Search Results

Now showing 1 - 5 of 5
  • ItemOpen Access
    Т.ӘБДІКҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМ МӘТІН-АВТОР-ОҚЫРМАН КОНЦЕПЦИЯСЫ («Оң қол», «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды» шығармалары бойынша)
    (Suleyman Demirel University, 2014) Ақан Әйгерім
    Бұл жұмыста автор ойын оқырман санасының қабылдау ерекшелігі, оқырман танымының дәрежесі айтылады. Т.Әбдікұлы шығармаларындағы автордың, көркем мәтіннің, оқырманның рөлі қарастырылады. Автордың көркем мәтінге, көркем мәтіннің оқырманға әсер ету процесі баяндалады. Көркем шығарма, оқырман, автор арасындағы байланыс сонау Аристотельдің еңбектерінен бастау алады. Ұлы ұстаздан кейінгі еңбектерде осы «үштік» ұғымы кеңейіп, басқа да қырларымен танылды.
  • ItemOpen Access
    СҰРАҒАН РАХМЕТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫРЛАРЫ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Базархан Кенжегүл
    Аңдатпа Қазақ әдебиетінің тереңге тамыр жайған тарихының бір бөлігі шетелдегі қазақ әдебиетінің еншісінде екендігі бүгінге дейін біраз ғылыми жұмыстарға тақырып, нысан болып келді. Мұндай тақырыптар көбінесе шетелдегі қазақ әдебиетінің жалпылама жайкүйі, зерттелуі төңірегінде болды. Мәселен, Моңғолияның Бай-Өлке қаласындағы қазақ әдебиеті жөнінде зерттеулер жүргізіліп, кейбір ақындардың шығармаларына тоқталғанымен, қазіргі таңдағы жекеленген қазақ қаламгерлерінің шығармаларына тілдіктанымдық, көркемдік ерекшеліктеріне интерпретациялық тұрғыдан нақты қалам тартыла берген жоқ. Осындай көрнекті ақындардың бірі – Сұраған Рахметұлы. Сұраған Рахметұлы Моңғолиядағы қазақ әдебиетінің көшбасында тұрған тілі орамды ақындардың бірі. Мақалада Сұраған Рахметұлы поэзиясының тілдік қолданысы, көркемдік мазмұны туралы сөз болады. Ақын өлеңдерінен мысалдар келтіре отырып, ішкі мазмұнына үңілу, тілдік талдау жұмыстары жүргізілген. Сұраған ақынның шығармаларына интерпретациялық талдау жасалына отырып, ондағы ақынның өлеңді жеткізудегі шеберлігі, тілдіккөркемдік ерекшеліктеріне кеңінен тоқталынған.
  • ItemOpen Access
    Қазіргі әдебиеттанудағы герменевтикалық, структуралистік және семиотикалық зерттеу тәсілдері
    (Suleyman Demirel University, 2011) Еркінбаев Ұ
    Мақалада қазіргі әдебиеттануда кеңінен қолданылатын герменевтикалық, структуралистік және семиотикалық зерттеу тәсілдерінің теориялық негіздері мен ерекшеліктері қарастырылады. Герменевтика мәтінді түсіндіру мен интерпретациялауға бағытталса, структурализм көркем туындыны тұтас құрылым ретінде зерттейді. Ал семиотикалық әдіс әдеби шығарманы таңбалар мен белгілер жүйесі ретінде талдайды. Бұл үш тәсілдің басты мақсаты – көркем мәтіннің терең мағыналық, құрылымдық және таңбалық қабаттарын ашу болып табылады. Зерттеу барысында аталған әдістердің өзара байланысы мен айырмашылығы, сондай-ақ олардың қазіргі қазақ әдебиеттануындағы қолданыс аясы талданады. Герменевтикалық тәсіл мәтінді мәдени және тарихи контексте түсінуге мүмкіндік берсе, структурализм мәтіннің ішкі жүйесін, құрылымдық қатынастарын анықтауға бағытталған. Семиотикалық әдіс таңбалар арқылы мағына түзілу процесін саралайды. Мақалада осы үш бағыттың синтезі көркем шығарманы кешенді түрде талдаудың тиімді жолы екені дәлелденеді.
  • ItemOpen Access
    ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ҚАБЫЛДАУ МЕН ТҮСІНУДІҢ БІР ЖОЛЫ
    (Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы, 2019) Отарбаева Ғ.Н; Жұмақаева Б.Д.
    Мақалада көркем шығарманы интерпретациялаудың тәсілдері мен түрлері, олардың туындауы туралы зерделенеді. Көркем мәтінді түсінуде интерпретацияның түрлі тәсілдері мен түрлері қарастырылады. Қабылдау мен түсінудің арақатынасы, интепретацияның негізгі түрлері мен қызметі, көркем шығарманы түсінудің тәсілдері мен деңгейлері сараптала отырып, негізгі ой-тұжырымдар ғалымдар пікірлерімен дәйектеледі. Интерпретация теориясының негізгі мәселері мен олардың туындау себептері айтылады
  • ItemOpen Access
    Медиапространство в контексте публичной истории: механизмы демократизации и интерпретации прошлого
    (SDU Journal of Media Studies, 2025) Зульфия Имярова; Риад Курбанов
    В статье предлагается новый взгляд на роль массмедиа в формировании и распространении исторического знания. Медиапространство рассматривается не только как канал обмена информацией, но и как важный элемент развития «publichistory». Оно выполняет две ключевые функции:служит средством распространения и интерпретации исторического знания, а также выступает инструментом демократизации, так как снимает барьеры между узким кругом профессиональных историков и широкой аудиторией. Тем самым медиа расширяют охват слушателей и читателей, стимулируют интерес к прошлому и предоставляют различным социальным группам возможность участвовать в обсуждении значимых исторических событий и процессов. Для исследования применялись междисциплинарные методы, в том числе дискурсивный и контент-анализ современных казахстанских медиаматериалов: подкастов в социальных сетях, новостных статей, телепрограмм, документальных фильмов и онлайн-публикаций, многие из которых доступны на трёх языках (казахском, русском и английском). Эти подходы позволили выявить как позитивные, так и проблемные аспекты роли массмедиа в процессах демократизации исторического знания. Результаты исследования показывают, что медиатизация истории является одним из факторов укрепления демократических практик. Однако эффективность этого процесса во многом определяется степенью вовлечённости профессиональных историков –специалистов в узких областях, таких как медиевистика или регионоведение–в интерпретацию и представление исторического материала.