6 results
Search Results
Now showing 1 - 6 of 6
Item Open Access «YOUTUBE» ЖЕЛІСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДАҒЫ РӨЛІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) П.Б. ӘжиеваАңдатпа. Бұл мақалада ғаламтор желілері, оны ішінде «youtube» желісінің сабақ процесінде көмекші құрал бола алуымен қатар қолжетімділігі жағынан артықшылығы жайлы сөз етіледі. Білім беруде кез келген тақырып бойынша дәл осы желіден түрлі материалдар тауып алуға болатыны бәрімізге мәлім, ал youtube-тің екінші қыры, яғни әр адам бәріне пайдалы бола алатындай материалдар жинақталған жеке канал ашу жағын оқытуда қаншалықты ұтымды пайдаланып жүрміз? Әсіресе қашықтықтан оқыту форматына өткелі бері білімгерлерге меңгерілу керек материалдарды барынша қолжетімді ету жағынан қандай әдіс-тәсілдерді қолданудамыз? Оқытудың онлайн форматында ғаламтордың артықшылығын айтпасақ та белгілі, бұдан бөлек әртүрлі желілерді оқу процесінде ұтымды пайдалана алуымыз да маңызды. Осы тұста мақалада видеосабақтар жайлы және сол видеосабақтардың барынша қолжетімді болуындағы «youtubey желісінің үлесі жайлы айтылмақ.Item Open Access КИНО МАТЕРИАЛДАРЫ - ОҚУ МАҚСАТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БІР ҚҰРАЛЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.C. Жолшаева; A.H. ЕлемесоваАңдатпа. Мақалада кино материалдарын оқу мақсаттарын жүзеге асырудың бір құралы ретінде қарастырылады. Кино - көрнекі қозғалмалы бейнелер жасауымен қазіргі өмірді және онын барлық эстетикалық маңызын, өзіндік ерекшелігін кеңінен қамтуға қабілетті өнердің түрі. Дұрыс таңдалған кино үзінділері қазақ тілі сабағында грамматикалық тақырыпты меңгертудің құралы ғана емес, оқушыларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулуда көрнекі құрал және тиімді әдіс болып табылады. Мақалада грамматикалық тақырыптарды игерту мен құндылықтарға баулуда кино материалдарын қолдану нақты мысалдар арқылы көрсетіледі.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНФОГРАФИКА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ(Faculty of Education & Humanities, 2024) Абдрахманов М.Мақалада қазақ тілі сабағында оқу материалдарын инфографиканың көмегімен визуалдаудың тиімді тұстары, жолдары қарастырылады. Инфографика – оқушыларға күрделі ұғымдарды түсінуге оңай, көрнекі түрде көрсетуді қамтамасыз ететін құрал. Білім алушыларға ақпаратты жақсырақ түсінуге, есте сақтауға, олардың проблемаларды шешу дағдыларын жақсартуға және шығармашылық қабілеттерін арттыруға визуализацияның көмектесетіні белгілі. Мақалада инфографиканың оқушылардың белсенділігіне, білімді меңгеруіне және есте сақтауына әсері қарастырылады.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.C. Жолшаева; Д. Алясова; Ж. Балтамуратова; М. КанжигалиноваАңдатпа. Мақалада қазақ тілін басқа пәндермен кіріктіре оқыту мәселесі қарастырылады. «Интеграция» лексемасының терминдік мәні айқындалып, педагогика ғылымындағы интеграциялау оқыту мәселесі талданады. Қазақ тілі пәнінен білім мазмұнын игертуде басқа пәндермен, атап айтқанда әдебиет, тарих пәндерімен кіріктіре оқытудың тиімді жақтары нақты мысалдармен дәйектеле отырып көрсетіледі.Item Open Access ПОДКАСТ – ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) А.