Search Results

Now showing 1 - 10 of 248
  • ItemOpen Access
    РОЛЬ ГЕЙМИФИКАЦИИ В ОБРАЗОВАНИИ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.K. Нургалиев; Л.М. Алимжанова
    Аннотация. Быстрое развитие технологий и растущий объем обмена информацией открывает новые возможности для улучшения образовательных процессов с помощью различных методов. Геймификация становится одной из тех эффективных практик и стимулов, которые повышают мотивацию и вовлеченность учащихся в образовательную среду. Учитывая важность образования для современных ученых и культурных кругов, в этом эссе исследуется, как геймификация используется в процессе обучения, и дается более точное представление о результатах, зафиксированных в статьях, и о том, как они были достигнуты.
  • ItemOpen Access
    ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНФОГРАФИКА ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
    (Faculty of Education & Humanities, 2024) Абдрахманов М.
    Мақалада қазақ тілі сабағында оқу материалдарын инфографиканың көмегімен визуалдаудың тиімді тұстары, жолдары қарастырылады. Инфографика – оқушыларға күрделі ұғымдарды түсінуге оңай, көрнекі түрде көрсетуді қамтамасыз ететін құрал. Білім алушыларға ақпаратты жақсырақ түсінуге, есте сақтауға, олардың проблемаларды шешу дағдыларын жақсартуға және шығармашылық қабілеттерін арттыруға визуализацияның көмектесетіні белгілі. Мақалада инфографиканың оқушылардың белсенділігіне, білімді меңгеруіне және есте сақтауына әсері қарастырылады.
  • ItemOpen Access
    МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЭТНОМЕДИЦИНАЛЫҚ ЛЕКСИКА: ҚЫЗМЕТІ МЕН АУДАРМАДА БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ
    (Suleyman Demirel University, 2020) Боранкулова Б.Е.
    Мақаланың мақсаты - романдағы халықтың медицина лексикасының қызметін анықтап, оның ағылшын және орыс тілдеріндегі аудармасының берілу тәсілдеріне салыстырмалы талдау жасау. Тіл білімі маманы Қ. Ғабитханұлы американдық ғалым, лекикограф Уилфред Джон Фанктың «Word Origins and Their Romantic Stories» атты еңбегіне сүйене келіп, оның тіл мен мәдениет байланысы туралы айтқан мына бір үзіндісін келтіреді: «Тілдегі лексика құдды айна тәрізді, ол арқылы бір ұлттың өткен өмірімен танысуға болады». Сол сияқты халық медицина лексикасы ұлттың тарихымен, оның материалдық мәдениетінің дамуымен тікелей байланысты. Жұмыс барысында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы халықтық медицинаға қатысты лексика жинақталып, анықталған медицинаға қатысты сөздер мен сөз тіркестеріне тарихи-этимологиялық және лексико-семантикалық талдау жасалды. Сонымен қатар, романдағы этномедициналық лексиканың қызметі қарастылырып, олардың ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма нұсқаларын аудармашылық паралельдік салыстыру арқылы қолданылған аударылу тәсілдері мен аударма сәйкестіктері зерделенді. Зерттеу нәтижесінде автор романында медициналық лексика халықтың діни нанымдары мен әдеп-ғұрыптары байланысты емдеу түрлеріне (жел үшық, үшкіру, дем алу, қасида оқу), адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күйі-қалпын дәл беру үшін метафораланған медициналық лексиканың қолданғаны анықталды. Романдағы халықтық медициналық лексиканы ағылшын және орыс тіліне аудару кезінде транслитерация, сипаттамалы аударма арқылы берілген.
