16 results
Search Results
Now showing 1 - 10 of 16
Item Open Access НАЗАР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ ЖӘНЕ ГИПЕРАКТИВТІЛІКТІҢ БҰЗЫЛУЫ БАР МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР (қазақ тілі пәні бойынша)(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Қанен А.Аңдатпа Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылық, әрбір баласы – еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде практикалық медицинада жаңа проблема «зейін мен назар жетіспеушілігі» синдромы пайда болды. Синдромның табиғаты туралы кеңінен ақпарат алу үшін биология, генетика, психология, неврология және психиатрия саласында көптеген зерттеулер жүргізілді. Назар жетіспеушілігінің бұзылуы және гиперактивтілік (СДВГ) - бұл мектепке дейінгі немесе ерте мектеп жасында жиі кездесетін психофизиологиялық бұзылыс. Ерекше балалар үшін мінезқұлқын бақылау және назар аудару қиын екені белгілі. ЗЖГС-ның негізгі көріністері – гиперактивтілік, назардың жетіспеушілігі және импульсивтілік. Еліміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі – білім беру жүйесінің дамуы. Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Бұл мақала инклюзивті білім беруді анықтау тәсілдерін қысқаша қарастырудан және демократиялық қоғамдағы азаматтық құқық аясында ерекше балаларға қазақ тілін үйреудегі әдістәсілдермен бөлісу мақсатында жазылды.Item Open Access ПРАВОВЫЕ ПРОБЛЕМЫ ПЕРСОНАЛЬНЫХ ДАННЫХ ПРИ ИСПОЛЬЗОВАНИИ ИНТЕРНЕТ-БАНКИНГА(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Елубаева Ш.A.; Бимбетов А.Б.Аннотация В настоящей работе исследуются вопросы правового регулирования защиты персональных данных при использовании интернет-банкинга. Авторами проанализированы как законодательные, так и подзаконные акты в этой сфере, в том числе закон РК «О персональных данных и их защите». В работе раскрыта правовая сущность персональных данных, в том числе и перечень информации, составляющие персональные данные согласно законодательству Республики Казахстан и исследованиям отечественных и зарубежных ученых. Также проведен анализ правовых способов защиты персональных данных при пользовании гражданами отечественным интернет-банкингом. В заключении авторы предложили ряд мероприятий, связанных с совершенствованием законодательства Республики Казахстан в сфере защиты персональных данных. Ключевые слова: персональные данные, защита персональных данных, банк, интернет-банкинг, информационная безопасность.Item Open Access ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ СЮЖЕТТІК ЖЕЛІСІ МЕН ТАРТЫСЫН ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ КӨЗҚАРАСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Шүкей Г.Прозалық шығармалар – өмір шындығын өнеге ететін, бала қиялын шарықтата алатын сөз өнері. Бұл мақалада прозалық шығармаларды оқыту, олардың сюжеттік желісі мен тартысын талдау жолдары анықталады. Әдеби көркем шығармаларды әр түрлі талдау тәсілдері арқылы білімгерлердің сыни көзқарастарын қалыптастыру жолдары талқыланады. Бұл тұста сыни көзқарас қалыптастыру әдіс-тәсілдерін тұрақтандыру қажеттілігі туатыны анықталып, педагогикалық технологиялардың базистік ерекшеліктерін, жаңашыл новаторлық технологиялардың талаптарын, ұстанымдарын біріктіріп оқыту жүйесін орнату мүмкіндіктері қарастырылды. Білім беру жүйесіндегі көркем шығарманы игеру, оны талдау маңыздылығы сипатталады. Негізгі шығарманың тағандары болып есептелетін жалпы шығарманың құрылысы, идеялық мазмұны, шығармадағы тартыс мәселесін талдаудағы баланың өзіндік ойы мен пікірін дамыту қалай жүзеге асады, оның маңыздылығы қандай, түрлі талдаулар нұсқаларын тұтастырып, талдау жүйелерін құру мәселелері талданады.Item Open Access МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА SCRATCH АРҚЫЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІН ҮЙРЕТУ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Саймасай Г.Б.; Оразов О.О.; Беккожаев Б.А.; Дауытжанова Б.А.; Көпбай М.К.; Баймуратова Г.А.