Т. ӘбілдаАңдатпа. Білім беру үдерісіне қандай технологияларды енгізе аламыз? Біздің басты мақсатымыз - білім берудегі инновациялық технологиялар негізінде қазақ тілі сабақтарында подкаст технологиясын дидактикалық құрал ретінде пайдалану. Білім беруде жаңа технологияларды пайдалану өте маңызды. Соның ішінде подкаст қызметін қолдану тіл үйренуде тиімді құралдардың бірі. Сондықтан бұл қызмет оқыту технологиясы ретінде жеке қарастыруды қажет етеді. Подкаст – ұзынды-қысқалы серияларға біріктірілген, жүктеп алуға және онлайн тыңдауға болатын аудио жазбалар. Бұл мақалада подкаст технологиясының тәжірибеге ену мәселесі талқыланып, оны қазақ тілі сабақтарында тиімді пайдалану және құрастыру жолдары қарастырылады. Білім саласындағы инновациялық технологиялар дегеніміз - тек техникалық құралдар ғана емес, сонымен бірге жаңаша әдістеме, білім берудің жаңа амалы.Item Open Access Орта мектепте қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялай оқыту әдістемесі(SDU University, 2025) Куатова И.Зерттеу жұмысының бірінші бөлімінде әдебиетті жаратылыстану ғылымдарымен интеграциялау үдерісі қазіргі білім беру парадигмасы аясында теориялық тұрғыда негізделген. Бұл тарауда пәнаралық тәсілдің өзектілігі, оның оқушылардың тұтас дүниетанымын қалыптастыру мен әмбебап оқу дағдыларын дамытудағы тиімді құралы ретіндегі маңызы басты назарда қарастырылған. Қазақстанның білім беру жүйесінде интеграциялай оқытуға байланысты жүргізілген ғылыми зерттеулерге шолу жасалып, оның тұжырымдамалық негіздері, педагогикалық - әдіснамалық алғышарттары мен мектеп тәжірибесіне енгізілу деңгейі талданған. Сонымен қатар, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының өзара кірігуінің тарихи қалыптасу динамикасы — кеңестік кезеңнен бастап қазіргі білім беру реформаларына дейінгі аралықта қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептерде интеграцияланған сабақтарды жүзеге асыру тәжірибесі де сараланып, мұғалімдердің іс жүзінде кездесетін негізгі қиындықтары мен қайшылықтары айқындалған. Зерттеу жұмысының екінші бөлімі қазіргі орта мектеп жағдайында қазақ әдебиетін жаратылыстану пәндерімен интеграциялау үдерісінің практикалық қырларын ашуға бағытталған. Әдеби мазмұнды математика, биология, география және информатика сияқты пәндермен табиғи түрде ұштастыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдерге ерекше назар аударылған. Оқу материалының тақырыптық, ұғымдық және контекстуалдық бірлігіне негізделген пәнаралық сабақтарды жоспарлау мен өткізудің тиімді жолдары ұсынылған. Маңызды аспектілердің бірі — поэзиялық шығармаларды пәнаралық ойлау қабілетін дамыту құралы ретінде қарастыру. Өлең мәтіндерін талдау жаратылыстану пәндеріндегі ұғымдар мен құбылыстармен байланыстырылып, оқушылардың ғылыми түсініктерді көркем әрі эмоционалды мазмұнмен ұштастыра отырып меңгеруіне жол ашады. Бұл тәсіл оқушылардың өлең құрылымын түсінуін ғана емес, сонымен қатар ғылым тіліне жақындауын да қамтамасыз етеді. Сканировано с CamScanner онымен қатар бұл бөлімде интеграциялай оқыту әдістемесінің оқушыларардың ғылыми және сыни тұрғыдан ойлауын дамытудағы рөлі қарастырылған. Зерттеу жұмысының қорытынды бөлімінде қазақ әдебиеті мен жаратылыстану пәндерін кіріктіре оқытудың теориялық және практикалық негіздері жан-жақты сараланып, бұл тәсілдің оқушылардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі мен мәні нақты көрсетілген. Бірінші тарауда интеграциялай оқыту әдістемесінің теориялық алғышарттары негізделіп, көркемдік пен ғылымның табиғи үйлесімі көрсетілсе, екінші тарауда нақты әдістер мен тәсілдер ұсынылып, поэзия арқылы ғылыми ұғымдарды меңгерту, логикалық және шығармашылық ойлауды дамыту жолдары ұсынылған. Зерттеу нәтижесінде интеграциялай оқыту – білімді терең әрі жан-жақты меңгертудің тиімді жолы ретінде танылып, функционалдық сауаттылық пен ғылыми дүниетанымды қалыптастыруда маңызды құрал бола алатыны дәлелденді