Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    «ТІЛДІК ТҰЛҒА» ДЕҢГЕЙЛЕРІНІҢ КӨРКЕМ МӘТІНДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Х.А. Ордабекова; Г.Ж. Байғабылова
    Аңдатпа. Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі ретіндегі мәртебесі ХХ ғасырдың орта шенінде ғылыми тұрғыдан мойындала бастады. Бүгінде мәтін лингвистикасы ғылыми ой-сана өркениетінің бір белесінен хабар береді. Мәтін талдау лингвистикасы антропоцентрлік жүйеге тән бағыттарды қамти алады. Сондықтан кез келген тілді үйренуде көркем мәтін лингвистикасының ықпалы зор. Біздің мақаламызда «тілдік тұлға» мәселесі М. Жұмабаев шығармаларын талдау негізінде қарастырылды. Ю.Н. Карауловтың тілдік тұлға теориясының үшдеңгейлік үлгісі бойынша аталған ақындардың шығармаларын вербалды-семантикалық, лингвокогнитивтік және прагматикалық деңгейлерге бөліп қарастыру мәселесіне ден қойылды. Сондай-ақ, көркем шығармадағы «ғаламның тілдік бейнесінің» концептілік құрылымын нақты мысалдармен анықтауға баса назар аударылды. Тұлға деген тура мағынасында «дене», «адам денесі», «қорғаныш», «тірек», «бейне» деген мағыналарда қолданылады. Шығарманы жазған адам, қалай болғанмен де, негізінен мәтін арқылы танылады. Тұлғаны (мәтін түзушіні) тілден (мәтін тілінен) іздеу қазіргі антропоцентризм бағытына деген замана бетбұрысымен қиысады. Ал мәтін тілі сол заманның тарихи-мәдени жағдайларымен тығыз байланыста алынуы шарт. Осы орайда авторлардың тілдік тұлғасын сипаттайтын ерекше контекске назар аударылды, тұлғаның шындық болмысты танып білу айнасы ретіндегі «дүниенің тілдік бейнесі» көркем мәтіннің мазмұнына сәйкес танымдық құрылымдар негізінде концептілік жүйеде түсіндірілді, екі ақынды тілдік тұлға ретінде дамытатын прагматикалық бірліктер, мақсаттар анықталды.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ OҚУ ТАНЫМЫН АРТТЫРАТЫН МӘТІНДЕРДІ ҚОЛДАНУ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ж.Мамырбаева
    Аңдатпа. Мақалада қазақ тілі пәнін оқытудың бір мәселесі ретінде сабақта мәтіндерді қолдану әдістемесі қарастырылады. Оқушылардың оқу танымын арттыратын мәтіндер туралы талданады. Ғалымдар енбектеріне шолу жасалып, оқутанымға берілген анықтамалар нақтыланып, ол туралы терең талдау жасалды. Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу танымын арттыратын мәтіндер мәселесі де қарастырылды және мәтіндерді іріктеу, жүйелеу, оларға қойылатын талаптар ескеріліп, талдау үлгілері көрсетілді. Жалпы сабақта оқутанымдық мәтіндердің қолдану жолдары ұсынылды.
  • ItemOpen Access
    БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ МӘТІН АРҚЫЛЫ МӘДЕНИТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Әбілда Ұлбала
    Аңдатпа. Қазіргі уақытта білім беру жүйесі жаңа деңгейге көтерілді. Заман талабына сай білім беру жүйесі де өз алдына мақсат қойды. Ол өз ойы бар, барлық құзыреттіліктерді меңгерген, сауатты, психологиялық негіздерге сай білім алған, дүниетанымы кең, еркін ойлы тұлға дайындау. Соңғы уақыттарда білім беру жүйесінде білімалушылардың дүниетанымын кеңейту, таным көкжиегін дамыту мақсатында «мәденитанымдық құзыреттілік» ұғымы жиі қолданылуда. Мәдениеттанымдық құзыреттілігі қалыптасқан, жетілген тұлға әрдайым сұранысқа ие. Оқыту процесінде оқушының қабылдауына, зейініне, танымына, түсінуіне мән берілу қажет. Мәденитанымдық мәтіндер арқылы баланы оқытудың мәні өте зор. Мәтін арқылы оқушылардың мәденитанымдық құзыреттілігі қалыптасатыны мақалада дәлелденіп отыр. Оқушылардың мәтін арқылы мәденитанымдық құзыреттілігін арттырудың психологиялық негіздері мақалада тереңірек қарастырылады