Аңдатпа Мақала дамыған технология дәуірінде мұғалімнің білім берудегі рөлін қарастырады Цифрлық технологияның білім беруде қолданылуы жағдайына анализ жасалады. Технология жетістіктерін білім беру ісінде қолдануда «ұлттық код», ұлттық сананың жаһандық білім мен технологияға ашықтығы» ұғымдарын негізге алады. Білім беру саласында цифралық технлогияны пайдалануда негізге алынатын факторларды анықтап көрсетеді. Мектеп оқушыларына ойын-жобасы түрінде Scratch ортасында бағдарламалауды үйретудің мүмкіндіктерін қарастырады. Ойын арқылы бағдарламалау тілін үйретуде негізге алынатын педагогикалық, психологиялық әдістемелер мен баланың ортасы, дүниетанымы факторларының ғылыми теориялық, тәжірибелік негіздері көрсетіледі. Scratch арқылы ойын жасауда «ұлттық код», «ұлттық сананың жаһандық білім мен технологияға ашықтығы» көзқарасы негізге алынған. Зерттеу жұмысы «шынашақ саусақтар бағдарламалау тілін жазсын» деген концепциямен жолға шығып, балаларға кішкене жастан бастап бағдарлама тілін үйретудің өзектілігі мәселесін шешуге бағытталады.Item Open Access «АЛАШТАНУ» КУРСЫ (БАСТАМА РЕТІНДЕ)(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Өзбекбай Ә.Н.Аңдатпа «Алаштану» курсы (бастама ретінде): «Aлaштaну» куpcын бipлi-жapым мeктeптepдe oқыту шapaлapы қoлғa aлынғaнымeн, aлaш идeяcын жaн-жaқты, тыңғылықты әpi жүйeлi түpдe жoғapы мeктeптepдe oқытудың ғылыми-әдicтeмeлiк кeшeнi әлi жacaқтaлмaғaн. Бұл тaқыpып бүгiндe ғaлымдap apacындa apaгiдiк cөз бoлғaнымeн, түпкiлiктi шeшiмiн тaппaй кeлe жaтқaн күpмeуi қиын мәceлeлepдiң бipiнe aйнaлғaн. ХХ ғacыp бacындaғы ұлт зиялылapы қaлыптacтыpғaн тәуeлciз Aлaш идeяcы қoғaмдық caнaның eң биiк көpiнici eдi. «Aлaш» қoзғaлыcы, «Aлaш» пapтияcы, aлaш идeяcы, Aлaшopдa үкiмeтi – ұлт тәуeлciздiгi үшiн күpecкeн, ұлттық pухпeн, мeмлeкeтшiлдiк идeямeн cуcындaғaн қaйpaткep тұлғaлapдың epeн eңбeгiнiң, қaжыpқaйpaтының, epiк-жiгepi мeн ұшaн-тeңiз бiлiмдepiнiң нәтижeci бoлaтын. Coл қиcaпcыз бiлiмдepiн, ұлтын шeкciз cүйгeн әзиз жүpeктepiн aлaш aлыптapы қaзaқ жepi мeн мeмлeкeттiлiгiн caқтaуғa, хaлықтың ұлттық идeяcы мeн pухaни-мәдeни, тapихи caнacын қaлыптacтыpу жoлындa жұмcaды. Coндықтaн дa aлaш көceмдepiнiң eл игiлiгi жoлындa aтқapғaн игi icтepiнiң мәнi мeн мaңызын, тapихи құндылығын бoлaшaқ мaмaндapдың жaдындa жaңғыpтып, oлapдың ұлттық caнa-ceзiмдepiн, ұлтжaндылық, зияткepлiк қacиeттepiн, aзaмaттық көзқapacтapын дaмытуғa тиicпiз. Хaлқымыздa «көpгeнi бap көpгeнiн icтeйдi, көpгeнi жoқ oйынa кeлгeнiн icтeйдi» дeгeн oйлы cөз бap. Oлaй бoлca, cтудeнттepдi көpгeнi мeн түйгeнi мoл ХХ ғacыp бacындaғы ұлт зиялылapының eңбeктepi apқылы кәciби бiлiктiлiгi жoғapы, бәceкeгe қaбiлeттi, ұлттық құндылықтapды жeтe бaғaлaйтын мaмaн eтiп тәpбиeлeуiмiз кepeк.Item Open Access МӘТІНДІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Валибаева Н.Мақалада мәтінді прагматикалық талдау және оны оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады. Мәтінді көп өлшемді зерттеу, оны прагматикалық талдау автор мен оқырманның өзара әрекеттесуін ашады. Прагматикалық мәтіндерді қолдана отырып, тілді оқытудың тиімділігі мен оң тәжірибесі әртүрлі зерттеулерде дәлелденген. Ол адресаттың берген ойын жан-жақты талдап, толық қабылдап іске асыруға мүмкіндік береді. Прагматикалық талдау әдісі көркем шығармаларға да, баспасөз мақалаларына да толық қарастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мектеп қабырғасында мәтінді прагматикалық тұрғыдан талдай алатын оқушы оны құрастыруға да қабілетті болады. Яғни бұл оның шығармашылық қабілетін ашуға мүмкіндік беріп, оны жан-жақты дамытуға да пайдасы мол. Бұл мақалада мәтінді прагматикалық талдаудың маңыздылығын толықтай ашып және оларды оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер беріледі. Бұл талдау әдісін мектеп оқушыларына үйрете отырып, олармен мектеп бағдарламасында берілген көркем мәтіндермен жұмыс істеу, оқушылардың өздеріне дайын прагматикалық мәтін құрастыра алуды үйрету – бұл жұмыстың негізгі мақсаты.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Айтқазина Т.