Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    Қаратөбе аудандық ауруханасы үлгісінде медициналық көмек сапасын жақсарту мақсатында кадрлық саясатты оңтайландыру
    (2024) Меңдіғалиев Е.Қ.
    Магистерлік жобада ұйымның кадр саясатын оңтайландырудың өзекті мәселелеріне баса назар аудара отырып, Қаратөбе ауданының тұрғындары үшін сапалы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығы ашылды. Дәрігерлер және орта буынды медициналық персонал – бұл ұйымның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ететін негізгі ресурстардың бірі, сонымен қатар сапалы медициналық көмек көрсету тұжырымдамасының маңызды элементі. Заманауи денсаулық сақтау саласында кадрлық ресурстарды тиімді басқару сапалы медициналық көмек көрсетуін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Зерттеуді жүргізу себептері қолданыстағы шектеулер мен кадрлық құрам жағдайында Қаратөбе ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру қажеттілігінен туындады. Зерттеу мақсаты ауруханадағы медициналық көмектің сапасын арттыру үшін оңтайландырылған кадрлық саясат стратегияларын әзірлеу және енгізу болып табылады. Зерттеу әдістемесі кадр саясатының ағымдағы жағдайын талдауды, бар мәселелер мен өзекті ашық сұрақтарды зерттеуді және кадр басқарудың жаңа стратегияларын әзірлеу мен тиімділігін бағалауды қамтиды. Зерттеу деректерді талдау әдістерін, қызметкерлердің сауалнамаларын, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы туралы құжаттар мен статистикалық деректерді талдау арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу нәтижелері Қаратөбе аудандық ауруханасының кадр саясатындағы негізгі аспектілерді анықтауды, кадрлық басқарудың жаңа стратегияларын әзірлеуді және енгізуді қамтиды: орта медицина қызметкерлерін өз бетінше қабылдауды енгізу арқылы, босатылған дәрігерлік кадрларды қажетті бейінді мамандықтарға оқыту, сондай-ақ орындалатын жұмыс сапасының индикаторларына сәйкес сараланған төлемді енгізу арқылы олардың тиімділігі мен уәждемесін бағалау. Кадр саясатын оңтайландыру медициналық көмектің сапасын жақсартуға, қызметкерлер мен пациенттердің қанағаттанушылығын арттыруға, сондай-ақ жалпы аурухана жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
  • ItemUnknown
    ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ПЕН БАТЫСТАҒЫ ҚАЗАҚЫ ІЗДЕРГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ФИЛОСОФИЯЛЫҚТАРИХИ ШОЛУ
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Е. Қошқарбаев
    Аңдатпа. Мақалада медициналық құқық тарихы философиялықтарихи контексте қарастырылады. Ежелгі Шығыс пен Антикалық Батыстағы протоқазақ, прототүркі іздеріне назар аударылады. Европацентризм сынға алынады.
  • ItemOpen Access
    Повышение эффективности качества предоставления медицинских услуг
    (2024) Мухажанова Б.С.
    Введение. Одной из наиболее ответственных и сложных сфер медицины является перинатология – область, связанная с ведением беременности и родами, а также уходом за новорожденными детьми. От качества предоставляемой медицинской помощи в данной сфере зависит здоровье матери и ребенка, а также их дальнейшая жизнь. Цель данного исследования заключается в анализе повышения эффективности качества предоставления медицинских услуг в Областном перинатальном центре г Талдыкорган. В исследовании использовались различные методы, такие как: анализ и синтез, сравнительный анализ, статистический анализ, опросы и интервью, экспертные оценки и другие подобные методы. В ходе исследования было проанализировано качество предоставления медицинских услуг в областном перинатальном центре города Талдыкорган. В опросе приняло участие 177 медицинских работников и 95 пациентов. Социологический опрос проводился на онлайн платформе Google-форма в октябре – ноябре месяце 2023 года. Результаты. В ходе исследования были разработаны меры по повышению субъективной оценки удовлетворенности пациентов качеством медицинской помощи, предоставляемой в областном перинатальном центре города Талдыкорган: 1 Внедрение системы менеджмента качества (СМК) на основе международных стандартов ISO серии 9000 2 Создание трехступенчатого контроля качества медицинской помощи. 3 Создание отдела управления качеством медицинской помощи в перинатальном центре. 4 Внедрение системы внутреннего контроля качества на основе разработанных внутренних нормативных актов и форм документов. 5 Работа по управлению персоналом организации это четко сформированная, целенаправленная деятельность руководящего, административного состава совместно с кадровой службой организации. 6 Кадровую политику учреждения необходимо изменить. Заключение. Для эффективного управление качеством медицинской помощи руководители органов и учреждений здравоохранения должны постоянно разрабатывать и проводить комплекс мероприятий, направленный на повышение эффективности и результативности своей деятельности, совершенствование показателей работы учреждений сферы медицинских услуг в целом, отдельных подразделений и сотрудников.