9 results
Search Results
Now showing 1 - 9 of 9
Item Open Access ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; А. СағатАңдатпа. Мақала, математикалық ойлау және оның манңызы, сол сияқты мәтінді есептерді шешу негізінде білім алушыларда математикалық ойлау қалыптастыру мәселесі көтерілген. Математикалық ойлау - жиырма бірінші ғасырдағы адамның маңызды дағдыларының бірі болуға тиісті. Ал, адамның математикалық ойлау дағдысын қалыптастыратын жер, жалпы білім беретін орта мектеп. Себебі, жоғары оқу орнында мектеп түлектерінің біріншіден, барлығы білім алуларын жалғастырмайды, екіншіден, тіпті мектеп түлегі жоғары оқу орнына түскеннің өзінде онда математика болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Ал, жалпы білім беретін орта мектепте математикалық ойлауды қалыптастырудың негізі жалпы есеп шығару және оның ішінде әсіресе мәтінді есептерді шығару деп ойлаймыз. Мәтінді есепті шешу, «Практика - теория - практика» жүйесі бойынша жүреді.Item Open Access КОНУС ПЕН ПИРАМИДАНЫҢ КОМБИНАЦИЯСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ӘДІСТЕМЕСІ(Faculty of Education & Humanities, 2024) Кайынбаев Д.; Абдықұл Д.Конус пен пирамида жалпы геометрияның стереометрия бөлімінде қарастырылады. Пирамида да, конуста жекелей көп зерттелген, бірақ олардың комбинациясына байланысты мағлұматтар оқулықтарда аз қарастырылған. Оқушыларға кеңістіктегі есептерді шығару қиындыққа соғады , ал фигуралардың комбинациясымен келетін есеп болса тіптен күрделене түседі. Мақала, осындай маңызы бар мәселеге арналған. Мақалада пирамида мен конустың комбинациясына байланысты күрделі есептерді шешудің жүйелі тәсілі қарастырылған. Жұмыста берілген геометриялық фигуралардың көлемін, беттерін және басқа сипаттамаларын анықтауды қоса алғанда, осындай есептерді сәтті шешуге қажетті негізгі принциптер мен қадамдар берілген. Әдістеме сонымен қатар оқырмандарға алған білімдерін тәжірибеде жақсырақ түсінуге және қолдануға көмектесетін мысалдар мен практикалық тапсырмаларды қамтиды.Item Open Access ӘР ТҮРЛІ ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ж.Т. Қайыңбаев; Э.Т. АмантаеваАнңдатпа. Математикалық пәндерді оқыту барысында маңызды роль атқаратын мәселелердің бірі есеп және оның ішінде қозғалысқа байланысты есептер. Өмірдегі қозғалыстардың түрі өте көп. Бір түзу бойымен бір бағытта болатын немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, бір нүктеден басталатын немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар, әр бағытта болатын қозғалыстар, шеңбер бойымен бір бағытта немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, осы жағдайлардағы бір нүктеден немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар және т.б. Бір обьектінің немесе екі, үш және одан да көп обьектінің қозғалыстары. Мақалада, осындай қозғалыс түрлерінің математикалық моделдері сарапталады.Item Open Access «БҮТІН САНДАРДЫҢ БӨЛІНГІШТІГІ» НЕГІЗІНДЕ ШЕШІЛЕТІН КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Dzh.T. Kayinbaev; A.E.IliyasАңдатпа. Мақала, элементар математика мазмұнындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылатын күрделі мәтінді есептерді «Бүтін сандардың бөлінгіштігі» негізінде шешу тәсілдеріне арналған. Жалпы, осы мазмұндағы күрделі мәтінді есептер негізінен теңсіздіктердің немесе теңсіздіктер жүйесінің көмегімен шешілетініне мақалады ерекше көңіл аударылады. Сол сияқты, мұндай мазмұндағы мәтінді есептердің, есеп талап етіп отырған жауабын анықтау да оңай шаруа емес. Мақалада, ол мәселе де талқыланған. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының мамандарына, мұғалімдерге, докторанттар мен магистранттарға және математикаға қызығушылық танытатын жоғары сыныптар оқушыларына арналған.Item Open Access ҮШ ОБЬЕКТІНІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР(СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ж.