Аңдатпа Мақалада мақалада қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын қолданудың тиімділігі талқыланады. Қазақ тілін оқытуда мұғалімнің білім мен дағдылар қалыптастырып, жас буынның ой-өрісін дамытып, функционалды сауатты оқушыларды тәрбиелеп шығаруда және қазақ тілін оқытуда Блум таксономиясын барынша тиімді пайдаланудың әдістік қолданыстары мен ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады. Блум таксономиясының білім беру процессіндегі, соның ішінде қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері ұсынылады.Item Open Access МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫНДАҒЫ САЛУ ЕСЕПТЕРІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2020) Қайнарбай Н.Мақалада салу есептерінің деңгейлері: талдау, зерттеу, салу, дәлелдеу бөлімдері толығымен ашылып, талданады. Салу есептері оқушылардың ойлау қабілетін, математикалық ойлауын қалыптастырып, дамытады. Есеп шығару барысында әрбір кезеңді бөліп, қандай маңызға ие екенін көрсеттік. Салу есептері 7-8 сынып оқушыларына соңғы тоқсанда оқылады. Бірақ оқушыларға түсінікті тиімді, білімін толықтыруға жеңіл әдіс – тәсіл таңдалмауы, геометрия пәніне арналған оқулықтардағы тапсырмалардың аталған тақырыпқа аз берілуі. Мектеп математика мұғалімдерінен жіне 7-8 оқушыларынан салу есептеріне байланысты әңгіме-сауалнама алу алынды. Сауалнама нәтижесінде қорытынды жасалып, мысал-есеп алып әр бөлімді бөліп, есеп шығару барысында маңызын көрсеттік. Сауалнамадан оқушылардың салу есептерінің шығару жолдарының бөліктерін білмейтінін байқасақ болады. Салу есептерін шешудегі мақсат: берілген құралдар арқылы керекті фигураны салу. Мұғалімдердің пікірінше салу есептеріне жеткілікті көңіл бөлінбейді, оқулықта қосымша есептер болу керек, деңгейлері күрделі болған соң, оқу жоспарына қосымша сабақтар қосылу керек және салу есептеріне байланысты үйірме ашылу керек деп есептейтінін көрсек болады.Item Open Access INVOLVING YOUNG PEOPLE IN SECONDARY SCHOOL: INCREASING INTEREST IN LEARNING A FOREIGN LANGUAGE(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Saidualieva A.Abstract The article considers the reasons for the decline in the level of students' interest in learning a foreign language. The relevance of this article lies in the problem of modern youth - low interest and lack of demand for educational activities during the educational process. The aim of the work is to increase the interest of students in learning a foreign language. Training works best when young people can focus deeply on several things at the same time; when they see a clear goal in the learning activities; and when they play an active role, they jointly design, interpret, apply, understand and connect. To successfully engage young people in education, students must be able to do more than just be participants. Young people need to be active and develop critical thinking. Research methods: comparison and search of materials, analysis, and study of thematic literature.Item Open Access БАҚ – ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Жүнісбекова Б.Д.Аңдатпа. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында кез-келген төтенше оқиға немесе табиғи апат ақпараттық-коммуникациялық резонанс алады, бұл жаңалықтың хабарлау сипатына қарай апаттың салдарын күшейтеді немесе адамдарды депрессия, апатиядан қорғауға көмектеседі, яғни әлеуметтік салада психотерапияның бір түрін жүзеге асырады. Қазіргі кездегі бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз - қоғамға, экономикаға, саясатқа, эстетикаға белсенді әсер ететін нақты әлеуметтік-саяси фактор. Ол көзқарасты, талғамды, дүниетанымды анықтайды және қалыптастырады. Адамдар телеарналар ұсынатын әр түрлі бағдарламаларды көреді. Табиғи және техногендік апаттар, түрлі масштабтағы оқиғалар сияқты экстремалды оқиғаларды қамтитын бағдарламалар ерекше орын алады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы төтенше оқиғалар туралы жаңалықтар ақпарат нарығының ең танымал мазмұны болып табылады. Соңғы онжылдықта телеарналарда, баспа және интернет БАҚ-та, радиода жаңалықтарды тезірек және сапалы дайындауға жағдай жасалды. Күн сайын ақпараттық жобалардың саны мен сапасы артып келеді, бұл ақпараттық өнімдердің өздерін де, тәжірибелерін де, оларды дайындау ерекшеліктерін де зерттеу өзектілігін дәлелдейді.