Search Results

Now showing 1 - 3 of 3
  • ItemOpen Access
    Мектеп оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту
    (2020 International Young Scholars Workshop, 2020) Зайтжанова А.С.
    Аңдатпа. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл ХХІ ғасырдағы шығармашылық ойлау (креативті ойлау), қарым-қатынас және топта жұмыс жасау дағдылары сияқты өте маңызды дағды. Бұл дағдылар ХХІ ғасырдағы өмір мен қоршаған ортадағы анағұрлым күрделі жағдайларға дайын оқушылардың ажырамас бөлігі болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл математикадан есеп шығара алатын оқушыларды және шынымен түсініп есеп шығара алатын оқушылардан ажыратуға болатын негізгі фактор деуге болады. Осы мақалада оқушылардың жалпы оқу және оның ішінде математиканы оқу барысында оларда сыни көзқарастың төмен болу себептері нақтыланған. Математикада сыни ойлау дағдыларын дамытуға күш салу бүкіл әлемде математикалық білім берудің оқу бағдарламасының негізгі күн тәртібіне айналды. Оқушылардың жалпы оқуға және оның ішінде математика оқу барысында оларда сыни көзқарас қалыптастыру үшін қандай әдістер қолдану керектігіне мысалдар келтірілген. Себебі көптеген зерттеушілер сыни ойлау қабілеттерін дамыту математикалық көрсеткіштерді жақсарта алатындығын дәлелдеген. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту оқу бағдарламаларында қолданысы оқушылардың математика пәнінен үлгерімін жақсартуына үлкен үлесін қосады.
  • ItemOpen Access
    ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) А.Б. Медешова; Ф.Н. Құттығұл
    Аңдатпа. Мақалада оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі туралы сөз болады. Өзіндік жұмыс оқу үдерісінің манызды құрамдас бөлігі ретінде көрсетілген. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда кездесетін мәселелерге, қойылатын талаптарға жан-жақты талдау жасалынған. Физика сабағында оқушыларға өзіндік жұмысты орындату арқылы білім сапасын арттыру жолдары нақтыланған.
  • ItemOpen Access
    СИНТАКСИСТІ МЕҢГЕРТУДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Әбдіқалиева Қ.М.
    Аңдатпа Бұл мақалада қарым-қатынасқа жағдай жасап, әрекеттесе отырып үйрету тәсілі болған интерактив әдістерінің синтаксисте қолданылуы сөз болады. Қазіргі білім беру жүйесінде даралық сипат көзделеді. Ол әрбір білім алушының даралығы, жеке мүмкіндіктері мен өз-өзін дамыту қабілеттілігінің ескерілуіне жағдай жасайды.Синтаксисті оқытуда әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану жастардың сана-сезімі жоғары, ақыл-ой еңбегін өз бетінше атқара алатын, ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, өз ойын заңдылықтарға сүйене отырып, жазбаша жүйелі түрде бере алатын саналы тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болады . Осыны ескере отырып, білім алушылардың синтаксиске деген қызығушылықтарын арттыру мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Грамматиканың қиын да маңызды тарауы болған синтаксисті оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану мұғалімге білімді жүйелі меңгертуіне, білімгерлердің сабаққа деген ынта-жігерін арттыруға, ой-өрісінің кеңейіп, креативтілігінің шыңдалуына әкеледі. Мақалада интерактивті әдістерді ұтымды пайдаланудың маңызы мен жолдары жан-жақты қарастырылып, оның синтаксисті оқытудағы тиімділігі сараланды. Әдіскер ғалымдардың пікірлеріне сүйене келе, жаңашыл оқыту әдістерінің синтаксистік білімді меңгертудегі дидактикалық амалдары талқыланды. Тіл білімінің синтаксис бөлімін білім алушылардың еркін меңгеріп, алған теориялық білімін практикамен ұштастыру дағдыларын ұтымды беру әдістемесі жүйеленді.