25 results
Search Results
Now showing 1 - 10 of 25
Item Open Access ӘР ТҮРЛІ ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ж.Т. Қайыңбаев; Э.Т. АмантаеваАнңдатпа. Математикалық пәндерді оқыту барысында маңызды роль атқаратын мәселелердің бірі есеп және оның ішінде қозғалысқа байланысты есептер. Өмірдегі қозғалыстардың түрі өте көп. Бір түзу бойымен бір бағытта болатын немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, бір нүктеден басталатын немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар, әр бағытта болатын қозғалыстар, шеңбер бойымен бір бағытта немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, осы жағдайлардағы бір нүктеден немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар және т.б. Бір обьектінің немесе екі, үш және одан да көп обьектінің қозғалыстары. Мақалада, осындай қозғалыс түрлерінің математикалық моделдері сарапталады.Item Open Access Identifying women's entrepreneurial factors on empowering female entrepreneurship in Kazakhstan(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Syzdykov Y.; Nurzhanova N.; Balmagambetova T.; Sarbagyssova A. ; Sagindykova R.Abstract. This research contributes to the study and expansion, as well as the strengthening of the economic rights and opportunities of women of Kazakhstan in the field of equality, economic growth and improvement of living standards. The main purpose of the research work is to identify women's entrepreneurial factors in empowering female entrepreneurship in Kazakhstan. The methodology was based on a quantitative descriptive approach and the data were collected using a self-filled questionnaire. The questionnaire was used to collect more extensive information, analyze it and draw certain conclusions. A total of 102 usable responses were collected. The data was analyzed using Exploratory Factor analysis via Minitab software. As a result of the analysis, 7 potential factors were identified that can contribute to the empowerment of women's entrepreneurship.Item Open Access ОҚУШЫЛАРҒА СЫЗЫҚТЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) В.Г. Бостанов; Д. H. ТөлбасыАнңдатпа. Бұл мақалада математиканы электронды оқытудың болашақ дамуы үшін ерекше маңызы бар дамыған технологиялар мен GeoGebra қосымшасы арқылы оқытудың тиімділіктері көрсетілген. GeoGebra - бұл геометрия, алгебра, статистика және математикалық талдау бойынша интерактивті қосымша, математика мен жаратылыстану пәндерін бастауыш сыныптан университет деңгейіне дейін оқытып, үйретуге мүмкіндік беретін арнайы программалық орта. Оны белсенді және проблемалы-бағытталған оқыту үшін сыныпта да, үйде де математикалық тәжірибелер мен жаңашылдықтарға қолдануға болады. Бұл жұмыста біз математикалық есептерді Kypy, шешу және суреттеу, сызбалар мен графиктер сызу үшін жоғарыда аталған бағдарламалық жасақтаманы қолданудың эскизін көрсетеміз. Сонымен бірге екі айнымалы бар сызықтық теңдеулер жүйесін GeoGebra қосымшасында пайдаланып, шешу алгоритмі сипатталады.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА ЖАҒДАЯТТЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Г. БатешоваАңдатпа: Мақалада қазақ тілін оқытудағы функционалды сауаттылық мәселесі және жағдаяттық тапсырмаларды қолданудың тиімділігі баяндалады. Жағдаяттық тапсырмаларды құрастырудың жолдары көрсетіледі. Автор жағдаяттық тапсырмалар арқылы трамматикалық тақырыптарды қалай меңгертуге болатынын мысалдармен түсіндіреді. Сондай-ақ, мақалада «жағдаят» термині шетелдік философ, психолог ғалымдарының анықтамасымен түсіндіріледі.Item Open Access ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ (Ай мен Айша шығармасы бойынша)(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Н.Б.АбдрахыноваАңдатпа. Мақалада Ш.Мұртазаның шығармаларының тілі, жазушылық шеберлігі туралы сөз болады. «Ай мен Айша» романындағы жазушынынң тілдік тұлғасын танытатын, тіл шеберлігін көрсететін тұстарынан үзінді ала отырып, талдау жасалынды. Шығармаларындағы кейіпкерін тілі арқылы кейіптеу тәсілі Ш.Мұртазаның соны жолы. ерекше қасиеті, өзіне тән шеберлігі. Мақалаға «Ай мен Айша» романындағы кейіпкерлер тіліне тоқтала отырып, жазушының ерекше тілдік тұлғасын анықтағандай болдық. Жазушының тілдік тұлға мәселесін тілдік, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді түрде талдап, тілдік тұлға қалыптасуының тілтанымдық негізін анықтама берілді. Шығармадағы Айша бейнесі, өз сөзімен мінездеме берген Барсхан бейнесі қарым-қатынас тілі арқылы ашылады. Коммуникативтік байланыс мүшелері шығарманың негізгі қаһарманы мен реципиент оқырман.Item Open Access ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) А.Т. Давталиева; Б.Д. ЖұмақаеваАңдатпа. Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ балалар әдебиеті туындаларының идеялық даму ерекшеліктері анықталады. Тарихиәлеуметтік және батыс өркениетінің факторлары әсерінен балалар шығармашылығы және ондағы қаһармандар образының қаншалықты өзгеріске ұшырағандығы талданады. Сондай-ақ, өткен ғасырлардағы балалар әдебиеті мен заманауи шығармалардың идея тұрғысынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Тәуелсіздік тұсындағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатар елеулі туындыларына шолу жасалынып, идеялық мазмұны қарастырылады. Оның ішінде тәуелсіздіктн алғашқы жылдары мен сонғы онжылдықтың кейіпкерлерінің ойлауы, дамуы, армандауы мен қиялдарын да бір сарындас деп айтуға болмайды. Осылайша, 30 жылдың ішінде балалар қаһармандары бейнесі де заман ағынымен тез өзгерістерге ұшырап отырғандығы көрініс табады. Қорытындылай келе, сонғы 30-жылдықта қалыптасқан қазақ балалар әдебиетінің жалпы көрінісі адамгерші? эстетикалық құндылықтарды дәріптей отыра. өзінің заманауилығымен, батылдығымен, еркіндігімен, жылдамдығымен сипатталған.Item Open Access КҮРДЕЛІ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Dzh.T. Kayinbaev; В.К. SakhiyevaЖалпы орта білім беретін математика пәндері мазмұнындағы күрделі мәселелердің бірі тригонометриялық теңдеулерді шешу мәселесі. Біздің ойымызша оның екі себебі бар. Біріншісі, тригонометриялық мәселелердің түбі алгебралық мәселелер емес, теометриялық мәселелер. Алайда. тригонометриялық мәселелер геометрияға қарағанда Алгебрада немесе Алгебра және анализ бастамаларында көп қолданылады. Екіншіден, тригонометриялық мәселелермен жұмыс жасағанда қолданылатын формулалар өте көп. Және оның бәрін еске ұстау өте қиын. Төменде, күрделі тригонометриялық есептерді шешудің әр түрлі тәсілдері сарапталады. Сол сияқты, бұл есептерді жалпы орта білім беретін мектеп математика пәндері мұғалімдері математика пәніне қызығушылық танытқан білім алушыларға ұсынса дұрыс болар еді деп ойлаймыз.Item Open Access ОҚУШЫЛАРДЫ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС КВАДРАТТЫҚ ФУНКЦИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА БАУЛУДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Т. Уалишева; M. Атейбекова; Н. БалтаАңдатпа. Бұл мақалада математиканы оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттырудың және стандартты емес есептерді шешуге оқушыларды баулудың әдістерін қарастырылады. Соның ішінде технология құралдарын қолдана отырып оқытудың оқушылардың үлгеріміне және оның көмегімен стандартты емес есептерді шешудің оқушыларға әсерін қарастыру өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта оқушылардың математика сабақтарына қызығушылығының болмауы педагогикалық зерттеушілердің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ мақала жазу барысында бірнеше еңбектердің нәтижелерін салыстыра келе стандартты емес есептерді шешуге баулу оқыту барысында көп жағдайда “назардан тыс” қалып қоятыны белгілі болды. Біз оның шешімі ретінде ұсынылып отырған осы екі бағытты қарастырып көрдік. Соңғы жылдардағы әр түрлі әдебиеттерді, әр түрлі елдердің зерттеу жұмыстарын саралап, оқытудағы технологиялық құралдардың әсерін зерттегеннен кейін, бұл әдіс оқушылардың үлгеріміне оң әсер ететіні анықталды.Item Open Access “ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ДИСКУРС” ҰҒЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) М.М.МейірханқызыАңдатпа. Педагогикалық дискурс - бұл мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінін нақты жүйесі, онда жеке тұлға мен қоғамның толыққанды мүшесі қалыптасады. Мұғалім белгілі бір "бағыттаушы" рөлін атқарады, ол дұрыс көзқарастар мен мінез-құлықты насихаттап, білім алушыларды бағыттап, түзете алады, әлем құрылымының нормалары мен ережелерін түсіндіруге қабілетті. Ал осы үдерістің барлығы тілде қалай жүзеге асатынын осы педагогикалық дискурс аясында көре аламыз. Педагогикалық дискурс арқылы болашақ мұғалімдердің педагогикалық қарым-қатынасты оңтайлы ұйымдастыруы үшін мұғалімге қажет негізгі дискурсивті дағдыларды қалыптасады. Сабақтын мақсаттары мен Міндеттеріне сәйкес педагогикалық дискурстың түрлерін стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру қабілетіне тікелей байланысты екенін назарға ала отырып, ЖОО-дағы студенттердің білім беру бағдарламаларына педагогикалық дискурс пәнін енгізу қолға алынды.Item Open Access ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ OҚУ ТАНЫМЫН АРТТЫРАТЫН МӘТІНДЕРДІ ҚОЛДАНУ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ж.МамырбаеваАңдатпа. Мақалада қазақ тілі пәнін оқытудың бір мәселесі ретінде сабақта мәтіндерді қолдану әдістемесі қарастырылады. Оқушылардың оқу танымын арттыратын мәтіндер туралы талданады. Ғалымдар енбектеріне шолу жасалып, оқутанымға берілген анықтамалар нақтыланып, ол туралы терең талдау жасалды. Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу танымын арттыратын мәтіндер мәселесі де қарастырылды және мәтіндерді іріктеу, жүйелеу, оларға қойылатын талаптар ескеріліп, талдау үлгілері көрсетілді. Жалпы сабақта оқутанымдық мәтіндердің қолдану жолдары ұсынылды.
- «
- 1 (current)
- 2
- 3
- »