3 results
Search Results
Now showing 1 - 3 of 3
Item Open Access СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МӘСЕЛЕСІ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Ш.Л. ЕрхожинаАңдатпа. Мақалада студенттердің оқу-танымдық мәселесі және оны қалыптастыру құзыреттілігі сөз болады. «Таным», «оқу-танымдық ісәрекет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мәнін ашудан бастап, олардың бір-бірімен өзара байланысы анықталды. Білімгердің танымдық белсенділігін айқындайтын белгілер, дамыту тиімділігін көрсететін жетекші факторлар,оқу-танымдық құзыреттілік талаптарықарастырылды. Ғалымдардың тұжырымдарын саралай келе, студенттердің оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру нәтижесіндегі қамтылатын білім, білік, дағдылар нақты айқындалды. Авторлардың пікірінше, оқу-танымдық құзыреттілік қалыптастыру негізінде студент белгілі білім негізін игеру барысында ғылыми зерттеудің әдіс-тәсілдерін; саланың ғылыми әдістерінің шегарасын; зерттеудің ғылыми білімінің жүйесін; іргелі және қолданбалы зерттеудің негізгі бағыттары мен перспективаларын білуі қажет. Білімалушы өзіндік талдаулар жасай алатын, қорытынды жасай білетін, ойлау дербестігі, логикалық, жүйелі ойлауын дамытқан құзыретті тұлға ретінде қалыптасады.Item Open Access ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР(СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Ш.Л. Ерхожина; Б.Д. ЖұмақаеваАңдатпа. Мақалада оқытудағы ойындардың қызметі мен маңыздылығы сөз болады. Балаларға ойынның әсері, оның дамытуға тигізетін пайдасы қарастырыла отырып, ғалымдардың ойын туралы зерттеулеріне шолу жасалды.Ойын арқылы оқытудың түпкі мақсаты – білімді жеңілдете отырып сапалы меңгерту болса, міндеттері - сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық, білімдік, тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейтуекені айтылды.Item Open Access ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Ш.Л. ЕрхожинаМақалада жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісі кезіндегі студенттердің іс-әрекетін ұйымдастыру туралы қарастырылды. Студенттің іс-әрекетін анықтайтын ұғымдарға түсінік берумен қатар, оны жүзе асырудың жолдары көрсетілді. Педагогикалық кейбір еңбектерге сілтеме жасалып, ғалымдар тұжырымдары талданды. Сабақ процесі кезіндегі студент пен оқытушының бірлескен іс-әрекеттері мен студенттің жеке іс-әрекеттеріне анализ жасалып, оқытушының қолданатын әдістері арқылы іс-әрекетті белсенді ету мәселелері қарастырылды. Өздік жұмыс, топтық жұмыс шарттарына шолу жасалып, кейбір әдістің түрлері жүйеленіп, жұмыстар нәтижесінде көрініс табатын студенттің іс-әрекеті тәсілдері айқындалды.