2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access YOUTUBE ПЛАТФОРМАСЫНДАҒЫ СҰХБАТ ЖАНРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ: ТИМУР БАЛЫМБЕТОВ ПЕН ЮРИЙ ДУДЬ АРНАЛАРЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ІЗДЕНІС(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ақық М.; Байымбетов Б.Аңдатпа. Мақалада YouTube платформасындағы сұхбат жанрының орны және оған аудитория тарапынан жоғары сұранысқа назар аударылды. Зерттеу аясында бейнехостингте жоғары қаралым жинап, кәсіби сұхбаттарымен көрермен ықыласын аударған «вДудь» және «Timur Balymbetov» арналарының өнімдеріне салыстырмалы талдау жасалып, сондай-ақ ғалымдар пікірін сүйене отырып, YouTube сұхбатына тән ерекшеліктер анықталды. Сонымен қатар, кәсіби журналистердің YouTube платформасына кету себептері, өнімдерінің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденіс мәселесі де зерттеу жұмысының өзегіне айналды. Сұхбат жанрының мазмұндық тұрғыдан түрленуіне визуалдық элементтердің ықпалына да ғылыми тұрғыдан тұжырым жасалды.Item Open Access СӨЗДІҢ АУЫСПАЛЫ МАҒЫНАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) С.А. СыргабековаАңдатпа. Мемлекеттік білім саясаты мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ұлтымыздың зерделі әлеуетін қалыптастыруды бағытқа алған мектептің негізгі өзегі- мұғалімнің жеке басының ізденімпаздығы мен білімділігі. "Сабақ - толығымен алғанда, оқу-тәрбие процесінің элементі, оның ұйымдастырылған формасы. Екінші жағынан, сабақта іс-әрекеттердің бір түрі болатын оқыту ісі көрініс табады," - дейді П.Лернер пікірі. Ал қазіргі түсінік бойынша, сабақ - тек білім беру процесінің негізгі ұйымдастыру формасы ғана емес, ұжымдағы оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың да негізгі формасы болып табылады. Сабақтың түрі өтетін тақырыпқа, сынып оқушыларының жас ерекшелігіне, қабілет ерекшелігіне, сабақтың мақсатына қарай белгіленеді. Егер сабақ бірсарында өтетін болса, оқушының оқуға деген қөзқарасы өзгереді. Ойлау белсенділігі төмендейді, ынтасы, пәнге деген қызығушылық тежеледі.