2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Қазақ-орыс қостілділік жағдаятындағы морфологиялық интеркаляция(Suleyman Demirel University, 2011) Абнасырова Р.Ж.Бұл мақалада қостілділік, интерференция және интеркаляция сияқты терминдерге анықтама беріліп, қазақ-орыс қостілділігінде ауызекі сөйлеуде кездесетін морфологиялық интеркаляция мәселесі қарастырылады. Қостілділік жеке адамның немесе қоғамның екі тілді қатар қолдануын білдіреді. Интерференция әдетте үстем тілдің екінші тілге әсері ретінде көрінеді, ал интеркаляция екінші тілдің бірінші тілге кері әсерінен туындайтын нормадан ауытқу деп саналады. Мақалада қазақ тілінде орыс тілінен енген морфологиялық қосымшалар мен олардың күнделікті сөйлеудегі қолданылуы мысалдар арқылы көрсетілген. Бұл құбылыс тілдің табиғи құрылымына әсер етіп, тіл мәдениетінің өзгеруін тудырады. Мақала екі тілдің ұзақ уақыттық ықпалының нәтижесінде морфологиялық құрылымдағы өзгерістерді талдайды.Item Open Access ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚОСТІЛДІЛІГІНДЕГІ ИНТЕРКАЛЯЦИЯ(Suleyman Demirel University, 2014) Абнасырова Райхан Жалгасбаевна«Қазақ-орыс қостілділігіндегі интеркаляция» атты оқу құралы қостілділік жағдаятындағы қазіргі қазақ сөйлеу тіліндегі интеркаляция мәселесіне арналады. Оқу құралында келтірілген тілдік деректер, нәтижелер қоғамның сөйлеу мәдениетінің көрсеткіші бола отырып, бүгінгі тіл тазалығының қандай дәрежеде екендігін, лингвоэкологияның қай бағытқа қарай ойысып бара жатқандығын және қай дәрежеде екендігін бағамдауға мүмкіндік береді. Жұмыста берілген бақылау нәтижелері, тұжырымдар мен қосымша материалдар Әлеуметтік лингвистика, Жалпы тіл білімі, Тіл біліміне кіріспе, Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы, Практикалық стилистика, Тіл мәдениеті және Тілдік қатынастар теориясы курстарын оқытуда қажеттілікті өтей алады.