2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Қазіргі қазақ поэмаларының тарихи-тақырыптық сипаты(Suleyman Demirel University, 2012) Керімбекова Б.ДПоэманың жанр ретіндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға байланысты орыс және қазақ әдебиеттануында өте көп айтылды, түрлі пікірлер кездеседі. ХХ ғасыр әдебиетінде поэма жанры сияқты әдебиеттанушылардың арасында айтыс-тартыс тудырған жанр сирек. Сондықтан болар, поэма жанры туралы айтылған пікірлерде бірізділік жоқ, поэманың жанр ретіндегі ерекшелігі, оның түрлері, тіпті поэмаға беріліп жүрген анықтаманың өзі әлі де дәлдікті талап етеді. Өйткені, В. Кубилюстің сөзімен айтар болсақ: «Әрбір әдеби жанрды басқа әдеби жанрлардан оқшау, байланыссыз, томаға-тұйық автономия» ретінде қарауға болмайды. Әдебиет те өмір сияқты, диалектика заңына тәуелді. Қатып қалған қағидасы болмайды. Өмір ағынымен қатар адам, оның әлемді қабылдауы өзгереді, содан келіп әдебиетте жаңа идеялар пайда болады.Item Open Access ЭКОЛОГИЯ ПӘНІН ӘРТҮРЛІ МАМАНДЫҚТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(Suleyman Demirel University, 2016) Бекенова Г.С.; Йылмаз С.; Жұмақаева Б.Д.Мақалада «Экология және тұрақты даму» пәнін әртүрлі мамандықтарда оқытудың өзектілігі мен ерекшеліктері сауалнама жүргізу арқылы жан-жақты зерттелді. Сауалнама соңғы бес жылда оқытылған он үш мамандық бойынша өткізілді. Университетіміздің төрт факультетінде білім алатын студенттер, саласына қарай техникалық, экономикалық, тіл білімдері және заң ғылымдары болып топтастырылды. «Экология және тұрақты даму» курсы аяқталғанан кейін әрбір факультет студенттерінен пәнді игерудегі есінде қалған маңызды мәліметтер мен алынған білімнің қаншалықты қызықты, пайдалы болғандығы жөнінде сауалнама жасалды. Білімгерлердің қызығушылығы мен пікірін ескере отырып, пәннің мазмұны мен тақырыптары жаңартылып отырылды. Сауалнама нәтижесі бойынша пәннің мультидисциплинарлы, яғни әртүрлі ғылымдармен байланысы бар - болуына байланысты студенттер арасында үлкен қызығушылық тудыратыны көрсетілді. Әсіресе, мемлекетіміздің үштұғырлы тіл саясатын қолдау үшін, сабақты ағылшынша жүргізу, студенттердің төменгі курстарда тілдік деңгейін дамытуда оң ықпал ететіндігі анықталды. Сондай-ақ, әрбір топтың мүшелері өздерінің мамандығына жақын тақырыптарды өзекті деп санайтындығы байқалды.