3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access Мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту(2020 International Young Scholars Workshop, 2020) Зайтжанова А.С.Аңдатпа. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл ХХІ ғасырдағы шығармашылық ойлау (креативті ойлау), қарым-қатынас және топта жұмыс жасау дағдылары сияқты өте маңызды дағды. Бұл дағдылар ХХІ ғасырдағы өмір мен қоршаған ортадағы анағұрлым күрделі жағдайларға дайын оқушылардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл математикадан есеп шығара алатын оқушыларды және шынымен түсініп есеп шығара алатын оқушылардан ажыратуға болатын негізгі фактор деуге болады. Осы мақалада оқушылардың жалпы оқу және оның ішінде математиканы оқу барысында оларда сыни көзқарастың төмен болу себептері нақтыланған. Математикада сыни ойлау дағдыларын дамытуға күш салу бүкіл әлемде математикалық білім берудің оқу бағдарламасының негізгі күн тәртібіне айналды. Оқушылардың жалпы оқуға және оның ішінде математика оқу барысында оларда сыни көзқарас қалыптастыру үшін қандай әдістер қолдану керектігіне мысалдар келтірілген. Себебі көптеген зерттеушілер сыни ойлау қабілеттерін дамыту математикалық көрсеткіштерді жақсарта алатындығын дәлелдеген. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту оқу бағдарламаларында қолданысы оқушылардың математика пәнінен үлгерімін жақсартуына үлкен үлесін қосады.Item Open Access МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫ БІЛІМ АЛУҒА ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) A. Сайлаубаева; И. Сайдалиева; K. Салиева; A. ЗайтжановаАңдатпа. Жалпы орта білім беретін мектептерде математика сабақтарын жүргізе жүріп біз байқаған мәселелердің бірі және бірегейі оқушылардың математика сабақтарында білімдерінің төмен болуы. Неге? Қалайша? Кім кінәлі? Немесе, не кінәлі? Әлде, математика пәндерінің мазмұны оқушылардың танымдық мүмкіндіктерінен жоғары ма? Бір, екі ..... он, мүмкін жүз сұрақ... Біз, төменде осы сұрақтардың бәріне болмаса да бірнешеуіне, мүмкін ең негізгілеріне жауап іздеп көреміз. Және де осы мәселелер бойынша өз нұсқамызды ұсынамыз. Оқушылар бастарынан кешіріп отырған осы жағдайлардың қалай алдын алуға болады? Немесе, оқушылардың басындағы осы жағдайларды қалай жоюға болады? Біздің ойымызша мұнда екі жағдай бар: оқушыларда сыни ойлау қалыптастыру мен оларда математикадан функциональдық сауаттылық қалыптастыру. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының ғалымдарына, әдіскерлеріне сол сияқты, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.Item Open Access ОҚУШЫЛАРДЫ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС КВАДРАТТЫҚ ФУНКЦИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА БАУЛУДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Т. Уалишева; M. Атейбекова; Н. БалтаАңдатпа. Бұл мақалада математиканы оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттырудың және стандартты емес есептерді шешуге оқушыларды баулудың әдістерін қарастырылады. Соның ішінде технология құралдарын қолдана отырып оқытудың оқушылардың үлгеріміне және оның көмегімен стандартты емес есептерді шешудің оқушыларға әсерін қарастыру өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта оқушылардың математика сабақтарына қызығушылығының болмауы педагогикалық зерттеушілердің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ мақала жазу барысында бірнеше еңбектердің нәтижелерін салыстыра келе стандартты емес есептерді шешуге баулу оқыту барысында көп жағдайда “назардан тыс” қалып қоятыны белгілі болды. Біз оның шешімі ретінде ұсынылып отырған осы екі бағытты қарастырып көрдік. Соңғы жылдардағы әр түрлі әдебиеттерді, әр түрлі елдердің зерттеу жұмыстарын саралап, оқытудағы технологиялық құралдардың әсерін зерттегеннен кейін, бұл әдіс оқушылардың үлгеріміне оң әсер ететіні анықталды.