  • ItemOpen Access
    XX ҒАСЫР ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ЖАСӨСПІРІМДЕР БЕЙНЕСІ
    (2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Жұмақаева Б; Давталиева Аружан Танербергенқызы
    Аңдатпа Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің шығармаларындағы жасөспірімдер образының қалыптасу, даму және өзгеру ерекшеліктері анықталады. Тарихи, әлеуметтік, психологиялық факторлардың ықпалынан жасөспірімдер бейнесінің автор шығармаларында қалай көрініс тапқандығы сараланады. Аталған кезеңнің айшықты туындыларына тоқталып, кейбір образдарға талдау жасалынады. ХХ ғасыр тұсында қазақ әдебиеті жанрлық прогресстерімен ерекшеленеді. Жаңа ғасырдың басталуымен балалар әдебиеті жаңа серпін алып, проза, поэзия, драматургия жанрларында қарыштап дами бастады. ХХ ғасыр қазақ әдебиетінде балалар мен жасөспірімдер образын өз шығармасына арқау ету арқылы, автордың тарихи-әлеуметтік проблемаларды оқырманына жанама жеткізуі де осы заман әдебиетінің ерекшелігіне айналды. Жазушыларымыз бен ақындарымыз жасаған жасөспірімдер образдарының ықпалы, жас ұрпаққа тәрбиелік күші бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді.
  • ItemOpen Access
    PROJECT-BASED LEARNING AS AN APPROACH TO DEVELOP CRITICAL THINKING SKILLS: A LITERATURE REVIEW
    (2020 International Young Scholars, 2020) Junisbayeva S.
    Abstract Project-Based Learning is a learner-centered approach, which is known as one of the ways that facilitates the development of professional competencies and promotes learners’ critical thinking skills. This paper provides a selective review of the literature and the analysis of the studies on Project-Based Learning (PBL) in the field of foreign language education and critical thinking skills including the main concepts, key components and a learning process within PBL. PBL has a strong theoretical support from the foreign literature, and most of the researchers understood and implemented it as an approach to foster critical thinking skills in the reviewed studies; however, not all of them complied with its essential elements proposed as “Gold Standard of PBL”. Particularly, the analysis of the selected studies in PBL sphere revealed that most of the researchers did not take into consideration the requirements of the last and main stage of the PBL as “Public product”, that demands the projects to be presented in front of the alternative audience. Even though, the final products were designed within these projects, they were not performed out of the classroom, which in its turn is opposite to the policy of rigorous “ProjectBased Learning”.
  • ItemOpen Access
    ӘР ТҮРЛІ ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ж.Т. Қайыңбаев; Э.Т. Амантаева
    Анңдатпа. Математикалық пәндерді оқыту барысында маңызды роль атқаратын мәселелердің бірі есеп және оның ішінде қозғалысқа байланысты есептер. Өмірдегі қозғалыстардың түрі өте көп. Бір түзу бойымен бір бағытта болатын немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, бір нүктеден басталатын немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар, әр бағытта болатын қозғалыстар, шеңбер бойымен бір бағытта немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, осы жағдайлардағы бір нүктеден немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар және т.б. Бір обьектінің немесе екі, үш және одан да көп обьектінің қозғалыстары. Мақалада, осындай қозғалыс түрлерінің математикалық моделдері сарапталады.
  • ItemOpen Access
    ТАЛАНТТАРДЫ БАСҚАРУ - ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Кенжегаранова М.К. ; Абдисаги А.Б.
    Аңдатпа. Мақалада таланттарды басқару процесіндегі технологияларды дұрыс қолдана білу, жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттырудағы оның әсері талданып, таланттарды басқару бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігіне теріс әсер ететін факторлар анықталды. Таланттарды басқарудың бағдарламалық тәсілін жүзеге асыруға арналған ұсыныстар беріліп және таланттарды басқару бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру қажеттілігі талқыланып, таланттарды басқару бойынша жұмыс жүйесін кәсіпорынның қазіргі сипаттамаларына сәйкес қайта құруға мүмкіндік беретін тұжырымдама жасалды.
  • ItemOpen Access
    ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ КЕЗІНДЕГІ БАСПАСӨЗДЕРДЕГІ НАРРАТИВТЕР
    (2024) Амирова У.Р.
