ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ САЯСАТЫ

Loading...
Thumbnail Image

Date

2016

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

Suleyman Demirel University

Abstract

Аталған мақалада автор қоғамның саяси тұрақтылығы бүгінгі таңда барлық мемлекеттер үшін өте маңызды, өткір мәселеге айналып отырғанын атап, мемлекеттің тұрақты стратегиялық дамуы ішкі саяси тұрақтылықсыз амалға аспайтынын меңзейді. Сондықтан қандай да бір ел болмасын ең бірінші өзінің ішкі саяси тұрақтылығы мен біртұтастығын сақтауға сол арқылы мемлекеттің ортақ идеологияға топтасуына негізделуі қажет. Көпэтносты, көпконфессиялы Қазақстан үшін елдің ішкі саяси тұрақтылығын сақтау тәуелсіздік жылдарынан бастап мемлекеттің стратегиялық бағдары болғанын атап өтеді.Сонымен қоса мақалада көпэтносты қазақстан қоғамында этносаралық қатынастардың дамуы мен оны реттеудің тетіктері көрсетіледі. Мемлекетте азаматтық қоғамды дамыту және азаматтардың бойында толеранттылық пен өзара түсіністік мәдениетін қалыптастыру, Қазақстандағы этносаралық қатынастарды реттеудің басты жолы болып табылатындығы аталады. Қазақстандағы саяси тұрақтылықтың орнауы тікелей мемлекетте қалыптасып отырған этносаралық келісімнің қазақстандық моделіне байланысты қарастырылады.

Description

Keywords

Этносаралық қатынастар, азаматтық қоғам, саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім, демократия, консенсус

Citation

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭТНОСАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ САЯСАТЫ / Төлен Ж.М. / Suleyman Demirel University - 2016