Search Results

Now showing 1 - 10 of 11
  • ItemOpen Access
    ЦИФPЛAНДЫPУ ЖAҒДAЙЫНДA БIЛIМ БEРУДIҢ 8-СЫНЫП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Bаzаrbекоvа D.
    Аңдатпа. Осы тақырыпта цифрландыру аясында ортанғы сыныптарда геометрия пәніне талдау жүргізіп, дайарлаудың керекті әдістерін пайдалану керектілігі теориялық тұрғыда көрсетілген. Цифрландырудың қиын тұстары білім беру саласында болуы мүмкін. Математика сабақтарында скаляр шамаларды тиімді шешу жолдары қарастырылған. Ақпараттық технологияларда геометриялық жүйенің тиімділігі көрсетілген. Қандайда бір есептерді түрлі формулалармен шешу жолдары нақтыланған. Ғылыми калькулятормен қалай дұрыс жұмыс жасау керек екендігі баяндалған. Кез келген тақырыпты оқытқанда басқа геометриялық фигураларды және оларға сәйкес скалярларды пайдаланып есептер құрастыруға және шешуге болады. Сонымен қатар, әртүрлі математикалық модельдерді қолдана отырып, мәселені әртүрлі тәсілдермен шешу мүмкіндігін атап, өту маңыздығын арттыру бағыты нақты баяндалған. Пайдаланылған әдебиеттер де дәлме дәл көрсетілген.
  • ItemOpen Access
    ОРГАНИЗАЦИЯ ВЗАИМОДЕЙСТВИЙ МЕЖДУ УЧЕНИКОМ И УЧИТЕЛЕМ НА УРОКЕ МАТЕМАТИКИ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Орынбекова А.А
    Аннотация. В данной статье описывается методика организации взаимодействия между учениками и учителем на уроке математики. Рассматривается такой метод организации как взаимодействие учителя и ученика. Одним из способов взаимодействия является самостоятельная работа, а также ее ключевые аспекты, позволяющие более эффективно проводить организацию преподавательской деятельности. В качестве примера была рассмотрена средняя школа, учителя которой активно применяют приемы организаторского взаимодействия учителя и учеников. Был рассмотрен пример показательного урока, на котором учитель взаимодействует с учениками посредством опроса. Вследствии такого опроса учитель определяет уровень знаний учеников для построения эффективного плана урока. Для учеников же такой опрос служит одним из способов повторения пройденного и подготовкой к новому материалу. Также для статистики ученики всей школы участвуют в опросе, нравится ли им заниматься математикой. Данные записываются в виде диаграммы и впоследствии выдвигаются соответствующие выводы.
  • ItemOpen Access
    ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ «ҒАСЫРДАН ДА ҰЗАҚ КҮН» РОМАНЫНДАҒЫ УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК КАТЕГОРИЯСЫ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай І.Ө.
    Аңдатпа. Мақалада қырғыз халқының жазушысы Шыңғыс Айтматовтың алғашқы туындыларының бірі «Ғасырдан да ұзақ күн» романы мен хронотоп мәселесі қарастырылды. Қазақ прозасындағы көркем уақыт пен кеңістік мәселесіндегі психологизм, кейіпкерлер әлемі, эмоциялық құбылулардың сюжет динамикасына әсері сөз болып, авторлық баяндауға ден қойылды. Көркем кеңістік пен уақыт байланысы күрделі сипат алған Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романы талданды. Әдеби көркем туындыда кеңістік пен уақыт белгілері, оның сипатын беретін негізгі элементтер түр-түрге бөлініп шығарма құрылымын құрайды. Мақалада олардың арасындағы байланыс пен алшақтық, бірігуі мен бөлінуінің автор қолданысындағы көрінісі қарастырылды. «Боранды бекет» аталып кеткен Ш. Айтматовтың шығармасындағы сюжеттік құрылымында маңызды рөл атқарған уақыт және кеңістік категориясының түрлеріне кеңірек тоқталып, романнан үзінді мысалдармен дәйектелді.
  • ItemOpen Access
    ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗУ САУАТТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ДАҒДЫНЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Шаимкулова Аида
    Аңдатпа. Жазуды меңгеруде үйретілетін лингвистикалық дағдының бірі – орфографиялық дағды. Орфографиялық дағды – өте күрделі үдеріс. Бұл дағды – сөздің дыбыстық құрамына, грамматикалық білімге сүйене отырып, орфограмманы тану және оған лайық ережелерді қолдана білу дағдыларын қарастырады. Мақалада жазуда орфографиялық дағдыны қалыптастыру және оны дамытуға байланысты зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектеріне жалпы шолу жасалады. Білім беру үдерісінде орфографиялық дағдының алатын орны мен маңыздылығы туралы сөз қозғай отырып, орфографиялық дағдыны дамытуға арналған дәстүрлі жүйеге негізделген, әрі цифрлық оқыту бағдарламалары арқылы түзілген тапсырмалар жиынтығы ұсынылған.
  • ItemOpen Access
    ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫ ПОВЕСТЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Нұрбану К.
    Аңдатпа. Мақалада жазушы Жұмабай Шаштайұлының шығармаларындағы әйелдер образына талдау жасалды. «Аспанқора повесіндегі Ханымкүл образы мен Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі Шолпанның образына салыстырмалы талдау жасалып, образдардың типологиялық ерекшеліктері, жасалу жолдары анықталды, кейіпкер характерін сомдаудағы автордың мотивтері, ұстанымы анықталды. Аталған повестегі Қаламқас образы және «Құралайдың салқыны» повесіндегі Қадірсіздің образына талдау жасалып, олардың дәстүрлі қазақ әйелдерінің келбетін сомдайтын типтік бейне екені дәлелденді.
