Search Results

Now showing 1 - 4 of 4
  • ItemOpen Access
    Сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдері
    (2022) Сырғабекова С.
    Диссертация жұмысының тақырыбы: «Создің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынағын оқыаудың әдіс-тәсілдері» Диссертация жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады Диссертация жұмысының көлемі: 78 бет, 7 сурет, 19 кесте, 12 сызба зерттеу барысында 50 әдебиет қаралды. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасына жалпы сипаттама» деп атап, сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын ажырату оның жасалу әдіс-тәсілдерін оқытудың лингвистикалық, дидактикалық негіздерін сараптадық. Ауыспалы және лексикалық мағына туралы түсініктеме бере отыра, тиімді әдістермен сабақ өтуде аталған аспектілер негізінде теориялық түсініктемелер жасалды. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдарының еңбектері шолу жасап, теориялық бөлімді жүйелі тұжырымдадық. Тақырыпқа қатысты зерттеу жүргізген қазақ ғалымдары: А.Айғабылов «Лексиканы оқыту методикасы және оның қазіргі міндеті», И.Ұйықбаев «Лексиканы оқыту. Қазақ тілі методикасының мәселелері», Виноградов В.В. «Лексикология и лексикография», Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», Ғ.Сұлтанова, З.Сатқаева «Жаңаша оқыту - заман талабыСағындықұлы Б. «Қазіргі қазақ тілі. Лексикология». І-бөлім, Таубаева ШІ, Иманбаева С.Т., Берікханова А.Е. «Педагогика», Берикханова А.Е. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе». т.б. еңбектер қарастырылып, жүйелі тұжырымдар жасалды. Қазіргі мектеп бағдарламасында сөздің лексикалық мағынасы және оның ауыспалы мағынасын оқытудың әдіс-тәсілдерін оқытудың тиімді жолдары, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай артықшылықтары мен кемшіліктері талданды. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде сабақ барысында көптеген заманауи оқыту әдістерін қолдану, оқушылардың лексикалық талдау жасау қабілеттері, ситуациялық жағдаяттарды талқылаудағы шығармашылықтанымдық артықшылықтар мен нәтижелері ұсынылды. Ұсынылған әдістәсілдердің тиімділігін анықтау үшін практикалық сабақтар мен әртүрлі ой сергектер, психологиялық ахуал тудырушы тапсырмалар беріліп, нәтижелері талданды. 22 Диссертация жұмысының қорытынды бөлімінде берілген тапсырмалардың шығармашылық және практикалық жаттығулар, ситуациялық жағдайлар оқушының жаңа деңгейге көтерілуіне, тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына, тақырыпты жетік меңгеруіне, жалпы лексикологиялық аядағы білімдері дамып, қалыптасуларына зор ықпал ететіндігі туралы жазылған.
  • ItemOpen Access
    Негізгі мектеп математикасын оқыту барысында оқушылардың білім алуға деген мотивациясы
    (2020 International Young Scholars, 2020) Сайлаубаева А.Б.
    Андатпа: Қазақстанның білім беру жүйесі бойынша оқушы 11 немесе 12 жыл мектепте оқиды. Соның ішіндегі ең маңызды және ұзақтығы бойынша негізгі мектеп дей айталамыз, өйткені негізгі мектеп- білім жүйесінің басты буыны болып табылады. Математика негізінен оқушылар үшін күрделі сабақтардың бірі болып табылады, сонымен қатар негізгі мектептің 7 сыныбында математика: алгебра және геометрия болып бөліне бастайды, яғни бұл оқушылардың математика сабағын оқудағы мотивациясын не түсіру, не жоғарталу факторы болу мүмкін. Сондықтан осы уақытта оқушыға мотивация бере алу өте маңызды. Бұл мақалада мотивация сөзі жайлы, мотивацияның туа бітетін немесе жандандыруға болатын қасиет пе, мотивацияның түрлері, мотивацияның оқу барысындағы рөлі, оқу барысында оқушыларды қалай ынталандыруға және ынтасын көтеруге болатыны жайлы айтылады.
  • ItemOpen Access
    ОРТА МЕКТЕПТЕ ПЛАНИМЕТРИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) А.Х. Орынбасарова; А.Е. Нуралиева
    Аңдатпа. Бұл еңбекте орта мектепте планиметрияны оқытудың әдістемелік мәселелері, ғылыми методологиялық негіздері қарастырылады. Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай жасаудың маңызы зор. Мұндағы айтып отырғанымыз – оқытуға арналған материалдың мазмұнын таңдау ғана емес, оқытылатын материалдың құрылымдық жағынан ұйымдастырылуы; оқытуға автоматтандырылған оқыту бағдарламаларын енгізу ғана емес, интерактивті ақпараттық орта жасау және барлық танымдық процестердің өзара байланысып, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара білу болып табылады. Орта мектепте планиметрияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар тобына жататындықтан педагогикамен тығыз байланыста бола отырып, оның ұғымдарын, принциптері мен ережелерін басшылыққа алады. Яғни, педагогиканың білім беру және оқыту теориясы – дидактиканың жетістіктері планиметрияны оқыту әдістемесінің дамуына немесе планиметрияны оқытудың әдістемелік мәселелерінің зерттеу нәтижелері педагогикалық теорияны нақтылауға, жетілдіруге игі әсерін тигізеді.
  • ItemOpen Access
    АЙТЫС АРҚЫЛЫ ЖАС БУЫННЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛ ЖАСАУ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б.Д. Керімбекова; А.Ж. Ибрагимов
    Аңдатпа. Мақалада қазіргі айтыс өнерінің тәрбиелік мәні қозғалады. Айтысты жастарға оқытудың тиімділігі және ұлттық өнердің дәріптелеуі сөз болды. Айтыс туралы ғалымдардың тұжырымдарына талдау жасалды. Ақындардың қоғамдағы рөлі, олардың шығармашылығының маңызы қарастырылды.