2 results
Search Results
Now showing 1 - 2 of 2
Item Open Access Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі(2022) Әбдіқалиева Қ.М.Диссертация жұмысының тақырыбы: Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқыту әдістемесі Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау (тараушадан), қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 104 бет, 6 кесте, 5 сурет, 13 сызба бар, зерттеу барысында 83 әдебиет қаралды. Кілт сөздер:синтаксис, интеграция, басқа ғылым салалары, дидактика, әдіс-тәсілдер, функционалды сауаттылық, заман талабы. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде синтаксис саласындағы өзекті мәселелерге шолу жасалынды. Күрделенген жай сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемдердегі айырмашылықтар мен ұқсастықтар турасындағы ғалымдардың зерттеулері мен еңбектері қарастырылды. Синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудың маңызы айқындалды. Отандық, шетелдік ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, синтаксисті басқа ғылым салаларымен интеграциялай оқытудағы интеграциялық ұстанымдар іріктелінді. Әр ұстанымға мысалдар мен тапсырмалар берілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде синтаксисті экономика, экология, нутрицология) құқық, философия, зоология, технология, әлеуметтану секілді ғылым салаларымен интеграциялай оқыту үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес әдіс-тәсілдер іріктеліп, тапсырмалар жүйеленді. Синтаксисті интеграциялай оқыту үшін ең тиімді деген жаттығу, қатысымдық әдіс, интерактивтік, салыстыру , проблемалық әдіс, жобалау әдістері қарастырылды. Жасалған әр тапсырманың мақсаты мен күтілетін нәтижелері көрсетілді. Зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып түрлі бақылау жұмыстары бойынша эксперимент жүргізілді. Эксперимент нәтижесі бойынша тиімді тест түрлері, тапсырмалар мен жаттығулар анықталды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде синтаксисті оқытуда жалаң білім беріп қана қоймай, заман талабына сай функционалды сауатты, жан-жақты, дүниетаным көкжиегі кең тұлғаларды дамыту жолында мұғалімнің оқушыны басқа ғылым салаларынанан хабардар ететін әрі пәнге деген қызығушылығын арттыра түсетін әдістер бойынша жасалған тапсырмаларды орындату маңыздылығы айқындалды. Сараланған әдістер негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың грамматикалық білімі мен әртүрлі дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алатындығы көрсетілді.Item Open Access СИНТАКСИСТІ МЕҢГЕРТУДЕГІ ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕР(2021 International Young Scholars' Conference, 2021) Әбдіқалиева Қ.М.Аңдатпа Бұл мақалада қарым-қатынасқа жағдай жасап, әрекеттесе отырып үйрету тәсілі болған интерактив әдістерінің синтаксисте қолданылуы сөз болады. Қазіргі білім беру жүйесінде даралық сипат көзделеді. Ол әрбір білім алушының даралығы, жеке мүмкіндіктері мен өз-өзін дамыту қабілеттілігінің ескерілуіне жағдай жасайды.Синтаксисті оқытуда әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану жастардың сана-сезімі жоғары, ақыл-ой еңбегін өз бетінше атқара алатын, ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, өз ойын заңдылықтарға сүйене отырып, жазбаша жүйелі түрде бере алатын саналы тұлға ретінде қалыптасуына себепкер болады . Осыны ескере отырып, білім алушылардың синтаксиске деген қызығушылықтарын арттыру мұғалімдер қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Грамматиканың қиын да маңызды тарауы болған синтаксисті оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану мұғалімге білімді жүйелі меңгертуіне, білімгерлердің сабаққа деген ынта-жігерін арттыруға, ой-өрісінің кеңейіп, креативтілігінің шыңдалуына әкеледі. Мақалада интерактивті әдістерді ұтымды пайдаланудың маңызы мен жолдары жан-жақты қарастырылып, оның синтаксисті оқытудағы тиімділігі сараланды. Әдіскер ғалымдардың пікірлеріне сүйене келе, жаңашыл оқыту әдістерінің синтаксистік білімді меңгертудегі дидактикалық амалдары талқыланды. Тіл білімінің синтаксис бөлімін білім алушылардың еркін меңгеріп, алған теориялық білімін практикамен ұштастыру дағдыларын ұтымды беру әдістемесі жүйеленді.