Search Results

Now showing 1 - 10 of 40
  • ItemOpen Access
    ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ РАЗВИТИЯ ЭТНИЧЕСКИХ МИГРАЦИОННЫХ ПРОЦЕССОВ В КАЗАХСТАНЕ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Татибеков Б.
    Аннотация. Статья раскрывает особенности проявления законов гравитации при анализе миграционных процессов населения. Особенностью статьи является то, что при исследовании этнических миграционных процессов, автор предлагает применять наряду с Пространственным детерминантом (расстоянием), также и Временной компонент. Кроме того, при исследовании этнической миграции, автор отмечает важность учета других факторов: политических, экономических, социальных, экологических и т.д. В то же время, по мнению автора, среди них политический – является наиболее важным фактором анализа. Отмечая важность политического фактора, автор подчеркивает важность и экономического фактора, т.к. различные уровни жизни в странах, где проживает один и тот же этнос, сказываются на их миграционных потоках. Причем, при анализе силы гравитации этого фактора, этническая миграция в основном происходит и направлена в одну стороны. Из страны с менее низким уровнем жизни в страну с более высоким уровнем.
  • ItemOpen Access
    САЯСИ ДИСКУРСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Жұмағұл А.Ә. ; Ордабекова Х.А.
    Аңдатпа. Бұл мақалада институционалды дискурстың бір тармағы болып табылатын саяси дискурстың құрылымы туралы баяндалды. Саяси дискурстың басқа дискурстың түрлері секілді өзіндік қатысушылары мен құрылымы, мазмұны, мақсаты жəне қоғамда атқаратын қызметі болатыны негізге алынды. Басқа дискурс түрлерінен айырмашылығы ретінде оның қоғамның бүкіл саласына, алуан түрлі əлеуметтік институттарды қамтитындығы түсіндірілген. Институционалды дискурстың бір тармағы ретінде мемлекеттің өз ішінде жəне халықаралық саяси аренада мүддесін қорғауда саяси дискурс басқа дискурс түрлерінен өте жоғары тұратынын атап өтілді. Дискурстың саясаттағы формасы, мазмұны жəне əлеуметтік-саяси контексті оның қатысушылары арқылы анықталатындығы мен мамандар тарапынан ұысынылып жүрген саяси шешімнің қабылдануына əсер ететін негізгі 3 деңгейдің қызметін сараланды. Саяси дискурстың атқаратын он төрт қызметіне жеке-жеке анықтама берілді.
  • ItemOpen Access
    КӨП ПАРАМЕТРЛІ ӨЛШЕУ КОНЦЕПЦИЯСЫ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ожикенов К.А. ; Айтимов М.Ж. ; Михайлов П.Г.
    Аңдатпа. Бұл мақала көптеген концепцияның көптеген қасиеттерін көрсетеді. Көп функционалды датчиктерді түрлендіру əдістерін сипаттау, сонымен қатар олардың схемалары ұсынылған. Ракеталы–космостық жəне ұшу техникасын (РКҰТ) жасауда жəне сынауда негізгі бақыланатын параметрлерге (60...80% дейін) қысым, температура жəне діріл жатады. РКҰТ–ның аэродинамикалық зерттеулер кезінде туындайтын акустикалық жəне дірілдік жүктемені, қысым пульсациясының шамасын жəне температуралық өріс градиенттерін бір мезгілде бақылауға жəне өлшеуге көпқызметті датчиктер мүмкіндік береді. Көпқызметті (аралас) датчиктерді қолдану өлшеудің ақпараттық толықтылығын арттырып қана қоймай, сыртқы əсерлерден пайда болатын қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді, себебі температура мəндері жəне діріл деңгейі туралы қосымша ақпарат қателіктерді автоматты түзетуге мүмкіндік береді.
