Мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту

Loading...
Thumbnail Image

Date

2020

Journal Title

Journal ISSN

Volume Title

Publisher

2020 International Young Scholars Workshop

Abstract

Аңдатпа. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл ХХІ ғасырдағы шығармашылық ойлау (креативті ойлау), қарым-қатынас және топта жұмыс жасау дағдылары сияқты өте маңызды дағды. Бұл дағдылар ХХІ ғасырдағы өмір мен қоршаған ортадағы анағұрлым күрделі жағдайларға дайын оқушылардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл математикадан есеп шығара алатын оқушыларды және шынымен түсініп есеп шығара алатын оқушылардан ажыратуға болатын негізгі фактор деуге болады. Осы мақалада оқушылардың жалпы оқу және оның ішінде математиканы оқу барысында оларда сыни көзқарастың төмен болу себептері нақтыланған. Математикада сыни ойлау дағдыларын дамытуға күш салу бүкіл әлемде математикалық білім берудің оқу бағдарламасының негізгі күн тәртібіне айналды. Оқушылардың жалпы оқуға және оның ішінде математика оқу барысында оларда сыни көзқарас қалыптастыру үшін қандай әдістер қолдану керектігіне мысалдар келтірілген. Себебі көптеген зерттеушілер сыни ойлау қабілеттерін дамыту математикалық көрсеткіштерді жақсарта алатындығын дәлелдеген. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту оқу бағдарламаларында қолданысы оқушылардың математика пәнінен үлгерімін жақсартуына үлкен үлесін қосады.

Description

Keywords

сыни ойлау, математика, логика, дағды, 2020 International Young Scholars Workshop, №9

Citation

Зайтжанова А.С / Мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту / 2020 International Young Scholars Workshop