2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ САЯСАТЫ(Suleyman Demirel University, 2016) Төлен Ж.М.Аталған мақалада автор қоғамның саяси тұрақтылығы бүгінгі таңда барлық мемлекеттер үшін өте маңызды, өткір мәселеге айналып отырғанын атап, мемлекеттің тұрақты стратегиялық дамуы ішкі саяси тұрақтылықсыз амалға аспайтынын меңзейді. Сондықтан қандай да бір ел болмасын ең бірінші өзінің ішкі саяси тұрақтылығы мен біртұтастығын сақтауға сол арқылы мемлекеттің ортақ идеологияға топтасуына негізделуі қажет. Көпэтносты, көпконфессиялы Қазақстан үшін елдің ішкі саяси тұрақтылығын сақтау тәуелсіздік жылдарынан бастап мемлекеттің стратегиялық бағдары болғанын атап өтеді.Сонымен қоса мақалада көпэтносты қазақстан қоғамында этносаралық қатынастардың дамуы мен оны реттеудің тетіктері көрсетіледі. Мемлекетте азаматтық қоғамды дамыту және азаматтардың бойында толеранттылық пен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыру, Қазақстандағы этносаралық қатынастарды реттеудің басты жолы болып табылатындығы аталады. Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың орнауы тікелей мемлекетте қалыптасып отырған этносаралық келісімнің қазақстандық моделіне байланысты қарастырылады.Item Open Access ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ(Suleyman Demirel University, 2016) Адилова К. А.Бұл мақала Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуына, сондай-ақ Қазақстанда заң үстемдігі мен азаматтық қоғамды дамытуға арналған. аралық қатынастардағы тəуелсіздігін білдіреді. Мемлекет қоғамның өкілі бола тұра оны басқарады жəне оның дамуын қамтамасыз етеді, сондайақ, бүкіл қоғам атынан ресми істі жүргізе алады. Өзінің аумағындағы барлық адамдарға, ұйымдар мен мекемелерге міндетті заңдар мен ережелерді шығаруға мемлекеттің ғана құқығы бар.