  • ItemOpen Access
    «YOUTUBE» ЖЕЛІСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ РӨЛІ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) П.Б. Әжиева
    Аңдатпа. Бұл мақалада ғаламтор желілері, оны ішінде «youtube» желісінің сабақ процесінде көмекші құрал бола алуымен қатар қолжетімділігі жағынан артықшылығы жайлы сөз етіледі. Білім беруде кез келген тақырып бойынша дәл осы желіден түрлі материалдар тауып алуға болатыны бәрімізге мәлім, ал youtube-тің екінші қыры, яғни әр адам бәріне пайдалы бола алатындай материалдар жинақталған жеке канал ашу жағын оқытуда қаншалықты ұтымды пайдаланып жүрміз? Әсіресе қашықтықтан оқыту форматына өткелі бері білімгерлерге меңгерілу керек материалдарды барынша қолжетімді ету жағынан қандай әдіс-тәсілдерді қолданудамыз? Оқытудың онлайн форматында ғаламтордың артықшылығын айтпасақ та белгілі, бұдан бөлек әртүрлі желілерді оқу процесінде ұтымды пайдалана алуымыз да маңызды. Осы тұста мақалада видеосабақтар жайлы және сол видеосабақтардың барынша қолжетімді болуындағы «youtubey желісінің үлесі жайлы айтылмақ.
  • ItemOpen Access
    КИНО МАТЕРИАЛДАРЫ - ОҚУ МАҚСАТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БІР ҚҰРАЛЫ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.C. Жолшаева; A.H. Елемесова
    Аңдатпа. Мақалада кино материалдарын оқу мақсаттарын жүзеге асырудың бір құралы ретінде қарастырылады. Кино - көрнекі қозғалмалы бейнелер жасауымен қазіргі өмірді және онын барлық эстетикалық маңызын, өзіндік ерекшелігін кеңінен қамтуға қабілетті өнердің түрі. Дұрыс таңдалған кино үзінділері қазақ тілі сабағында грамматикалық тақырыпты меңгертудің құралы ғана емес, оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулуда көрнекі құрал және тиімді әдіс болып табылады. Мақалада грамматикалық тақырыптарды игерту мен құндылықтарға баулуда кино материалдарын қолдану нақты мысалдар арқылы көрсетіледі.
  • ItemOpen Access
    ЦИФPЛAНДЫPУ ЖAҒДAЙЫНДA БIЛIМ БEРУДIҢ 8-СЫНЫП ГЕОМЕТРИЯСЫН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Bаzаrbекоvа D.
    Аңдатпа. Осы тақырыпта цифрландыру аясында ортанғы сыныптарда геометрия пәніне талдау жүргізіп, дайарлаудың керекті әдістерін пайдалану керектілігі теориялық тұрғыда көрсетілген. Цифрландырудың қиын тұстары білім беру саласында болуы мүмкін. Математика сабақтарында скаляр шамаларды тиімді шешу жолдары қарастырылған. Ақпараттық технологияларда геометриялық жүйенің тиімділігі көрсетілген. Қандайда бір есептерді түрлі формулалармен шешу жолдары нақтыланған. Ғылыми калькулятормен қалай дұрыс жұмыс жасау керек екендігі баяндалған. Кез келген тақырыпты оқытқанда басқа геометриялық фигураларды және оларға сәйкес скалярларды пайдаланып есептер құрастыруға және шешуге болады. Сонымен қатар, әртүрлі математикалық модельдерді қолдана отырып, мәселені әртүрлі тәсілдермен шешу мүмкіндігін атап, өту маңыздығын арттыру бағыты нақты баяндалған. Пайдаланылған әдебиеттер де дәлме дәл көрсетілген.
