5 results
Search Results
Now showing 1 - 5 of 5
Item Open Access «ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Х.А. Ордабекова; Г.Ж. БайғабыловаАңдатпа. Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы антропоцентрлік жүйеге тән бағыттарды қамти алады. Сондықтан кез келген тілді үйренуде көркем мәтін лингвистикасының ықпалы зор. Біздің мақаламызда «тілдік тұлға» мәселесі М. Жұмабаев шығармаларын талдау негізінде қарастырылды. Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясының үшдеңгейлік үлгісі бойынша аталған ақындардың шығармаларын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлерге бөліп қарастыру мәселесіне ден қойылды. Сондай-ақ, көркем шығармадағы «ғаламның тілдік бейнесінің» концептілік құрылымын нақты мысалдармен анықтауға баса назар аударылды. Тұлға деген тура мағынасында «дене», «адам денесі», «қорғаныш», «тірек», «бейне» деген мағыналарда қолданылады. Шығарманы жазған адам, қалай болғанмен де, негізінен мәтін арқылы танылады. Тұлғаны (мәтін түзушіні) тілден (мәтін тілінен) іздеу қазіргі антропоцентризм бағытына деген замана бетбұрысымен қиысады. Ал мәтін тілі сол заманның тарихи-мәдени жағдайларымен тығыз байланыста алынуы шарт. Осы орайда авторлардың тілдік тұлғасын сипаттайтын ерекше контекске назар аударылды, тұлғаның шындық болмысты танып білу айнасы ретіндегі «дүниенің тілдік бейнесі» көркем мәтіннің мазмұнына сәйкес танымдық құрылымдар негізінде концептілік жүйеде түсіндірілді, екі ақынды тілдік тұлға ретінде дамытатын прагматикалық бірліктер, мақсаттар анықталды.Item Open Access Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері(2022) Муслманбекова Н.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: «Оқушылардың сөз мәдениетіне субмәдени топтардың әсері және тілді дамыту мәселелері». Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 86 бет, 27 кесте, 10 сурет, зерттеу барысында 51 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде субмәдениет ұғымына отандық және шетелдік ғалымдардың анықтамасының негізінде түсініктеме беріледі. Субмәдениеттің шығу себебі, пайда болуы және жастарға тигізер әсері айтылады. Статистикалық зерттеу нәтижелері мен 6-І! сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде ҚР субмәдени топтар анықталады. Субмәдениеттің оқушылардың тілдік тұлғасына әсері қарастырылып, мәектеп оқушысының тілдік моделі жасалды. Оқушылардың сөз мәдениетін қарастырудағы субмәдениеттің рөлі анықталады. Оқушылардың арасындағы танымал «ОРОР», «геймерлер» және «аниме» субмәдени топтарына анықтама беріліп, сол субмәдениеттің өкілдерінің тілдік тұлғасы талданады. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде таңдалып алынған үш субмәдени топтың сөздік қоры жасалады. Оқушылардың тілдік тұлғасына субмәдениеттің кері әсерімен күресудің тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылады. Шетел ғалымдарының субмәдениеттің алдын алу және оқушылардың тілдік тұлғасын көтеру бойынша жүгізген зерттеу жұмыстары негізге алынады. Әдістің тиімділігін дәлелдеу барысында жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижесі жасалады. Нысанға алынған фокус топтағы оқушылардың нәтижелері жазылып, әдіске кері байланыс беріледі. «Сөйле» тіл клубының аясында жасалған жұмыстар және олардың тигізген пайдасы талданады. Оқушылардың сөз мәдениетін көтеру және субмәдениеттің кері әсерлерінің алдын алу мақсатында «Сөз шебері» факультатив сабағы жасалып, сабақты тиімді өткізу мақсатында бірінші сабақтың үлгісі беріледі. Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде субмәдениетпен күресу мақсатында тек қазақ тілі мен әдебиеті сабағында ғана емес, барлық пән күресу керегі аталып өтеді. Оқушылардың тілдік тұлғасын қарапайым деңгейден орта деңгейге көтеру аталып өтеді. Ұсынылған әдістердің тиімдігі, салдарымен емес, себеппен күресудің маңызы айталады.Item Open Access ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ (Ай мен Айша шығармасы бойынша)(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Н.Б.АбдрахыноваАңдатпа. Мақалада Ш.Мұртазаның шығармаларының тілі, жазушылық шеберлігі туралы сөз болады. «Ай мен Айша» романындағы жазушынынң тілдік тұлғасын танытатын, тіл шеберлігін көрсететін тұстарынан үзінді ала отырып, талдау жасалынды. Шығармаларындағы кейіпкерін тілі арқылы кейіптеу тәсілі Ш.Мұртазаның соны жолы. ерекше қасиеті, өзіне тән шеберлігі. Мақалаға «Ай мен Айша» романындағы кейіпкерлер тіліне тоқтала отырып, жазушының ерекше тілдік тұлғасын анықтағандай болдық. Жазушының тілдік тұлға мәселесін тілдік, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді түрде талдап, тілдік тұлға қалыптасуының тілтанымдық негізін анықтама берілді. Шығармадағы Айша бейнесі, өз сөзімен мінездеме берген Барсхан бейнесі қарым-қатынас тілі арқылы ашылады. Коммуникативтік байланыс мүшелері шығарманың негізгі қаһарманы мен реципиент оқырман.Item Open Access СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Дүйсебекова М.Ж.; Муслманбекова М.Н.Аңдатпа Мақалада субмәдениет және тілдік тұлға ұғымдарына анықтама беріледі. Тілдік тұлға – сол елдің тілі мен мәдениетін тұтынушы адам екені айтады. Н. Уәлидің «Тіл экологиясы» мақаласында бөлген тілдік тұлғаның 4 түрі көрсетіледі. Алайда қазіргі жастардың тілдік тұлғасы ең төменгі деңгейден аспай тұрғаны негізгі мәселе ретінде көтеріледі. Тілдік тұлғаға әсер етуші факторларды «микро» және «макро» деңгейдегі факторлардеп көрсетіп, әсер етуші фактордың бірі ретінде – субмәдениетті аталады. Мақалады субмәдениеттің тілдік тұлғаны қалыптастыруда қалай кері әсерін беріп жатқаны, мәдениет пен қатар жастар тіліне әсері мысалмен беріледі. Субмәдени топтардың бірінің тілдік тұлғасы ашылып, қалай әсер еткені мен әсер етуші траекториясын мақалада мысалмен анықтап көрсетеді.Item Open Access ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ ТІЛДІК ТҰЛҒА: КАТЕГОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІК(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Жолшаева М.С.; Балтамуратова Ж.А.Аңдатпа. Мақалада соңғы жылдары тіл ғылымындағы зерттеулерде қолданылып жүрген «эпистолярлық тілдік тұлға» тіркесінің терминдік статусына байланысты сұрақтар көтеріледі. Ғалымдардың тілдік тұлға феноменін зерттеудегі өзіндік концепциялары, соның ішінде тілдік тұлға типологиясын жасауда ескеретін критерийлердің түрліше болып келуіне орай тілдік тұлғаны топтастырудағы көзқарастары тіл ғылымының салаларына байланысты салыстыра қарастырылды. Эпистолярлық тілдік тұлғаны қарастыру барысында ескерілетін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторларға, эпистолярлық қарым-қатынас аясындағы автор образы және оның мәтінде тілдік көрініс табуының ерекшеліктеріне талдау жасалады. А.В.Курьяновичтің эпистолярлық тілдік тұлғаға берген анықтамасына сүйене отырып, эпистолярлық тілдік тұлғаның категориялық және типологиялық ерекшеліктері анықталады. Талдау материалы ретінде Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының М.Ғабдулин, М.Әуезов, М.Әбдіхалықовқа жазған хаттары негізге алынды.