  • ItemOpen Access
    ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА: КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Жолшаева М.С.; Балтамуратова Ж.А.
    Аңдатпа. Мақалада соңғы жылдары тіл ғылымындағы зерттеулерде қолданылып жүрген «эпистолярлық тілдік тұлға» тіркесінің терминдік статусына байланысты сұрақтар көтеріледі. Ғалымдардың тілдік тұлға феноменін зерттеудегі өзіндік концепциялары, соның ішінде тілдік тұлға типологиясын жасауда ескеретін критерийлердің түрліше болып келуіне орай тілдік тұлғаны топтастырудағы көзқарастары тіл ғылымының салаларына байланысты салыстыра қарастырылды. Эпистолярлық тілдік тұлғаны қарастыру барысында ескерілетін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға, эпистолярлық қарым-қатынас аясындағы автор образы және оның мәтінде тілдік көрініс табуының ерекшеліктеріне талдау жасалады. А.В.Курьяновичтің эпистолярлық тілдік тұлғаға берген анықтамасына сүйене отырып, эпистолярлық тілдік тұлғаның категориялық және типологиялық ерекшеліктері анықталады. Талдау материалы ретінде Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының М.Ғабдулин, М.Әуезов, М.Әбдіхалықовқа жазған хаттары негізге алынды.
  • ItemOpen Access
    ТӨРТІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А. А. Ералиева
    Аңдатпа. Мақала, элементар математика пәндерінің «жаңартылған бағдарламаға» көшуіне байланысты туындаған төртінші дәрежелі тендеулерді шешу мәселесіне арналған. Элементар математика бұл бағдарламаға көшкенге дейін де төртінші дәрежелі теңдеулер белгілі деңгейде қарастырылған. Алайда мектеп математикасының жаңа мазмұнға көшуі бұл жағдайға жаңа серпін береді деп ойлаймыз. Сол себепті, мақалада төртінші дәрежелі теңдеулерді шешудің жаңа тәсілі «Феррари әдісі» және оның негізінде шешілетін есеп түрлері қарастырылған. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының мамандарына, мұғалімдерге, докторанттар мен магистранттарға арналған.
  • ItemOpen Access
    ФРАЗЕОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДА КОГНИТИВТІКОММУНИКАТИВТІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Мереева Ә.
    Аңдатпа. Мақала қазақ фразеологиялық жүйесін оқытудың когнитивті және коммуникативті әдіс-тәсілін анықтауға бағытталған. Қазақ фразеологиясының типологиялық және лексика-семантикалық сипаты, фразеологизмдердің функционалды - стилистикалық жіктелімі және прагматикалық сипаты туралы анықтамалар бере келе, когнитивті сипаттары қарастырылады. Зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде мектепте фразеологизмдерді оқытудың когнитивті-коммуникативті моделін жүзеге асыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау жұмыстары ұсынылып, алдыға қойылған мәселелерді шешудің тиімді жолдары анықталады. Тіл білімінің лингвистикалық саласынан бастау алатын когнитивті сала мен когнитивті саланы белгілі бір тақырыпты меңгеруде қолдану бүгінгі таңда креативті жолдардың бірі саналады. Мақала қазақ тіліндегі фразеологизм тақырыбын когнитивтікоммуникативті әдістерге салу арқылы оқытудың тиімді нәтижелерін көрсетеді. Зерттеу жұмысын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері әдістемелік көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
  • ItemOpen Access
    БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ МӘТІН АРҚЫЛЫ МӘДЕНИТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Әбілда Ұлбала
    Аңдатпа. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Заман талабына сай білім беру жүйесі де өз алдына мақсат қойды. Ол өз ойы бар, барлық құзыреттіліктерді меңгерген, сауатты, психологиялық негіздерге сай білім алған, дүниетанымы кең, еркін ойлы тұлға дайындау. Соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, таным көкжиегін дамыту мақсатында «мәденитанымдық құзыреттілік» ұғымы жиі қолданылуда. Мәдениеттанымдық құзыреттілігі қалыптасқан, жетілген тұлға әрдайым сұранысқа ие. Оқыту процесінде оқушының қабылдауына, зейініне, танымына, түсінуіне мән берілу қажет. Мәденитанымдық мәтіндер арқылы баланы оқытудың мәні өте зор. Мәтін арқылы оқушылардың мәденитанымдық құзыреттілігі қалыптасатыны мақалада дәлелденіп отыр. Оқушылардың мәтін арқылы мәденитанымдық құзыреттілігін арттырудың психологиялық негіздері мақалада тереңірек қарастырылады
  • ItemOpen Access
    МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР, ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Э. Амантаева
    Аңдатпа. Мақалада үш мәселеге көңіл аударылған: біріншіден, жалпы мәтінді есеп, оның функциясы, математиканы оқыту барысындағы рөлі, мәтінді есептерді шешудің аналитикалық және синтетикалық тәсілдері, мәтінді есептерді бейнелеу сызбалары, мәтінді есептерді шешу кезеңдері. мәтіндік есептер жайлы осы сала ғалымдарының тұжымдамалары... Екіншіден, мәтіндік есеп ішіндегі жалпы білім беретін мектеп мазмұнындағы ең көп кездесетін қозғалысқа байланысты мәтінді есептер, қозғалысқа байланысты мәтіндік есептердің түрлері, шығару тәсілдері және сызбалары... Үшіншіден қозғалысқа байланысты есептердің көп кездесетін түрлеріне байланысты мысалдар, нақтырақ айтсақ, осы бағыттағы күрделі есептер және оларды шешу жолдары... Мақала математиканы оқыту әдістемесімен айналысатын мамандарға, мектеп математика мұғалімдеріне, магистранттарға арналған.