  • ItemOpen Access
    THE USE OF ELEMENTS OF THE HISTORY OF MATHEMATICS IN TEACHING
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) M.D. Yeskendir
    Андатпа. Кез-келген мектеп пәндерінің тарихын зерттеу білім беру үдерісінің маңызды құрамдастарының бірі және оқушының жеке басын қалыптастыру болып табылады. Бұл ғылыми мақалада тарихи материалдарды мектеп математикасын оқытуда тек сыныпта және сыныптан тыс уақытта ғана емес, сондай-ақ бағдарламалар негізінде өткізілетін элективті курстарда да пайдалануға болатыны туралы айтылады. Осы мақалада оқушыларды математика тарихының элементтерін пайдалануды үйренеміз. Зерттеу сауалнама түрінде 5-9 сынып оқушыларымен және оқытушыларымен жүргізілді. Зерттеу нәтижелері тарихи материалды пайдалану қажеттілігін және оның маңыздылығын көрсетті. Бұдан басқа, зерттеу нәтижелерімен анықталған міндеттердің бірі математика тарихы элементтерінің презентация нысандарын іздеу және тарихи материалдарды пайдалану мақсаттарын анықтау болды.
  • ItemOpen Access
    ВЛИЯНИЕ АКТИВНОГО ПРОБЛЕМНОГО (PROBLEM BASED ACTIVE LEARNING) ОБУЧЕНИЯ В МАТЕМАТИЧЕСКОМ ОБРАЗОВАНИИ НА САМОЭФФЕКТИВНОСТЬ УЧАЩИХСЯ И КОНЦЕПТУАЛЬНОЕ ОБУЧЕНИЕ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Челик Т.
    Аннотация: В государственных образовательных стандартах нового поколения подчеркивается, что образование современного человека включает не только усвоение определенной суммы знаний, но и развитие качеств личности посредством активного участия самого человека в усвоении знаний. Важнейшей задачей современной школы является формирование универсальных учебных действий, обеспечивающих школьникам умение учиться, взаимодействовать с окружением, регулировать собственные действия, заниматься саморазвитием и самосовершенствованием. Изменившееся качество жизни требует от выпускника не столько умений выполнять указания, сколько решать проблемы жизни самостоятельно. Требуется человек, который начинает воспринимать себя по-иному; более полно принимает себя и свои чувства; становится более уверен в себе и автономен; ставит перед собой реальные цели, ведет себя более зрело. .
  • ItemOpen Access
    СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МӘСЕЛЕСІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Ш.Л. Ерхожина
    Аңдатпа. Мақалада студенттердің оқу-танымдық мәселесі және оны қалыптастыру құзыреттілігі сөз болады. «Таным», «оқу-танымдық ісәрекет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мәнін ашудан бастап, олардың бір-бірімен өзара байланысы анықталды. Білімгердің танымдық белсенділігін айқындайтын белгілер, дамыту тиімділігін көрсететін жетекші факторлар,оқу-танымдық құзыреттілік талаптарықарастырылды. Ғалымдардың тұжырымдарын саралай келе, студенттердің оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесіндегі қамтылатын білім, білік, дағдылар нақты айқындалды. Авторлардың пікірінше, оқу-танымдық құзыреттілік қалыптастыру негізінде студент белгілі білім негізін игеру барысында ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерін; саланың ғылыми әдістерінің шегарасын; зерттеудің ғылыми білімінің жүйесін; іргелі және қолданбалы зерттеудің негізгі бағыттары мен перспективаларын білуі қажет. Білімалушы өзіндік талдаулар жасай алатын, қорытынды жасай білетін, ойлау дербестігі, логикалық, жүйелі ойлауын дамытқан құзыретті тұлға ретінде қалыптасады.
  • ItemOpen Access
    ОСОБЕННОСТИ ПРИМЕНЕНИЯ ДИФФЕРЕНЦИРОВАННОГО ПОДХОДА В ОБУЧЕНИИ АНГЛИЙСКОМУ ЯЗЫКУ В НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЕ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Е.С. Аккисев
    Аннотация. В данной статье представлены результаты научного исследования по изучению эффективности применения дифференцированного подхода в обучении английскому языку в начальной школе на основе анализа имеющихся в методической литературе теорий и исследований о данном подходе, а также описание результатов проведенного исследования по его применению в обучении английскому языку в начальной школе на примере Международной школе «Galaxy». Методы изучения английского языка на сегодняшний день на фоне развития трёхъязычия является актуальной темой в Казахстане.