Т. ҚайыңбаевАңдатпа. Мақалада, математика пәнін оқыту барысында маңызды роль атқаратын жалпы есеп мәселесі және оның ішінде мәтінді есептердің ең көп кездесетін түрі қозғалысқа байланысты есептер жайлы ой қозғалған. Жалпы, қозғалысқа байланысты есептердің көп бөлігі екі обьектінің бір бағыттағы немесе қарама қарсы бағыттағы қозғалысы жайлы болады. Ал, бұл мақалада қозғалысқа байланысты есептердің одан күрделі түрі біріншіден, үш обьектінің, екіншіден бір бағыттағы және қарама қарсы бағыттағы қозғалысының компоненттерін есептеудің тәсілдері туралы мәселе көтерілген. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.Item Open Access ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР ЖАЙЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІКТІЛІГІН АНЫҚТАУ ТЕСТІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Эльвира АмантаеваАңдатпа. Мақала жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушыларына қозғалысқа байланысты есептер жайлы білім деңгейін анықтауға арналған. Сондықтан осы мақсатты жүзеге асыру үшін бірте бірте күрделенетін тест тапсырмалары ұсынылады. Осы тапсырмаларды орындау барысындағы оқушылардың нәтижесін ескере отырып, мақала авторы қозғалысқа байланысты есептер жайлы оқушылардың нені білетіндігін, нені нашар білетіндігін, неге солай болатындығын тырысқан. Мақала жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімдеріне, педагогикалық университеттердің математика факультетінде оқитын студентттер, магистранттар мен докторанттарға арналған.Item Open Access ҮШБҰРЫШТЫҢ БИССЕКТРИСАСЫ, МЕДИАНАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНЫП КҮРДЕЛІ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; Т.С. МанатАңдатпа. Жалпы геометриялық есептердің жартысы үшбұрыштарға байланысты болып келеді. Ал, сол есептердің тағы да жартысы үшбұрыштардың биссектрисасы және медианаларына байланысты болып келеді. Осы проценттердің өзі, болашақ мектеп математика пәні мұғалімдерін дайындау барысында үшбұрыштардың биссектрисасы, медианасы және олардың қасиеттері жайлы есептерге көп көңіл бөлу қажеттіліктерін білдіреді. Мақала, осындай маңызды мәселеге арналған. Мақалада үшбұрыштардың биссектрисалары мен медианаларының әр түрлі комбинациялары негізінде шығарылатын әр түрлі мағынадағы есептерді шығару тәсілдері қарастырылған. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.Item Open Access ТЕҢ БҮЙІРЛІ ЖӘНЕ TIK БҰРЫШТЫ ҮШБҰРЫШТАРҒА ІШТЕЙ ЖӘНЕ СЫРТТАЙ СЫЗЫЛҒАН ШЕҢБЕРЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; Қ. ҮдербаеваАңдатпа. Жалпы геометриялық есептердің жартысы үшбұрыштарға байланысты болып келеді. Ал, сол есептер негізінен үш топқа бөлініп қарастырылады. Біріншісі, жалпы үшбұрыштарға байланысты есептер. Екіншісі, теңбүйірлі үшбұрыштарға байланысты есептер және үшіншісі тікбұрышты үшбұрыштарға байланысты есептер. Мақалада тең бүйірлі және тік бұрышты үшбұрыштардың биссектрисалары мен медианаларының әр түрлі комбинациялары негізінде шығарылатын әр түрлі мағынадағы күрделі есептерді шығару тәсілдері қарастырылған. Мақала. бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.Item Open Access МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР, ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОСЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ(СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Э. АмантаеваАңдатпа. Мақалада үш мәселеге көңіл аударылған: біріншіден, жалпы мәтінді есеп, оның функциясы, математиканы оқыту барысындағы рөлі, мәтінді есептерді шешудің аналитикалық және синтетикалық тәсілдері, мәтінді есептерді бейнелеу сызбалары, мәтінді есептерді шешу кезеңдері. мәтіндік есептер жайлы осы сала ғалымдарының тұжымдамалары... Екіншіден, мәтіндік есеп ішіндегі жалпы білім беретін мектеп мазмұнындағы ең көп кездесетін қозғалысқа байланысты мәтінді есептер, қозғалысқа байланысты мәтіндік есептердің түрлері, шығару тәсілдері және сызбалары... Үшіншіден қозғалысқа байланысты есептердің көп кездесетін түрлеріне байланысты мысалдар, нақтырақ айтсақ, осы бағыттағы күрделі есептер және оларды шешу жолдары... Мақала математиканы оқыту әдістемесімен айналысатын мамандарға, мектеп математика мұғалімдеріне, магистранттарға арналған.