ЭКОЛОГИЯ ПӘНІН ӘРТҮРЛІ МАМАНДЫҚТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Loading...
Date
2016
Authors
Journal Title
Journal ISSN
Volume Title
Publisher
Suleyman Demirel University
Abstract
Мақалада «Экология және тұрақты даму» пәнін әртүрлі мамандықтарда оқытудың өзектілігі мен ерекшеліктері сауалнама жүргізу арқылы жан-жақты зерттелді. Сауалнама соңғы бес жылда оқытылған он үш мамандық бойынша өткізілді. Университетіміздің төрт факультетінде білім алатын студенттер, саласына қарай техникалық, экономикалық, тіл білімдері және заң ғылымдары болып топтастырылды. «Экология және тұрақты даму» курсы аяқталғанан кейін әрбір факультет студенттерінен пәнді игерудегі есінде қалған маңызды мәліметтер мен алынған білімнің қаншалықты қызықты, пайдалы болғандығы жөнінде сауалнама жасалды. Білімгерлердің қызығушылығы мен пікірін ескере отырып, пәннің мазмұны мен тақырыптары жаңартылып отырылды. Сауалнама нәтижесі бойынша пәннің мультидисциплинарлы, яғни әртүрлі ғылымдармен байланысы бар - болуына байланысты студенттер арасында үлкен қызығушылық тудыратыны көрсетілді. Әсіресе, мемлекетіміздің үштұғырлы тіл саясатын қолдау үшін, сабақты ағылшынша жүргізу, студенттердің төменгі курстарда тілдік деңгейін дамытуда оң ықпал ететіндігі анықталды. Сондай-ақ, әрбір топтың мүшелері өздерінің мамандығына жақын тақырыптарды өзекті деп санайтындығы байқалды.
Description
Keywords
Өзектілік, ерекшелік, мультидисциплинарлы байланыс
Citation
ЭКОЛОГИЯ ПӘНІН ӘРТҮРЛІ МАМАНДЫҚТАРДА ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ / Бекенова Г.С., Йылмаз С., Жұмақаева Б.Д. / Suleyman Demirel University - 2016