Search Results

Now showing 1 - 2 of 2
  • ItemOpen Access
    МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «СҮЮ» КОНЦЕПЦИЯСЫ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ә.С. Сатанова; М.С. Оразбек
    Аңдатпа. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қазақ әдебиеті тақырыптық, жанрлық, көркемдік жағынан жаңа ізденістерге барып, сапалық тұрғыдан біршама ілгері дамыды. Әлем әдебиеттерінде өз-өзіне қарсы, іштей қайшылыққа толы психологиялық жақтан өзгеше образдар әлемін бейнелеу 19-ғасырдан бастап орын ала бастағаны мәлім. Әсіресе, 20-ғасырдың басында Европа әдебиеттерінде модернистік әдебиетте көп кездесе бастады. Себебі, қоғамдық дағдарыс адамның рухани дағдарысына әкелді. Дегенмен, махаббаттың шесіз екендігі қаламгерлер шығармаларында кең көрініс болды. Студент Сатанова Әсел ғылыми мақаласының нысанасы ретінде жазушы –Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы «Сүю» концепциясы зерттеледі. Мағжан шығармалары лиризмге толы. Сүйіспеншілік тек анаға, Отанға, бауырға жарға өлшеусіз болатыны сияқты, алыстағы бауырға да ортақ екенін кең көрсетеді. Мағжан шығармаларындағы бұл концепцияны айқындау мақсатында зерттелген бұл мақала өзектілігі мен тың тақырып ретінде әлі де зерттеуді қажет етуге тиісті дүние болып есептеледі.
  • ItemOpen Access
    АЛАШ, ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ә. Өзбекбай; Ж.О. Мәмбетов
    Аңдатпа. Біз бұл мақаламызда Алаш зиялыларының ұлттық идеясына, оның маңызына тоқталдық. Оның зерттелуі, бүгінгі таңдағы маңызын атап көрсеттік. Бұл жұмысты жазу барысында Алаш зиялыларының еңбектері мен мақалаларын, басқа да авторлардың осы тақырыпқа қатысты зерттеулері мен еңбектерін қолдандық. Оқу-ағарту жолындағы және ұлтты оятудағы азаматтарымыздың өмірі айтылған бірқатар деректерді пайдаландық.