаева Ғ.Н; Жұмақаева Б.Д.
    Мақалада көркем шығарманы интерпретациялаудың тәсілдері мен түрлері, олардың туындауы туралы зерделенеді. Көркем мәтінді түсінуде интерпретацияның түрлі тәсілдері мен түрлері қарастырылады. Қабылдау мен түсінудің арақатынасы, интепретацияның негізгі түрлері мен қызметі, көркем шығарманы түсінудің тәсілдері мен деңгейлері сараптала отырып, негізгі ой-тұжырымдар ғалымдар пікірлерімен дәйектеледі. Интерпретация теориясының негізгі мәселері мен олардың туындау себептері айтылады