Қазақ-орыс қостілділік жағдаятындағы морфологиялық интеркаляция
Loading...
Date
2011
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Бұл мақалада қостілділік, интерференция және интеркаляция сияқты терминдерге анықтама беріліп, қазақ-орыс қостілділігінде ауызекі сөйлеуде кездесетін морфологиялық интеркаляция мәселесі қарастырылады. Қостілділік жеке адамның немесе қоғамның екі тілді қатар қолдануын білдіреді. Интерференция әдетте үстем тілдің екінші тілге әсері ретінде көрінеді, ал интеркаляция екінші тілдің бірінші тілге кері әсерінен туындайтын нормадан ауытқу деп саналады. Мақалада қазақ тілінде орыс тілінен енген морфологиялық қосымшалар мен олардың күнделікті сөйлеудегі қолданылуы мысалдар арқылы көрсетілген. Бұл құбылыс тілдің табиғи құрылымына әсер етіп, тіл мәдениетінің өзгеруін тудырады. Мақала екі тілдің ұзақ уақыттық ықпалының нәтижесінде морфологиялық құрылымдағы өзгерістерді талдайды.
Description
Keywords
Қостілділік, интерференция, интеркаляция, морфологиялық өзгеріс, қазақ-орыс тілдері, ауызекі сөйлеу, тілдік ықпал, тіл мәдениеті
Citation
Абнасырова Р.Ж. / Қазақ-орыс қостілділік жағдаятындағы морфологиялық интеркаляция / Suleyman Demirel University/ СДУ хабаршысы, 2(18).