    Зерттеу Қаңтар оқиғаларын көрсету үшін Azattyq тәуелсіз редакциясында және Tengrinews.kz жеке редакциясында қолданылған әңгімелерді және таңдалған нақты сөздерді (нарративтер) таңдау себебін зерттейді. Қаңтар оқиғасы (Қанды қантар) – сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты бейбіт шеруден басталып, соңында жаппай тәртіпсіздіктерге айналған оқиғаны сипаттау үшін қолданалытын тіркес. Бейбіт наразылық Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласынан басталып, басқа өңірлерге тарап, арты жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Негізінен, зерттелген жаңалықтардың мазмұны фрейм теориясына сәйкес келетінін айта кеткен жөн, яғни мұнда нақты сөздер алдын ала кұрастырылған сенімдердің негізгі анықтаушылары ретінде пайдаланылады және жаңа ақпаратты үйлестіру немесе тұжырымдау үшін қолданылады. Осыған сәйкес, үкіметтен мемлекеттік тапсырыс алатын ақпарат құралының Қаңтар оқиғасына байланысты редакциялық мақалалары ықпал етушілердің немесе үкіметтің амбицияларын қанағаттандыруға бейімделген, ал тапсырыстардан тәуелсіз редакция өз нарративтерін алға тартады. Мәселе мынада: нақты оқиғаны көрсету үшін журналистер таңдаған сөздерді оқырман санасында қажетті болжамды орнату және нығайту үшін пайдалана алады. Жоғарыда айтылғандай, бұл бейтарап зерттеу барысында Tengrinews.kz және Azattyq деп аталатын редакциялық мақалаларды зерттеу нысанына жатқыздық. Осылайша, Қаңтардағы оқиғаларды жариялымдарды мемлекет басшысы Тоқаевтың жолдауымен салыстырдық және осы кісі көп қолданған кілтті сөздерді мемлекет нарративтеріне сәйкес деп алдық. Бұл бізге күнтізбе құрылысы журналистердің бар фреймдары мен көзқарастарына ғана байланысты емес, сонымен қатар келісім-шарттарға, үшінші тұлғаларға берілетін сыйақыларға, ақылы контентті жариялауға және мемлекеттік ынталандыруларға әсер етуі мүмкін екенін көрсетуге көмектесті.
  • ItemOpen Access
    Identifying women's entrepreneurial factors on empowering female entrepreneurship in Kazakhstan
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Syzdykov Y.; Nurzhanova N.; Balmagambetova T.; Sarbagyssova A. ; Sagindykova R.
    Abstract. This research contributes to the study and expansion, as well as the strengthening of the economic rights and opportunities of women of Kazakhstan in the field of equality, economic growth and improvement of living standards. The main purpose of the research work is to identify women's entrepreneurial factors in empowering female entrepreneurship in Kazakhstan. The methodology was based on a quantitative descriptive approach and the data were collected using a self-filled questionnaire. The questionnaire was used to collect more extensive information, analyze it and draw certain conclusions. A total of 102 usable responses were collected. The data was analyzed using Exploratory Factor analysis via Minitab software. As a result of the analysis, 7 potential factors were identified that can contribute to the empowerment of women's entrepreneurship.
  • ItemOpen Access
    БАТЫРЛАР ЖЫРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ҚАҺАРМАННЫҢ ПОРТРЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАЛА ҰҒЫМЫНА САЙ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ ЖОЛДАРЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ж. Мамбетов; Р. Адай
    Аңдатпа. Ерліктің, Отан сүйгіштіктің, белгілі бір мақсат жолында жан аямай күресетіндіктің, намыстылықтың неше алуан үлгісін танытатын қаһармандар эпос туындыларында көптеп кездеседі. Әсіресе қаһармандық жырларды ел жүрегіне жақын ететін олардың отаншылдық идеясы. Адам қоғамы дамуының барлық кезеңінде де рудың, тайпаның, мемлекеттік бірлестіктердің тыныштығын, бүтіндігін қорғау, жауды жеңіп, бақытты өмір орнату мәселесі ең күрделі мәселе болып келген. Дәл осы арман батырлық жырлардың айрықша сипаты болып табылады. Қазақ эпосының күрделі бөлігін құрайтын батырлар жырында осы белгілер толығымен бар. Әрине әрбір жырдың құрылысына, идеялық бағытына лайық ерлік идеясы түрлі дәрежеде көрініс береді. Батырлық жырлардағы ерліктік сипаты өзгеше. «Жеңілмейтін қаһармандарды» суреттеуі және оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының шексіздігін көрсетеді және эпикалық жырлардың ерекшелігін танытады.